БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ АРНАЙЫ ҒЫЛЫМИ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ


БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ АРНАЙЫ ҒЫЛЫМИ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

 

Егемен еліміздің көркейіп дамуына ғылымның, білімнің және өнердің қосатын үлесі ерекше. Қазіргі  қоғамдағы  мамандар бәсекелестігіне төтеп беретін жан-жақты өнерлі, мәдениетті, жоғары білімді маман дайындау басты мәселеге айналып отыр. Мемлекетіміз қазір рухани байлығымызға, ертеңгі ұрпақ мәселесіне баса назар аударуда. Бүгінгі мектепте отырған оқушыларымыз, біздің еліміздің болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі тізгінін алатын азаматтары деп қарауымыз қажет. Ендеше біздің жастарымызға берілетін білім сапасы да өте жоғары болуы тиіс, ол үшін, отандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру үрдісіне сәйкестендіруіміз керек, бұл қазіргі заманның қойып отырған талабы. Орта мектепте өтілетін басқа пәндермен қатар, бейнелеу өнері сабағына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, оқытудың озық тәжірибелерін қолдану, ұлттық құндылықтарымызға деген жастардың қызығушылықтарын арттыру, оның қазіргі таңдағы мақсаттары мен міндеттерін айқындау біздің борышымыз.

Баланы, әсiресе бастауыш сыныптан бастап, бейнелеу өнерiне жүйелі түрде оқыту, қашанда мемлекеттің кезек күттiрмейтiн мiндеттерiнің бiрi болып табылады. Ұлы Абай атамыздың 33 қара сөзiнде өнер жайлы былай делінген: «егер мал керек болса, колөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал өнерiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол». Әулие деген қазақтың түсiнiгiнде ең құдiреттi, қасиеттi, киелi адам деген мағынаны бередi.  Бұл қара сөзiнде өнердi, жалпы өнер адамын қазақтың қастерлi адамы деп әулиеге теңеп  отырғаны     тегіннен тегін емес. Мысалы, өнерлi адамдар өз қолдарымен жасаған әдемi заттарын киелi деп қастерлеп, төрге  қойып, оны өзiнiң өсiп келе жатырған балаларына, немерелерiне мұра қылып қалдырып отыратынын білеміз. Бұл дәстүр бiздiң елiмiзде ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келеді. Соңғы уақытта елiмiзде Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен халқымыздың “Мәдени мұрасына” ерекше көңiл бөлiнiп, теңдесі жоқ жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Еліміздің мәдени мұрасы-орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Бұл  ісіміздің маңыздылығы сол, ол біздің болашақ жастарымыздың бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырады. Техника, космос тағы басқа  салалардағы жетістіктерді басқа озық елдерден барып үйреніп қайтуға болар, ал ұлттық өнерімізге, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты тарихи деректерді оқып үйренуге мүмкіншілік, тек өзіміздің елімізде ғана, оны ешқандай озық мемлекет өзімізден артық зерттеп, өзімізден