Кеңестер дәуірінің мектебі мен педагогикасы (1917-1941 ж.ж.)
Кеңестер дәуірінің мектебі мен педагогикасы (1917-1941 ж.ж.)1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары. Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты. Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру. Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі “Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады. 1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы - 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді. Мұғалімдер қауымы революцияға әртүрлі көзқараспен қарады. Көптеген мұғалімдер, көбіне орта мектептің мұғалімдері революциялық өзгерістерге дұшпандықпен қарады. Олар Кеңес үкіметіне қарсы шықты, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының (БМО) Контрреволюциялық қызметін қолдады. Бірақ мұғалімдердің көп бөлігі, әсіресе, халық мектептерінің мұғалімдері революцияны ерекше көңілмен қарсы алды. Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты. Съезге қатынасушылар Ағарту ісі мемлекеттік комиссиясының жұмысын талқылады, олар халыққа қарсы, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының контрреволюциялық қызметін қатты сынға алып, мұғалімдерді Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып, интернационалист-мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады. 1918 жылдың бойына Ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” және “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелері” жасауда қызу жұмыс жүргізілді. 1918 жылдың тамыз айында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер”жобасы Ағарту ісі Бүкілресейлік съезінде хабарланып, бірауыздан оны мақұлдады. “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” педагогика-жұртшылықтың арасында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы” атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады. Мектептің саясатқа қарсы идеясын насихаттаған буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогикаға қарама-қарсы “Бірыңғай еңбек мектебі туралы Деклорация” мектептің саясатпен байланысын кеңес педагогикасының негізгі қағидасы ретінде атап көрсетті. Бірақ “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” уақытпен байланысты кейбір кемшіліктеріне қарамастан (емтихан және үй тапсырмасын алып тастау, ақыл-ой білімінің есесінен, еңбек тәрбиесімен ерекше әуестену және т.б) мектепті революциялық қайта құруда бұл еңбектердің мәні орасан зор болды. Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы. 1918 жылы қабылданған мектеп жүйесі азамат соғысы жылдары және шетел интервенция жылдарының өзінде кейбір өзгерістерге ұшырады. Жұмысшы факультеттері, жұмысшы – жеткіншектер үшін мектеп-клубтар жеткіншектер үшін екі жылдық мектептер және басқалары ұйымдасты. 1920 жылы құрылған Кәсіптік білім берудің бас комитеті жалпы білім беру үшін жас нормасы 16-дан 15 дейін азайтуды талап етті. Бас комитет кәсіптік білім беру жүйесіне белгілі өзгерістер енгізді: төменгі кәсіптік мектептер – техникумдар – бірыңғай еңбек мектебінің базасында халыққа білім берудің кеңесінде мектеп жүйесін қайта құру туралы мәселе қаралды. Ол кеңес екі сатылы тоғыз жылдықтың орнына негізгі мектептің түрі ретінде екі сатылы жетіжылдық мектепті қажетті деп тауып, ұсынған болатын-ды. Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялдық, ауылшаруашылық, экономикалы, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Кеңес халықағарту комиссариатына маман жұмысшы кадрларын даярлау үшін фабрика-зауыт мектептерінің жүйесін жаасу қажеттігін атап көрсетті. Кеңесте мектеп жүйесінің өзекті негіздері туралы мәселе бойынша қызу күрес, тартыс болды, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектеп мәселесі туралы. Осының нәтижесінде 1922 жылы 1918 жылы қабылданған жүйемен салыстырғанда одан гөрі икемірек жүйе қалыптасты; бастауыш мектеп (4 жылдық); негізгі жетіжылдық жалпы білім беретін мектеп және жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысы, барлығы 9-10 жыл оқыту мерзімі. Бұл жүйенің жағымды жағы әрбір канцентр белгілі бір саты ретінде жалпы білім беретін мектеп баспалдағымен жоғары көтеріліп отырды және сонымен бірге одан әрі кәсіптік-техникалық білім беру үшін негіз болды. І сатыдағы мектеп төменгі кәсіптік білім беру мектептері үшін негіз болды: кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін – индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; тоғызжылдық – онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды. 1923-1924 оқу жылынан бастап, ауылдық жерлерде І саты мектептерінің негізінде шаруа жастар мектептері (ШЖМ) ашып бастады, оқу мерзімі 3 жылдық. Бұл мектептердің негізгі мақсаты – ауыл жастарынан мәдени жериелері мен жақсы белсенділерді тәрбиелеу. 1925 жылы алғашқы фабрика-зауыт жетіжылдықтары (ФЗЖ) ашылды, ол кеңінен тарай бастады. 1930-1934 жылдары олар негізгі жалпы білім беретін мектептер болды. Бұл кезеңде жұмысшы-шаруа жастарын жоғары оқу орындарына түсуге даярлауда ерекше роль атқарған жұмысшы факультеттерінің саны біршама арта түсті. 1921 жылы ашылған фабрика-зауыт оқушыларының мектептері (ФЗУ) тез қарқынмен дами бастады. Олардың негізгі мақсаты – жастардың арасынан өндіріс пен көлік қатынасы саласында маман жұмысшыларды даярлау. 1921-1922 жылдардағы еліміздің қиын экономикалық жағдайы мектептердің жағдайына орасан зор әсер етті. Кеңес үкіметі халыққа білім беру ісінің мұқтаждарына қажетті қаржыны қысқартуға мәжбүр болды. Өндіріс пен ауылшаруашылығын қалпына келтіру үшін үлкен қаражат қажет болды. Халық ағарту ісінің мұқтажына бөлінетін қаржыны амалсыз орталық бюджеттен қысқарту және мектептерді жергілікті жердің қаражатына көшіру біршама мектептердің жүйесін қысқартуға алып келді. 1923 жылдан бастап, халыққа білім беру ісінің бюджеті нығая бастады және мұғалімдердің материалдық жағдайы артты, ең алдымен ауыл мұғалімдерінің. Жалпы білім беретін мектептердің жүйесі бірте-бірте өсе бастады, оны мына кестеден көруге болады: Жылдар Барлық мектептердің саны Оқушылардың саны 1914-1915 1923-1924 1925-1923 1927-1928 1929-1930 105524 91837 103276 118558 133197 7896 7962 10219 11466 13515 20-жылдардың аяғында мектептер жүйесі мен оқушылар саны 1944 жылмен салыстырғанда біршама артты. Сонымен айта кетуіміз қажет, тек ғана бастауыш мектептердің жүйесі өсіп отырған жоқ, сонымен қатар жетіжылдық және орта мектептердің саны да артты. 1922 жылдан 1926 жылға дейін жетіжылдық мектептердегі оқушылардың саны 3 есе артты. Оқушылардың әлеуметтік құрамында үлкен өзгерістер болды. Кеңес мектебінің оқушыларының негізгі құрамы еңбекшілер балаларынан тұрды, жұмысшы-шаруа балаларының саны артты. Мектептердің материалдық-техникалық базасы біршама жақсарды. Оқулықтар, оқу және көрнекті құралдар алуға, мектеп үйлерін жөндеуге және мектеп үйлерін салуға қаражат бөлінді. Кеңес үкіметі ауыл үшін жазу құралдарын, оқулықтарды, оқу құралдарды және көрнекті құралдарды тегін алуға қаражат бөлді. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру. 1930 жылы сәуір айында өткен халық ағарту ісі бойынша ІІ Бүкілодақтық партия кеңесі дамудың қазіргі сатысында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру проблемасы негізгі проблема екендігін атап өтті. Кеңес жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің кең ауқымды бағдарлама Скачать |