МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫҚазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерi тұжырымдамасында: «Жалпы бiлiм беретiн мектептiң мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игiлiктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбiр шәкiрттi тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкiншiлiк жасау» – деп көрсеткен. Қазақстандық бiлiм берудiң ұлттық моделi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, көп деңгейлi әрi үздiксiз бiлiм беру сипаттарымен ерекшеленбек. Қазақ халқының мәдениетi мен өнерi, қазақ жерiнде тұратын өзге халықтар өнерi мен мәдениетiнiң бiрлiгi ұлттық өзiндiк сананың дұрыс қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар, ол өзiне ең жақсысын, әлемдiк көркем мәдениеттiң озығын, өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесiндегi әлемдiк тәжiрибесiндегi оң жетiстiктерiн өзiне алуы тиiс. Білім және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (БМБҰҰ) шешiмi бойынша «Бiлiм беру, ең алдымен сананы дамытудың факторы болуы қажет деп көрсетiлген. Адам өмiрiне қажеттi мақсатты құрастыратын моральдық, рухани, эстетикалық байлықтар ең алдымен ескерілуі тиiс. Осы байлықтардың iшiнде адамның абыройы, жақынына сүйiспеншiлiгi, табиғатпен үйлесiмдiлiгi әрбiр жаңа дәуiрде дамып, жаңаруы және iске асырылуы қажет»,– деп көрсетiлген. Сондықтан көзделген мақсатты iске асыруда гуманитарлық бiлiм маңызды роль атқарады. Мектептегi бiлiм беру үрдiсiн гуманизациялауға байланысты ғалым М.Ж. Жадрина былай деп жазады: «Қазiргi заманның басты мәселесi адамдық тұлғаны сақтап қалу болып табылады. Қоғамдағы өнегелiлiк тәрбиенiң былыққа батуы, тұлғаның мәдениеттен, бiлiмнен жат болып кетуi ақыл-парасаттың және жалпыадамзаттық қызығушылығынан пайда табу жолының биiк тұруы, адам үстiнен және оның рухани құндылықтарынан техниканың үстемдiк етуi, бiлiм беру аймағының адамға оның тұлға ретiнде туылуына әсер етуiн төмендеттi. Бұл тығырықтан шығудың жолы, бiлiм берудiң ғылыми, технократтық моделiнен, мәдени модельге бағытталып, бiлiм беру үрдiсiн гуманизациялауға яғни iзгiлендiруге ерекше көңiл бөлу қажет». Ұлттық мәдениетiмiздi танып бiлуге, оны бағалауға Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев пiкiрлерi тұжырымдамалық негiз болып табылады. Ал М.О. Әуезов, Е.Б. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С.А. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б.Р. Қазыханова, Б. Байжiгiтов, Н. Сәрсенбаев және т.б. зерттеушi ғалымдар еңбектерiнде бұл мәселелер одан әрi дамытылды. Ерте кезде қол өнер кәсiпшiлiгiнде шеберлiк өнерi шеберден оқушыға, көбiнесе күнделiктi тiршiлiктегi iс-әрекеттер арқылы әкеден балаға тiкелей ауысып отырған. Ендiгi жерде керiсiнше – адамға жаңа өндiрiс сипатына тез бағытталып, жаңа бiлiктiлiктер мен дағдыларды жылдам үйренiп, әрдайым жаңа технологияны меңгерiп, жаңа ақпараттық заман көшiне iлесу қажет. Сондықтан адамның «көзi, миы, қолы» бiргелiкте, мiндеттi түрде қозғалыста және үйлесiмдi түрде дамуы қажет. Оқушының қандай кәсiптi меңгеруi алдын-ала мәлiм емес, бiрақ оны ерте кезден яғни мектепке дейiнгi жастан бастап шығармашылық әрекеттерге дайындау қажет, өйтпеген жағдайда көру мен саусақтар