артық көрсете алмайды. Біздің елімізде Мәдени мұраның маңыздылығына мән беріп, зерттеуді қолға алғанымыз,  шетелдік зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға ие болуда. Мәдени мұра бағдарламасының әрі қарай жүйелі түрде іске асырылу құқығына ие болуы, барлық елге өнегелі іс болуда. Бұл біздің егемен еліміздің болашағына деген ұлтжандылық көзқарасымыздың бiр керемет айғағы деп бағалауымыз қажет. Қазiргi егемен ел болып, керегемiз бекiп жатырғанда, өнерге жанашырлық жасау арқылы біздің жастарымызға ұлттық өнерімізді жеткізе білу, әрбір қазақ азаматының парызы. Ұлттық өнерімізді жастарға үйрететін негiзгi салалардың бiрi – бейнелеу өнерi болып саналады. Бейнелеу өнерiнің маңыздылығы сол, ол адамның өткен уақыттағы және өзі өмір сүріп отырған ортасының әсемдiгiн өнер тұрғысынан түсiнуiне, эстетикалық талғамының  дұрыс қалыптасуына жол көрсететiн ең алғашқы білім болғандықтан, өзінің ерекше мақсаты мен міндеттері бар. Сурет салуды сүю деген – ол өмiрдi, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ойын, парасатын өсiредi, танымын кеңейтедi, iзгiлiкке, әсемдiкке үйретедi. Өмiрде кездесетiн келеңсiз құбылыстармен күресуге баланы тәрбиелеп, халқына, елiне, жерiне деген сүйiспеншiлiкке баулиды. Бейнелеу өнері қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершiлiкті, жанашырлықты әрқашанда  қажет ететiнi белгiлi. Осы бейнелеу өнерiн жүйелi оқыту, оған баланы жастайынан баулып тәрбиелеу iсi баршамыздың алдымызға байыпты мiндеттер қойып отыр. Қазiргi дамыған заманда бәсекеге қабілетті, бiлiмдi, өз iсiнiң маманын тәрбиелеп шығару басты мақсатымыз. Бейнелеу өнерiнің қарапайым заңдылықтарына мақсатты және  жүйелі түрде  үйрету мектеп қабырғасынан бастап жүзеге асырылады. Сондықтан, сабақты сапалы, қызықты өткiзу, балалардың өнерге деген қызығушылығын, сүйiспеншiлiгiн арттыру тiкелей пән мұғалiмiне ғана байланысты. Бейнелеу өнерi сабағының қоғамдағы алатын орны өз алдына ерекше. Бейнелеу өнерi сабағының негізгі мiндетi – балаларға бейнелеу өнерiнiң барлық түрлерiнен жалпы мағлұмат беру, қарапайым заттардың суреттерiн бейнелеудi меңгерту, өмiрдегi  әдемi мен жаманды ажырата бiлудi үйрету, ұлттық өнерімізді оқыту арқылы оқушылардың ұлттық, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру. Әрбiр оқушы бейнелеу өнерi сабағы арқылы өзiн қоршаған ортадағы заттардың  әдемiлiгiн, табиғаттың әсемдiгiн және осы әдемiлiктердi көрiп сезiну арқылы өзiнiң шығармашылық қабiлетiн жетiлдiре алады. Әрине бұл қабiлеттiлiк пен тәрбиені әрбір оқушыға  дарыту, бір ғана сабақтың нәтижесінде жүзеге асырылмайды, оған уақыт қажет, сондықтан бұл өз ретiмен жүретiн процесс. Бейнелеу өнерi сабағында әрбір оқушы өздерiнiң көру, есте сақтау, ойлау және қиял түйсiктерi арқылы  берілген тапсырмалардың немесе тақырыпқа байланысты табиғат құбылысының түрлі  қасиеттерiн  бейнелеуге мүмкiндiк алады.

