БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР


БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

 

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға  мүмкiндiк бередi

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:

-   ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

-   бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

-   оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

-        мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

-  бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

-       педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары:

-    қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi ;

-    жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

-     бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;

-    жалпы компьютерлiк сауаттылық;

-    оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).

 

Нәтижелер:

-         жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

-         жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

-         жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

-         бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

-         мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

-         отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;

-         бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

-         республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп,  бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.

 

Бiлiм берудi ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:

I. нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету;

1. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы (ҚР Президентiнiң № 3645 өкiмiмен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекiтiлген)

2. Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсiптiк оқу мекемелерiн ақпараттандыру бағдарламасы (ҚР Үкiметiнiң № 616 қаулысымен 2001 жылдың 10-мамырында бекiтiлген)

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 тамыздағы

№ 1037 қаулысымен қабылданған “Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы”

II. Оқу жоспары және бағдарламасы;

1998 жылы “Информатика 7-11”, “Информатика 8-11”, “Информатика 10-11” оқу бағдарламалары;

2001, 2003 жылдар “Информатика -7” оқу бағдарламасы

  III. Аппараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету;

Жаңа типтi компьютерлермен қамтамасыз етiлдi (1998-2001жж)

 IҮ. Программалық жағынан қамтамасыз ету;

Қолданбалы программалық құралдар (үйрету программалары, жаттықтырушы, ойын, бақылау (тест) программалары), электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар (физика, химия)

Ү.  Мамандармен қамтамасыз ету;

Кезеңдер бойынша мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру: I-кезең “Ақпараттық технология негiздерi” (компьютермен жұмыс жасау технологиясы – 36 сағат)

II-кезең “Электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы” – 36 сағат

III-кезең “Интернет-технология. Web-сайтты құру технологиясы” – 36 сағат

IҮ-кезең “Жаңа қолданбалы программалық құралдардың мүмкiндiгiн шығармашылық бағытқа пайдалану технологиясы” – 72 сағат

ҮI. Глобальды коммуникациялық құралдар.

Интернетке қосылу арқылы әлемдiк бiлiмдiк кеңiстiкке шығу. Қашықтықтан оқыту формасына көшу.

Электрондық оқулық және оның құрылымы

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi.  Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтың құрылымы

Бiз оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

  1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
  2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.
  3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.

Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:

-               сыртқы бетi;

-               титульдық экран;

-               мазмұны;

-               аннотация;

-               оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);

-               оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);

-               қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет);

-               өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;

-               өзiндiк бақылау жүйесi;

-               мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;

-               авторлар тiзiмi;

-               терминдiк сөздер;

-             &n 



Скачать