Бүгінгі өмірді компьютерсіз елестету


Бүгінгі өмірді компьютерсіз елестету

 

Бүгінгі өмірді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Ол жасөспірімдердің, сонымен бірге барлық адам атаулының жан-жақты білім алудағы сенімді досы және көмекшісі, өмірдегі мақсаттарға қол жеткізу құралы болып табылады. Бірақ компьютерді шамадан тыс қолдану компьютерлік тәуелділікке немесе интернет тәуелділікке әкеп соғады. Қазіргі таңда жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік интернет-тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сол себепті де интернет-тәуелділігі феномені көптеген ғалымдарды алаңдатуда және осы мәселе төңірегінде медицина, әлеуметтану, физиология, педагогика, экология және т.б. көптеген ғылымдар саласындағы зерттеу жұмыстары үлкен алаңдатушылықты атап көрсетеді[4].

Қытай дәрігерлері жастарға көк шайды ішкізіп әлек, Украина Президенті «сыраға салынған» ұрпақты жөнге салмақ, Оңтүстік Кореяда ғаламтордың «торына» түскен балалар болашағына алаңдаса, Германияда кәмелетке толмағандар арасында «тері рагы» ауруы белең алып кетті. Ертеңіміздің жалғасы жастар. Ал жастардың денсаулығы жақсы болмаса, ертеңгі күннің жарқын болуы да шамалы. Соңғы жылдары әлемнің әр елінде биліктегі азаматтар жастардың денсаулық проблемалары жайлы мәселелерді жиі қозғайтын болды. Соның ішінде жасөспірімдер арасында ауру түрлерінің көрсеткіштері жоғарылауда. Қоршаған ортаның ластануы, денсаулыққа зиянды әсер ететін экологиялық проблемаларды, бұрыннан белгілі аурулар түрі көбейіп кетті. Біз «Жаңа ғасырда жаңа ауруларға» шалдығатын болып жүрміз. Техника дамыған сайын адамның өмірі жеңілдей түседі. Адам өмірі жеңілдеген сайын денсаулығы нашарлайтын үрдіс байқалады. Бұл қазіргі уақыттың айқын ақиқаты болып отыр[3].

Интернет-тәуелділік, және жалпы кез-келген тәуелділік аталатын патологиялық ауытқу адамның психикасына өте терең әрі қайғылы әсер етуі мүмкін екен. Ал Қазақстанда Интернет қолданушылар саны күн санап көбеюде десе болады. Бүгінде 3 млн-ға жақын интернет қолданушы бар деп есептесек, олардың қанша пайызында интернет-тәуелділік патология ретінде тіркелгендігі туралы, өкінішке орай, дерек жоқ екен. Бірақ, бүгінгі қазақстандық әлеуметтік желілердің тұтынушыларының өздерін ұстауы мен араласу ерекшеліктеріне қарап, олардың бұл ауытқудан еш алыс жатпағандығын ғана айтуға болатын сияқты.

Қазіргі шақта компьютер біздің өмірдің таптырмас бөлігі, алайда кей кезде біз осы түсті металдың қымбат бөліктерінің еңбекке қабілеттілігінен тәуелді болатындығымызды әрқашан да мойындамаймыз. Қазіргі кезден  компьютерлік желілер қызметтің банкілік іс, қауіпсіздік жүйесі, медицина, өндіріс, ғылым сияқты және тағы басқа маңызды салаларға ендірілген. Мұндай сфераларда қателіктер жіберілмейді, ал жіберіліп қойса, қымбат бағамен түзетіледі. Адамның компьютерден тәуелділігі мұнымен шектелмейді.

Міне, осындай өзекті мәселені зерттеуге біз бел будық. Интернет-тәуелділік – бұл жаңа ғасырдың жаңа ауруы. Осы тәуелділікті зерттеуде біз колледж білімгерлеріне тәжірибелік зерттеу жүргіздік. Тәжірибелік зерттеу жұмысы Тараз қаласының Тараз «Парасат» колледжінде өтті. Жалпы ғылыми зерттеу жұмысының теориялық бөліміне сәйкес психологиялық зерттеу жұмыстарын жасөспірімдік шақтағы білімгерлерге, атап айтқанда БЖББ-2(ІV)-07  және ДТ-2(ІV)-07 топ білімгерлеріне өткіздік. Зерттелген оқушылар саны 16 (БЖББ-2(ІV)-07 тобында 8 білімгер, ДТ-2(ІV)-07 тобында 8 білімгер). Тәжірибелік зерттеу жұмысының жалпы ережелеріне сәйкес зерттеу обьектілерін бақылаушы және эксперименталды топтар ретінде зерттелді (БЖББ-2(ІV)-07 тобы – бақылаушы топ, ДТ-2(ІV)-07 – эксперименталды топ). Ғылыми зерттеу жұмысымның тәжірибелік бөлімі екі кезеңнен тұрады: анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдер. Анықтаушы кезеңде БЖББ-2(ІV)-07, ДТ-2(ІV)-07 топтарына интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасын және К.Леонгардтың тест-сұрақшасын  өткіздік. Осы тест-сұрақшаларды алып, оның нәтижелерін хаттамаға тіркедім.