Біздің  қолданып жүрген бейнелеу өнерiнің әдiстемелiк нұсқаулары мен оқулықтарында осындай ерекшеліктер ескерілуі қажет. Біздің жаңа оқулықтарымыздағы тапсырмалар бiр ғана бағытта жазылуда, ол балаға тек бейнелеу өнері тапсырмаларының түрлерi бойынша сурет салғызуды үйретуге арналған. Қазiргi талап бойынша мектеп мұғалiмдерiне, балалардың жас ерекшелiктерiнің ғылыми негіздеріне, байланысты берілетін   тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын  және оқыту жолын көрсететiн оқу құралдары қажет. Балалардың салған суреттерін зерттеген орыс ғалымы В.Бакушинский  балалардың сурет салуды меңгеруі, ата тегіне байланысты, егерде ата тегінде суретші болмаса, ондай балалар ешуақытта сурет салуды меңгере  алмайды, оларды үйретіп қажеті жоқ десе,   бастауыш сынып оқушыларына,  тек еркiн тақырыпқа байланысты тапсырмаларды ғана берген дұрыс, өйткені жас балаларға сурет салудың техникаларын ерте үйретiп қажетi жоқ, немесе бастауыш сынып оқушыларының кейбір салған суреттерiн құр «шимай сызық» деп баланың суретiне немқұрайлықпен қарап келгенімізді білеміз. Атақты орыстың психологы, оқушылардың сурет салу мүмкіншіліктерін зерттеген   Е.И.Игнатьев осындай пiкiрлердiң пайда болуының  басты негiзi, ол баланың салған суреттерiнiң ғылыми негiздерiн толық түсiнбеушiлiктен дейді. Жалпы орта мектепте пән мұғалiмнiң басты назары сурет салуға  икемi бар балаларға ғана аударылып, орташа, төмен балалар ескерілмей қалуда.   Бұл мәселенің әртүрлі себептері бар,  біздің ойымызша, негізгі себебі болашақ  бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін дайындауда бейнелеу өнеріне байланысты шығармашылық психология, баланың сурет салудағы психологиялық ерекшеліктері, бейнелеу өнеріне байланысты ғылыми негіздерінің терең оқытылмайтындығы. Астана қаласының Білім басқармасының бастығы Т.Бимендинаның келісімімен және Астана қаласында эстетикалық бағыттағы №61 орта мектептің директоры, суретші-ұстаз Ұ.Арқабаеваның қолдау көрсетуімен, 2009 жылы қараша айында бейнелеу өнері сабағын оқытуды жетілдіру, мектеп ұстаздарын ғылыми жұмысқа бейімдеу, ғалымдар мен әдіскерлерді бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдыру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында  «Жас суретші» ғылыми, оқу-әдістемелік зертхана аштық.. Зертхананың 3 жылдық жоспары жасалды. Зертханаға жоспар бойынша Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми жұмыстарымен танымал ғалымдар, мектеп ұстаздары, магистранттар мен студенттер қатыстырылды.  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 3-4 курстарының студенттері осы зертхана арқылы арнайы педагогикалық практикаларын өтеді. Жыл соңында арнайы зертхананың отырысы өткізіліп, онда зертхананың әрбір мүшесі жылдық есбін береді. Әрбiр денi сау бала бейнелеу өнерiн орта мектеп деңгейiнде толық меңгерiп шыға алатынын  бiздiң жүргiзген көп жылғы ғылыми – iзденiс жұмыстарымыздың нәтижелерi  де дәлелдеп бердi. Бұл жерде мына мәселенi есте сақтауымыз қажет,  біріншіден, орта  мектепте бейнелеу өнерiн оқыту тапсырмалары болашақ кәсiпқой суретшiлер дайындауға арналмаған, екiншiден, ондай мiндеттi мектеп деңгейiнде шешуге ешқандай да мүмкiншiлiк жоқ, дегенмен, жалпы орта білім беру стандартының талабына сәйкес білім беруге міндеттіміз. Болашақта   жалпы орта бiлiм беру жүйесiнiң 12 жылдыққа көшуi туралы дайындық жұмыстары, басқа пәндер сияқты, бейнелеу өнерiн  оқытудың жаңа ұлттық бағдарламасы мен жаңа буын оқулықтарын дайындауды мiндеттеп отыр.  Қазiргi жахандану заманында Бейнелеу өнері сабағына аз сағат бөлінуі,  мектептерде бейнелеу өнерi сабағының толық пән ретiнде жүргiзiлмей қажетсiз сабақ  ретiнде қалып қоятыны, сабақты арнайы білімі жоқ мамандардың  жүргізуі өкiнiштi жағдай. Біздің  мектеп пәндеріне деген көзқарасымыз саясатпен санасып қалатын сияқты, қоғамда техникалық білімді жетілдіру керек десе, мектепте техникалық мамандыққа қажетті пәндерге қосымша салат беріліп жатады. Мысалы, адам денесіндегі мүшелерінің әрқайсының орындайтын, атқаратын өз міндеттері бар, егерде денесінің бір мүшесі кем болса, ол адам мүгедектер қатарына жатқызылады. Міне мектептегі оқытылатын пәндердің барлығы да осындай адамға білім, тәрбие беруде қажетті деп санауымыз керек. Өнер сабақтарына мән бермеуімізден, бiз болашақ жастарымыздың рухани, адамгершілік сезімдерінің таяз болуына қандай ықпал жасайтынымызды сезбеймiз. Орта мектептерде өтiлетiн басқа сабақтар мен қатар бейнелеу өнерi де толық жүйелi түрде жүргiзiлуi тиiс – ол қазіргі өмiр та 



Скачать