ҚР мен Пәкістан қарым-қатынастары


Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында дипломатиялық және консулдық байланыстар орнату туралы келісімге ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары кезінде 1992-жылғы 24-ақпанда қол қойылған. Пәкістандағы Қазақстан Республикасының елшілігі 1994-жылғы 24-қарашада ресми түрде ашылды. 

2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млн. долларды, соның ішінде экспорт көлемі 0,331 млн. , импорт 1 млн. долларды құрады.

2003 ж. 8-желтоқсанда Исламабадта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың кездесуі өтті. Екі елдің мемлекет басшысы экономика саласындағы өзара стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды. Бұдан бұрын да , сапар барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономика, банкаралық, білім беру және экология салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады. Екі президент осы жолы қол қойылатын келісім құжаттары екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты мейлінше пәрменді дамытуға септігін тигізеді дегенге сенім білдірді.

2006 ж. 17-маусымда АЛМАТЫ қаласында азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммиті аяқталғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушарраф кездесу өтті. Қазақстан мен Пәкістан президентінің кездесуінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 




Скачать