қимылының даму қабiлетi төмендейдi, ол қанша жерден зерделi де ынталы болғанымен бәрi бiр кез-келген iсте өз мүмкiндiгiн толық игере алмайды. Ежелден бастап-ақ, адамдар жасалған бұйымдарды өздерiнiң күнделiктi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ғана емес, сұлулық заңына сай шығармашылықпен айналысуды мақсат етiп қойған. Сәндiк қолданбалы өнердiң тағы бiр саласы адамның өзiн тiкелей безендiрумен, яғни киiм-кешек үлгiлерiн көркемдiкпен орындау және зергерлiк бұйымдар жасаумен байланысты. Сәндiк бейненi бiлдiрудiң мәнi бiр ғана нәрсенi көрсету емес, халық өнерiндегiдей – батырлар, аруларға тән және жалпы түр-тұқым белгiлерiн, туыстық, рулық таңбалардың мағынасын ажыратып, ашады. Көркемдiк талғамның жетiлуiне, әсемдiктi түсiнiп, қабылдауға және оны өз қолымен жасай бiлуге үреткен тәлiмдiк тағылымдар адамзат тарихының барлық кезеңiнде маңызды мәнге ие болып келген. Кешегi кеңес заманындағы бейнелеу өнерiнiң даму бағыты мен мазмұны, сыртқы формасы, жеткен деңгейi коммунистiк идеология тұрғысынан анықталып келдi. Адамды идеологияның құлы еткен социалистiк қоғамда саясат үшiн жасалынған әртүрлi үлкен көлемдегi көрiктемелер (картиналар) мен мүсiндер мұражайлардан көрме залдарынан ғана орын алып, халықтың тұрмыстағы қолдануынан шығып кеттi. Бұл адамдардың бейнелеу өнерiн түсiну қабiлетiнiң өсуiн тоқтатып, көркемдiк талғамы мен эстетикалық ләззат алу мүмкiндiгiн төмендеттi. Ендiгi жерде Елiмiздiң тәуелсiз жағдайында мәдениеттану саласы жаңа бағыт алуда. Республика көлемiнде мәдениет, этномәдениет және ұлттық мәдениет тұрғысында зерттелiп отырған проблема әлi де болса педагогика ғылымында қажеттi деңгейде көрiнiс тапқан жоқ. Бұл мәселе төңiрегiнде ғалым зерттеушілердің А. Сейдiмбек, С.Қ. Қалиев, Қ. Жарықбаев, М.Х. Балтабаев, С.А. Ұзақбаева, С. Қазыбаевалардың ғылыми еңбектерiнде айтылған. Көшпелілер мәдениетiнiң ерекшелiктерi жайында А.Х. Марғұлан былай деп жазады: «Мәдени дамудың хронологиялық бiрiздiлiгi ғимараттық құрылыс типтерi мен мәдениетiндегi бiр-бiрiнен айырмашылығы бар әртүрлi уақыттағы ескерткiштерде дәлелдендi. Мәдени дамудың бiрiздiлiгi андронов мәдениетiнiң ескерткiштерiнде, мысалы, Орталық және Солтүстiк-Шығыс Қазақстанның барлық территорияларында кездесетiн ертедегi және кейiнгi андрондарда өте айқын көрiнедi». Сондай-ақ А.Х. Марғұланның «Қазақтың сәндiк қолданбалы өнерi» атты құнды еңбектері және М.С. Мұхановтың «Казахские домашние художественные ремесла» атты зерттеу еңбектерi арқылы қазақ халқының мәдени мұрасының қазынасын толықтырып қана қоймай, ұлттық өнер тарихын зерттеуге мол үлесін қосты. Ғасырлар бойы бірнеше зұлматты басынан кешірген қазақ халқы бүгінгі күнге дейін ұлттық киімдерін сақтап қала алды. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріндегі ұлттық киім кешектердің сәнділігімен бірге табиғи-материалдық құндылығы да ерекше. Қазақтардың киімдері үшін негізгі материал мақта-мата мен жүн маталар, былғары, тері, елтірі пайдаланылды. Ұлттық киімдерде көшпелі тұрмыстық, атақ-шен және жастық жағынан иерархиялық сатылар, эстетикалық талғам ерекшеліктері көрініс тапты. Бірақ, еуропалық киім үлгілеріне еліктеу басымдылығы табиғи шикізаттан дайындалған сәнді де құнды ұлттық киімге деген көзқарасты өзгертуге алып келді. Осы орайда жазушы Антуан де Сент-Экзюпери ұлттық киiм ерекшелiктеріне байланысты «Кiшкентай ханзада» атты кiтабында ханзаданың Б-612 деп аталатын басқа планетадан келгенiн, ол планетаны алғаш рет түрiк астраномы ашқанын былай деп суреттейдi. «Астроном өзiнiң ашқан ғажайып жаңалығы жайлы Халықаралық астрономиялық конгрессте баяндады. Бiрақ оған ешкiм сенбедi, оның бар себебi, ол түрiктiң ұлттық киiмiн киiп, баяндама жасаған болатын. 