Кеңес мектебі мен педагогикасы (1980-1991 ж.ж.)
Кеңес мектебі мен педагогикасы (1980-1991 ж.ж.)1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы. 1. Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының егізгі бағыттары (1984). 2. Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері, дамуы. 3. Жаңашыл мұғалімдердің ғылыми-теориялық және әдістемелік ізденісі. 1. Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары. 80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия “Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын” (1984) дайындады. Бұл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласындағы партияның стратегиялық бағыты белгіленді. Реформаның қағидаларының дамуына партия бірнеше қаулылар қабылдады, онда рефроманы іске асырудың жолдары нақтылы талданылды және білім беру органдарының мектеп басшыларының, мұғалімдердің, шығармашылық одақтардың және ұйымдардың реформаны іске асырудағы міндеттері айқындалды. 70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, кризис пен тақыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдай оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, жанұяның тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жұмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделгендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды. Елде қалыптасқан крезисалды жағдай қоғамдық өмірдің тереңдей және шиеленісе түскен тоқырау және қолайсыз құбылыстардың негізінде қалыптасқан екі негізгі қайшылықтардың себебіне байланычты болды. Бірінші қайшылық ерекше өскелең қоғамдық өмірдің жалпы адамға және оның ішінде мектеп оқушыларына қойылған талаптармен мектептегі тәрбие мен оқытудың ескірген мазмұнымен, түрлері мен әдістерінің арасындағы қайшылық. Екінші қайшылық мектептің барлық өмірін ұйымдастыру сипаты мен балалардың өздерінің арасында пайда болды. Өзгеріске ұшыраған өмір мектеп оқушыларына жаңа талаптар ғана қойған жоқ, оның өзін де өзгертті. Балалардың рухани және материалдық қажеттіліктері, қызғулары артты. Көпшілік ақпарат құралдарының дамуы балаларды жан-жақты хабардар етті. Қоғамдық өмірді демократизациялау әлеуметтік белсенділік, өздерінің азаматтық құқтарын түсіну, қоғамдық оқиғаларға қаысу, қызығуы бойынша ерікті бірігу үшін жағдайлар жасалды. Акселерация балалардың физиологиялық жағынан жетілуін тездетті. Мектепте, бір жағынан, өскелең талаптарымен, әлеуметік-психологиялық және дене мүмкіншіліктерімен өзгерген балалар қалыптасты, екінші жағынан, оқу-тәрбие жұмысының ескі мазмұны, формалды түрде қалыптасқан түрлерімен әдістер сол күйінде қалды. Мектептер өмірдің жаңа талаптарына даяр болмады. Осындай негізгі қайшылықтардың шиеленіскен жағдайында мектеп реформасының қажеттігі идеясы күн тәртібіне қойылды. Оны іске асырудың тұрақтап қалуы, ілгері баспауының себебі, оны іске асыру қоғамдық өмірдің барлық саласын қайта құрудан бұрын жүргізілді, тек ғана бір ғана сала – білім беруде қолға алынды. Реформаның эволюциялық сипаты қайта құрудың революциялық мәнімен қайшы келді. Рефора мектептің әлеуметтік сұранысын орындаудың экстенсивтік түріне бағытталды.Осындай жағдайдан келіп, мұғалімдер, ғалымдар, ата-аналар, журналистер баспа бетінде өздерінің революциялық ұсыныстары мен мектепті қайта өзгертудің қажеттігін және жобаларын ұсына бастады. Әсіресе, баспасөз бетінде М.М.Постниковтың және Ю.П.Азаровтың жобалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар “Учительская” газетінің бетінде білім беру жүйесін қайта құру туралы әртүрлі мақалалар жарияланды. М.