Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату
Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату».
Республика күнін қалай тойлау қажет? Осыдан тура 17 жыл бұрын, яғни 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыр¬күйекте «Мемлекеттік егемен¬дік туралы Декларацияның» жобасы алғаш рет БАҚ-та жарияланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декларацияның балама нұсқасын әзірлепті. Қалай дегенмен де егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып» деп келетін тұжырымдарға келіспеушілік танытты. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсылық білдіріпті. Тіпті кейбіреулердің болашақ үшін аса маңызды құжатты қабылдауды кейінге қалдырмақ ойларыда болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға түсті. Сол уақытта болашақ тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ ұлты мен мемлекеті тағдыры талқыға түскен сын сәтте ерекше күш-жігер көрсетіп, егемендіктің еркін тынысына қол жеткізген қастерлі құжаттың негізгі жобасын қорғап шыққан болатын. Кеңестер Одағының талқаны таусылмай жатып, одақтас республикалардың кейбірі тәуелсіздік туралы заңдарды қабылдап үлгерген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қараңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша еліміз халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан территориясындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қазақстан территориясында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды. Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме амбиция ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат. Сондықтан да егемендік туралы Декларация кейін 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясымен терең үндестік тапты. Сонымен, әр қазақтың жүрегіне үміт пен сенім ұялатқан, рухы асқақтаған айтулы күнге биыл, міне, – 17 жыл. Бүгін де ұлттың мерейін асырар қос ұлық мерекені тойлау тарихта талай теперіш көрген маңдайымызға жазылыпты. Республика күні мен Тәуелсіздік мерекесі – сабақтас әрі мән-маңызы бірдей төл мейрамымыз. Дегенмен бұл екеуін шатастырып жататын арамызда адамдардабар. Осыған байланысты бүгінгі қазақстандықтар шынайы Тәуелсіздік күніне жеткізген Республика күнін қалай және қандай мазмұнда тойлауы қажет деген сауалды қоғам қайраткерлері мен зиялы қауымға қойылған еді. Сұлтан Сартаев, заң ғылымдарының докторы, профессор Тарихи оқиғаны өзгертуге болмайды. Біз бостандығымызды алғанда 1990 жылы 25 қазанда мемлекетіміздің егемендігі туралы декларацияны қабылдадық. Бұл – Қазақстан тарихындағы елеулі оқиға. Содан осы күнді Республика күні деп жарияладық. Осы Декларацияда еліміздің келешегін айқындадық. Тәуелсіз ел боламыз дедік. Көпке ұзамай 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік декларациясын да қабылдадық. Мұндағы мақсатымыз – бүкіл дүниежүзіне Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде таныстыру. Біз өз еліміздің Тәуелсіздігі туралы декларацияны 18 сағат 14 минутта қабылдасақ, 18 сағат 44 минутта, яғни жарты сағаттан соң Түркия Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін мойындады. Одан кейін Румыния, ал бір айдан соң Америка Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Бұл –дипломатиямызда жоғары бағаға ие тарихи оқиға. Өйткені мысалы, бір мемлекеттер өз тәуелсіздігін әлемге 10-20 жылдап жүріп әрең мойындатады. Демек, Республика күні мен Тәуелсіздік күні арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Иә, бір әріптестерімнің кезінде осы екі датаны біріктірейік дегені бар. Онымен келіспеймін. Онымен тарих та келіспейді. Бұл – екі түрлі тарихи жағдай, Қазақстан тәуелсіздігіне деген екі қадам. Әбдімәлік Нысанбаев, философия ғылымдарының докторы, профессор: – Біз бұл екі датаны ойша ала салғанымыз жоқ. Оның өзіндік тарихи мәні бар. Және соңғы кездері тәуелсіздікке қол жеткізген әлемдегі мемлекеттердің көбінде мұндай тәжірибе бар. Олар да Республика күні мен Тәуелсіздік алған күнін екі бөлек тойлайды. Әлемдегі Қазақстанға дос мемлекеттер осы екі күні Елбасымызға құттықтау жолдайды. Сол арқылы олар бүкіл Қазақстан халқын құттықтайды. Яғни әлем Қазақстанның тәуелсіз ел екенін бір жылда екі рет еске алып, оны таниды. Бұл біз үшін артық па?.. Қазақ деген бостандықсүйгіш халық. Тарихта қазақ өз бостандығы, тәуелсіздігі үшін 260-тан астам көтеріліс жасаған екен. Тәуелсіздікке деген соңғы серпіліс – 16 желтоқсанды Тәуелсіздік күні деп бекер таңдап алған жоқпыз. Міне, бұл күні Тәуелсіздікке тәу етіп, сол үшін жанын қиған адамдарды еске алып, ата-бабасы армандаған күнге жеткеніне жас буын бүгін шүкіршілік етіп, қуанып, оны дүрілдетіп тойлауы керек. Ал Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын. Сайын Борбасов, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор: Негізі, бұл екеуі – бір-біріне ұқсас мейрам. Жалпы, егемендік Декларациясында тәуелсіздігіміз айқындалды. Осы құжаттың негізінде кейіннен Тәуелсіздік декларациясын жарияладық, Конституциямызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анықтадық. Сондықтан бұл құжаттың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, 25 қазан Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек. Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағдайға тап боламыз. Бір жағынан, мейрам, бір жағынан, трагедия. Бұл күні қуанайын десең, қанды оқиға есіңізге түсіп, көңіліңіз жабырқайды. Сондықтан меніңше, 16 желтоқсан – Желтоқсан көтерілісі күні ретінде аталып өтілетін болса. Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы, президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің мәнісін, осы ұғымды тереңнен тарихи тұрғыда талдап беруі қажет. Патриоттық шаралар – әскеріміз, Қарулы күштер жайлы мәліметтермен халық кеңінен таныс бола алуы керек. Ал кешке эстрада адамдарының концерті берілуі тиіс. Онда да Қазақстан аспанында біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп, жылу беретін ән-әуездер қалықтаса деп тілеймін- дегенойлар айтылған болатын.
Міне бүгінгі осы баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен ақтағым келіп отыр:
- Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейімінің қайтарымы. - Біз бабалары басының қадірін арттыруда басты мұрат санаған елдің баласымыз. - Бойында қаны бар, .амысы бар әрбір азамат енді тәуелділікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз деп ой-санасын қамшылауы керек. - Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн.
&nb |