Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру


Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

 

Мұғалiмнің ақпараттық — коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық — коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар    дегенiмiз — бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл  процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер — бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге  деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi — aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуншсациялық құзырлылығын «оку, тұрмыыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi» деп анықтайды.

Авторлар мақалада ақпараттық  коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.

Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин  »компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы» деп aнықтама бередi.

Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.

Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

  • · Ақпараттарды  өңдеудiң компьютерлiк    технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып — үйрену;

• Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып — үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

  • ·Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды  жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз — адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет — адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi — ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  практикалық қолдану  бойынша жетiлу деңгейi».

Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа  созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда — ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

Жалпы, педагог – кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет сияқты.

Бiрiншiсi — педагогикалық бiлiм беретiн орта кәсiптiк және жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру .

Бұл факторлар жүйесiнде негiзгi үш факторды жеке атап көpcетy маңызды.

Бірінші – педагогтардың  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндiктерiн, ақпараттық мәдениетiн дамытуда бағытталған бiлiктiлiк көтеру курстары. Мұндай курстардың арнайы бағдарламасы жасалып, сол бағдарлама бойынша бiлiм беру ұйымдарының өзiнде жұмыс бағдарламалары жасалып, облыстық, республнкалық Мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институттарында жедел түрде тақырыптық курстар ұйымдастырылуы қажет. Ол курстарды ұймдастырушылар мен онда дәрiс оқитын педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру — ол өз aлдына бөлек әңгіме.

Екiншiсi - бiлiм беру ұйымдарындағы педагог — кадрлapға әкiмшiлiк тарапынан қойылатын талантар. Талан қaтaң, дұрыс қойылған жағдайда педагогтардың компьютерлiк — библиографиялық сауаттылығы мәселесi, ұйымдағы педагогикалық қауымдастық, педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестi модернизациялауға деген ұмтылыc, aқпараттық — коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жою, қызығушылық мәселелерi де өзiнiң оң шешiмiн табары сөзсiз. Тағы бiр айта кeтeтін мәселе –педагог-кадрларды мерзiмдi аттестациялауда оларға қойылатын талаптар жүйесiне aқпараттық мәдениет деңгейiн есепке алуға негiзделген талаптарды белгiлеп, енгiзу қажет.

Үшінші – білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы. Республикадағы білім беру ұйымдарында компьютерлік база бірітіндеп қалыптасып келеді. Бірақ осы уақытқа дейінгі шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткеніндей, білім беру ұйымдарын компьютерлермен толық қамтамасыз ету ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және дамыту мәселесін толық шеше алмайды. Сондықтан дәл қазіргі таңда ең маңыздысы-алдыңғы екі фактор.

Сонымен, aқпараттық — коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде қолдануға байланысты педагог – кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру қазiргi кезеңде бiлiм берудi aқпараттандырудың маңызды міндеттерiнiң бiрiне айнальш отыр. Бұл маңызды мiндеттi шешпейiнше, бiлiм беру ұйымдарының техникалық базасын нығайтy, компьютерлердi желiлерге қосу, электронды оқу құpалдарын дайындау ешқандай нәтиже бермейдi. Бұл -өте  күрделi, ауқымды мәселе, сондықтан оның нормативтiк, ұйымдастырушылық, гылыми — әдiстемелiк және оқу — әдiстемелiк жақтарына тоқталып өтпеске болмайды.

Педагогикалық бiлiм берудiң нормативmiк базасы (бiлiм берудiң мемлекеттік стандаpттары мен оқу пәндерінің типтiк бағдарламалары) бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы басым бағыттарын белгiлi бiр дәрежеде бейнелей алуы тиiс.

Стандарттағы бiтiрушiлерге қойылатын бiрыңғай талаптар жүйесiн болашақ педагог-мамандардың aқараттық — коммуникациялық құзырлылығына қойылатын талаптармен толықтыру қажет.

 

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырғанда:

- орта және жoғары кәсiптiк оқу орындарында педагогикалық бiлiм алып жатқан стyденттердің ақпараттық — коммуникациялық технологиялар жайлы жалпы бiлiммен қатар, педагогикалық қызметiне байланысты кәсiби бiлiм мен дағдыларды игеруiне;

- бiлiм беру ұйымдарындағы педагог — қызметкерлердің қазiргi заманғы бiлiм берудiң қажеттiлiктерiне сай aқпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты бiлiктiлiктерiн көтерулерiне мүмкiндiк берiлiп, барлық жағдай жасалуы керек.

Мәселенің ғылыми-әдістемелік жағы педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылғының қажеттi деңгейiн анықгаумен және сол деңгейге жетyдi қамтамасыз eтeтiн негiзгi (студенттер үшiн) және қосымша (мұғалiмдер үшiн) бiлiм беру бағдарламаларын жасаумен байланысты.

Мұнан басқа, бiлiктiлiктi көтеруге, мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтepyiне, оларды кәсiби қайта даярлауға арналған бағдарламаларды жасауға негiз болатын оқу-әдістемелік  базаны құру мен дамытудың да маңызы зор.

Зерттеулерде мұғалiмдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңi атап көрсетілген: 1) Компьютермен, түрлi коммуникациялық жүйелермен алғашқы танысу;

2) Ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың  жеке түрлерiн терең, зерттеу, жұмыc iстей бiлу дaғдыларын қалыптастыру;

3) Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды мұғалiм қызметiнде, жеке пәндердi оқытуда қолдана бiлyдi меңгеру.

Әрине, отандық бiлiм беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.

Компьютердің жүйелік блогында iшкi, сыртқы құрылымдарымен  байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі порттары бар. Олар тiзбектi жене параллель қосылатын болып екіге белiнедi. Осы порттар apқылы әр түрлi құрылғылар aрасында ақпараттарды тасымалдауға (жiберуге жене қабылдауға) болады. Егер eкi немесе бiрнеше компьютердi порттары apқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердiң арасында алмасу жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлiк ж 



Скачать