Анықтаушы кезеңде жүргізілген зерттеудің нәтижесі топтың екеуінде де интернет-тәуелділігіне шалдыққан адамдар саны бар екенін айқын көрсетті. Анықтаушы кезең аяқталғаннан кейін тәжірибелік зерттеу жұмысының қалыптастырушы кезеңінің мақсатын айқындадық. Қалыптастырушы кезеңді 3 кезеңге бөлдік:

1-кезеңде эксперименталдық топқа (ДТ-2(ІV)-07) интернет-тәуелділігін төмендетуге арналған бағдарламаны өткіздік, эксперименталды топ білімгерлерінің ата-аналарына «Интернет-тәуелділігінің пайда болуы», «Компьютер алдында отыру кезіндегі жалпы ережелер» тақырыптарында дәрістер оқыдық.

2-кезеңде өткізілген интернет-тәуелділігін төмендетуге арналған бағдарламаның тиімділігін тексердік, яғни диагностикалық әдістемелерді қайталай өткізу арқылы бақылаушы және эксперименталды топтарының арасындағы динамиканы анықтадық.

3-кезеңде, қорытындылау кезеңінде бүкіл тәжірибелік зерттеу жұмысындағы екі топ (эксперименталды және бақылаушы топ) көрсеткіштерін сараптадық.

Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, біз өз мақсатымызға жеттік және болжамымыз айқындалып, дәлелденді.

Жасөспірімге білім алу уақытында сабаққа бару керек, сабақ уақытында сабақ оқу керек, ойын уақытында ойнау керек деген ойды жеткізу керек. Күнделікті жоспары бар жасөспірім ойын уақытында қалағанынша, ойнасын. Сабақ оқу уақыты келгенде, сабағын оқысын. Ережелерді ата — анасымен бірге белгілеу керек және күнде осы ережелерді орындасын. Кез келген бала өзін қадағалауды осылайша үйренеді.

Сабырлы, салмақты, үйлесімді болу жасөспірімнің жан дүниесі үшін өте маңызды ерекшеліктер болып табылады. Кенеттен жасалған шок іс-әрекетпен  жасөспірімге жақсы нәрселер үйрету мүмкін емес. Ұрысу және тыйым салу тәсілі баланы өтірікке итермелейді. Оқулығының арасына роман кітабын қойып, сабақ оқығандай болып отырған жасөспірім осындай тәсілдердің нәтижесі болып табылады. Яғни, жасөспірімнің жас, жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, оның күн тәртібін тиімді етіп белгілеу арқылы ғана біз оның интернетке – тәуелділігін жоя аламыз. Оның ең тиімді жолы сабыр, салмақтылық, үйлесім ережесі арқылы өтеді.

Сонымен бірге, мына төмендегі ережелерді де орындауға болады:

  1. Баламен сөйлесу (оның компьютерге отырғанда қандай сезімде болатындығы және компьютер, интернет оның қандай міндеттерін шешетіндігі туралы);
  2. Бала компьютер тұрған бөлмеде жатпауы керек және оның түнде компьютер алдында отырмауын қадағалау;
    1. Баланы компьютер ойнаудан шектеу;
    2. Тиімді демалысын қамтамасыз ету;
    3. Қызығушылығын басқа іс-әрекетке ауыстыру;
    4. Баланың спортпен айналысуын қадағалау.

Қарап отырсақ, бұл жай ғана кез келген адамның қолынан келе беретін шарттар болып отыр. Бірақ оларды дұрыс әрі тиімді етіп жасөспірімдерге жеткізу – бұл ата-аналардың немесе олардың орнында жүрген адамдардың құзырлығында болмақ.

Қорыта келгенде, интернет – тәуелділіктің алдын алу үшін интернет-тәуелділіктің белгілерін, кезеңдерін, механизмдерін, пайда болуын және жасөспірімнің жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, оның күн тәртібін тиімді етіп белгілеу керек деп есептеймін.

 


Скачать