Интернет тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері
Интернет тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздеріӨткен ғасырда үлкен жылдамдыққа ие болған ғылыми техникалық прогресс компьютерлерге жағдай жасайтын заңдылықты әрі айқын базаға айналып отыр. Қазіргі заманғы адам интернетсіз өмір сүре алмас десе де болады. Біздің күнделікті өмірге ене отырып, компьютерлік технологиялар дайын ғылыми жасақтамалар мен болашақ проектілердің жаңа идеяларын біріктіретін «көпірге» айналды. Компьютеризация біздің өмірімізге тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсерлерін ендіруде. Интернет және компьютер көмегімен қоғамдық және өндірістік қызметтің барлық сфералары дамытудың қосымша мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған орай болашақта адам компьютер немесе интернетсіз толық өмір сүре алмайды деген болжамның жүзеге асу мүмкіндігінің жоғары екендігі туралы айтуға болады. Қазірден көптеген ұйым, компания, фирмалар өз қызметін компьютерлік желісіз жүзеге асыра алмайды. Компьютерлік желілер сферасы тұтынушыларға өзінің жетілдірулері мен жаңа бағдарламаларын ұсына отырып, жедел әрі тұрақты дамып келеді[3]. Интернет-тәуелділікпен алғашқы болып өз қызметінде Интернетті пайдаланып, қызметкерлерінде он-лайнда отырудан патологиялық құмарлық пайда болу салдарынан шығынға ұшырайтын компаниялар, сондай-ақ дәрігер психотерапевттер кездесті. Интернет-тәуелділік феноменін психологиялық зерттеудің негізін қалаушы екі американдық: клиникалық психолог Кимберли Янг және психиатр И.Гольдберг. К.Янг 1994 жылы интернет-тәуелділікті анықтайтын арнайы сұрақша дайындап, оны веб-сайтта орналастырды. Нәтижесінде 500 анкета толтырылып, оның 400-ін адддиктілер толтырылған. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында тәуелділік құбылысын анықтау үшін И.Гольдерг (1996) «Интернет-аддикция» терминін және тәуелділікті анықтауға көмектесетін диагностикалық критерийлер жиынтығын ұсынды. M.Orzack, 1998 мәліметтерінде М.Орзак Интернет-тәуелділікке тән келесідей психологиялық және физиологиялық симптомдары бөліп көрсетілген: Психологиялық симптомдар:
Физиологиялық симптомдар:
К.Янг (Young, 1998) зерттеулеріне сәйкес қауіпті белгілерге (Интернет-тәуелділігінің нышандары) мыналар жатқызылады:
Орныққан итернет-аддикцияның белгілеріне К.Янг (2000) бойынша келесі критерийлер жатқызылады:
Көрсетілген тәуелділіктің арасындағы таралым 1-5%-ды құрайды (Griffiths, 2000; Young, 1998), ҒТП сәйкес виртуалды тәуелділікке әртүрлі мамандар бейімделуі артуда. Kim et al., 2005 келтірген мәліметтерінде Корей зерттеушілерінің мәліметтері келтірілген және оған сәйкес жоғары сынып оқушыларының 38%-нда Интернет-аддикция бар екенін көрсетті. Ресейдегі (WWW.monitoring.ru) зерттеулер бойынша 1992-2004 ж.ж. жасөспірімдер саны 2-25%-ға дейін өсті, яғни жасөспірімдер желінің белсенді пайдаланушыларына айналып келуде, осыған сәйкес жастар арасындағы Интернет-аддикция жағдайлар саны да өсуде. К.Янг (Young, 1998) Интернет-тәуелділіктің 5 негізгі түрін сипаттайды:
К.Янг және Р.Роджерс (Young, Rodgers,1998) жүргізген пилотаждық зерттеуге 259 адам оның ішінде 130 ер адам (орта жас шамасы-31) және 129 әйел адам (орта жас шамасы-33) он-лайндық режимде Р.Кеттелдің 16 факторлық жеке тұлғалық сұрақшасын (16PF) және Янг құрастырған Интернет-тәуелділік сұрақшасын толтырды. Алынған мәліметтерге сәйкес аддикт адамдар абстрактілі ойлаудың жоғары деңгейіне ие, өз-өзіне сенімді индивидуалистер, сезімтал және басқаларға эмоционалды жауап беретіні анықталды[4]. Зерттеушілердің пікірінше индивидуалист бола тұра, аддиктілер ұзаққа созылатын изоляцияға оңай бейімделеді. М.