1920 жылы сол астроном европалық ең соңғы модаға сай киiм киiп баяндама жасағанда бәрi онымен келiстi. Үлкендер осындай халық!» [18,378]. Қазiргi Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы ертедегi тайпалар өмiрiн бейнелейтiн, тасқа қашап жазған құнды, деректi суреттер мен жазулар жиi кездеседi. Бұл сияқты тастарға қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелерi, аңшылық, садақ тарту, желектi найза ұстау, жыртқыштан қорғану, ертедегi адамдардың киелi түсiнiктерi, әдет-ғұрыптары мен дәстүр көрiнiстерi аң аулап, мал баққан ертедегi тайпалардың тұңғыш жазуы болып табылады. Бұл ертедегi сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу. «Байырғы көшпеліліердің өмір салты дүниеге әкелген мал құлағына ен салу, малдың санына күйдіріп таңба басу, әр рудың өзіндік таңбасының болуы, тіптен денелеріне қара күйе сіңіру арқылы таңба салу сияқты қасиеттер ең алдымен белгі берушілік, хабар білдірушілік, ажыратушылық міндет атқарған» [13,324]. Мұндай тiршiлiк етудiң көпғасырлық ерекше ритмi жайлы халықтың тiлi мен көркем шығармаларында әлi күнге дейiн жаңғыруда. Қазақтардың эпос, фольклор, ән, әуен, би, сәндiк өнерi мен бейнелеу өнерi, сәулет өнерi – бәрi де өзiнде үзiлiссiз қозғалыс пен орын ауыстыруды және олардың кеңiстiк пен уақытқа деген өзiне тән ерекше қатынасын таңба етiп қалдырды. Мәдени мұраларға қатысты өткенімізге ой салсақ, Майқы биден тараған Көркембек деген елге аты шыққан тас қашау өнерiнiң шеберi болған. Бұл жайлы ХVIII ғасырда өмiр сүрген, бiлiм мен өнер iздеп Бағдат, Мысыр, Рум, Шам т.б шаһарларды кезiп оқыған Қазыбек бек Тауасарұлы өз еңбегiнде құнды-құнды мәлiметтер жазып қалдырған. Әулиеата маңында бүтiн тастардан бедерлеп, үш тас сарай қашап салған. Қолымен тасқа нақыш ойып, бүгiнгi күнге жеткiзген Көркембек, Қожахмет сағанасын тұрғызған шеберлердей өз есiмiн ойып жазбаса да Қазақ тарихының куәсiндей бiзге де жеттi. Сурет, кескiндеме, графика өнерiнен эстетикалық ләззат алған Қазыбек бек өзi сурет сала алмаса да көргенiне риза болып былай деп жазады: «Екi жылдың iшiнде сәулет өнерiнен де, әуез өнерiнен де ұстаз жалдап оқыдым… Мен тек Рафайiл, Тидзиан, Леонардо да Винчи, Микеланджело Симони сияқты кереметтердiң өнерiне сүйсiнумен ғана шектелдiм». Дүниеге келген әрбiр жаңалық сол күйiнде қатып қалмайтынын ойға алсақ, ертедегi сурет жазуы да сол пайда болған күйiнде қалып қойған жоқ, ол өмiрге икемделiп өзгерiп, өрiстей түстi. Осы жазудың негiзiнде ұғымды бiлдiретiн жазу, символикалық немесе идеографиялық жазу пайда болды. Ертедегi сурет жазуларымен қабаттаса келетiн ай мен күн, алуан таңба нұсқалары, рулық таңба белгiлерi және бұлардың соңын ала бiраз кейiнiрек замандағы өрнектi пiшiнмен оюлап салынған бейнелi суреттердi де Скачать |