Шоттон (Shotton, 1989) компьютерден тәуелділіктің типологиясын дайындады, онда бұл тәуелділіктің 3 түрін анықтады. Бірінішіден, бұл «желішілер» (networkers): олар оптимист, тәуелділіктің басқа типтерімен салыстырмалы түрде – анағұрлым әлеуметтік белсенді, адамдарға позитивті қатынас көрсетеді, жолдастары болады, ата-аналарымен жағымды қарым-қатынаста болады. Компьютер олар үшін – хобби сияқты: олар өшірілген мәліметтер базаларына ізденіс салулары немесе MUD типіндегі рольдік топтық ойындар ойнауы мүмкін, алайда көрсетілген басқа тәуелді типтерге қарағанда өз бетінше аз программалайды, компьютерлік графика немесе аппараттық қамсыздандырумен қызықпайды. Екіншіден, бұл «жұмысшылар» (workers) – саны бойынша ең аз топ. Олар неғұрлым жаңа әрі қымбат комьютерлерге ие. Программалау процесін нақты жоспарлап алып, бұл бағдарламаларды керекті нәтижеге жету үшін дайындайды. Әдетте бұл топтың өкілдері жақсы оқыған стандартты оқыту бағдарламалары оларды қанағаттандырмайды, сондықтан да олар қосымша оқу курстарына қатысады. Оларға қатаң «қызметтік этика» тән. Үшіншіден, бұл «зерттеушілер» (explorers) – саны ең көп топ. Олар бағдарламалауды интеллектуалды әрекет және көңіл көтерумен теңдей көреді. Аса күрделі бағдарламалар жаза отырып, көбінесе оны аяғына дейін жеткізбей, одан да күрделі жаңа түрлеріне көшеді. Бұл топтың өкілдері компьютерлік пираттылық және хакерліліктің қызметін атқарады. Формальды жағынан алғанда олардың білім дәрежесі «жұмысшыларға» қарағанда төмен алайда, «зерттеушілер» олардан қалмай отырып қана коймай, тіпті білім көлемімен озып та кетеді. Амбициялары көп байқалмайды: жоғары шен де, үлкен төлемақы да олар үшін басты орында тұрған жоқ. Сөйтіп, олар өмірдегі жетістіктердің әлеуметтік критерийлеріне селқостықпен қарайды. «Зерттеушілер» үшін компьютер партнер және дос, оның жаны бар, адамдармен қарағанда онымен қарым-қатынас жасаған жеңілірек болып көрінеді. Kraut et al.,1998; Shapira et al.,2000 көрсеткендей, Интернетке тәуелділер арасында депрессия және обсессивті-компульсивті аффективті бұзылыстардың басымдылығы; Джолдыгулов және т.б., 2005 мәліметтеріне сүйенетін болсақ, сондай-ақ, азпрогредиентті шизофрения шеңберіндегі жасырын депрессияның жоғары деңгейде екені анықталды. Kim et al., 2005 айтуынша, Корей зерттеушілері Интернет-аддикциясы бар жоғары сынып оқушыларында депрессияның, суицид қаупінің жоғары болатыны анықтады. Y.Hambuger, E.Ben-Artzi (2000) Айзенк сұрақшасының көмегімен Интернетке тәуелділердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттей отырып, интроверттер мен экстраверттер Интернеттің әртүрлі ресурстарын пайдаланатынын, сондай-ақ экстраверт ер адамдар Интернетті «көңіл көтеру» үшін пайдалануда жағымды корреляцияланса, ақпараттық сайттарды пайдаланумен нейротизм жағымсыз байланыста болатынын көрсетті. Әйел адамдарда экстраверсия негативті корреляцияланды, ал нейротизм Интернеттің ақпараттық сайттарын пайдалануда жағымды болатынын көрсетті. Кейін жаңағы авторлар Интернет-аддиктілер, оның ішінде басымы әйел адамдар үшін жалғыздық сезімі тән, бұл сезім деңгейін төмендету мақсатында әйел адамдар чаттарда қарым-қатынас жасап, уақыт өткізетіні анықталды (Y.Amichai-Hambuger, E.Ben-Artzi; 2003). Американ зерттеушісі S.Calpan (2002) Интернетке тәуелді тұлғалардың депрессия, жалғыздық, ұялшақтық,өзімшілдік сияқты жеке қасиеттерді бөліп көрсетті. Н.В.Чудова (2002) болса, әртүрлі зерттеушілердің нәтижелері жалпылай келе, Интернет-аддиктілердің келесідей қасиеттерді тізімін келтіреді: өзінің дене дамуына байланысты «Менін» қабылдауындағы қиындықтар; тікелей қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар (тұйықтылық); интеллектуализацияға бейімділік, жалғыздық сезімі және өзара түсіністіктің жетіспеушілігі; агрессивтіліктің төмендігі; эмоционалд Скачать |