Постников кеңес мектебінің “құрылымын, оның тамырымен қатты сынға ала отырып”, оның бұқаралық сипаты және еңбекке бағытталғандығы екірген элитарлық-гимназиялық қағидасымен “пәндерді оқыту немесе ғылым негіздерін” оқытумен ұштаспайды деп көрсетті. Ол орта мектепте ғылымдардың негіздерін оқытуға қарсы болды, ғылым негіздерін оқытудың орнына жобаның авторы мектеп баланы өмірге дайындау қажет дейді. М.Постников жобасының кемшілігі күнделікті балаларды өмірге даярлау қажеттігі туралы утилитарлық-тәжірибелік, прагматикалық түсінікте жатыр. Бұл жобаның кемшілігі: орта мектепте ғылым негіздерін оқытуды жоққа шығаруы. Ал екінші жобаның, Ю.Азаровтың ұсынған жобасының мәні М.Постников сияқты пәндік оқытуға ғылым негіздерін оқытуға қарсы болды. Ол “пәндік оқытуды” кешенді бағдарламамен өзгерту қажеттігін күн тәртібіне қойды. “Мәселен, оқу, жазу, ауызша сөйлеу бір пәнге бірікті – тіл өнері”. Ол оқу орындарында негізінен гуманитарлық және эстетикалық пәндер циклін оқытуға ерекше мән берді. Жоғарыда келтірілген жобалардың қай-қайсы да сол кездегі мектеп өмірінде қалыптасқан жағдайды тоқырауды, реформаны іске асыра алмады, уақыттың талабына жауап бере алмады. Реферона одан әрі туралый берді. Мектептегі кризистің негізгі себебі реформаны психологиялық, ғылыми-педагогикалық және материалдық тұрғыдан даярлықсыз жүргізілгендігінде. Бұл кезеңде мектептердің оқу жоспарына реформаға байланысты бірнеше жаңа пәндер енгізілді: “Кеңес мемлекеті мен құқының негіздері”, “Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы”, “Информатика және есептеу техникасы”, “Қоршаған ортамен танысу”, “Өндіріс негіздері. Мамандық таңдау” кейінгі жылдары оқу жоспарларынан алынып тасталды. Реформаның негізінде мектептерде оқу-өндірістік комбинаттары негізінен кеңінен ұйымдаса бастады. Сол кезде мектептерде ұйымдас оқу-өндірістік комбинаттар (УПК) материалдық игіліктерді өндіруден алшақ болды, оның орнына оқушылардың өндірістік оқуына баса көңіл бөлді. Кейін өмірдіңөзі оның дәрменсіздігін көрсетті. 1980 жж. тоқырау жылдары деп аталса, бұл кезеңде, яғни 1970-жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың бас кезінде мектептерде және жоғары оқу орындарында Л.И.Брежневтің “Тың”, “Өрлеу”, “Кіші жер” еңбектері міндетті түрде оқып-үйрету іске асты. Брежнев қайтыс болғаннан кейін, 1984 жылы, мектеп реформасы жүргізілді, реформа өзінің ойланылмаған ұйымдастырушылық қадамдарымен білім беру саласында тек ғана тоқырауды қиындата түсті. “Тоқырау” М.Горбачевтің “қайта құруымен” ауысты. Сонымен, жүргізілген қайта құрудың нәитжесінде еліміздің саяси және экономикалық жүйесі шайқалды, ұлтаралық қанды қақтығыстар мен СССР құлауына алып келді. 1980 жж. аяғында жалпы сенімсіздік жағдайында демократияға, жариялыққа, рухани және экономикалық өрлеуге, білімге ұмтылыс кенеттен түсіп кетті. Мәселен, 1989 жылы тек ғана мектеп бітірушілердің 10 пайызы оқуға қызығушылық білдірді, оны әлеуметтік құндылықтардың тізімінде тек ғана орта жерінде атады. Сөз жоқ, бүкіл Ресейлік білім беру жүйесін қамтыған өзгерістердің жағымды жақтары да болды. Білім беру жүйесіне мемлекеттік монополияның жойылуынан кейін жаңа тұрпатты мектептер мен оқу орындары пайда бола бастады. Мемлекеттік оқу орындарымен қатар ақылы білім беру жүйелері, жаңа тұрпатты оқу орындары, гимназиялар, лицейлер, колледждер, атаулы мектептер, авторлық мектептер пайда бола бастады. 2. Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері. 1980-1990 жж.аралығында жалпы білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Міндетті оқытудың мерзімі қысқарды: бастауыш мектеп және толық орта мектептің арасында аралық саты қалыптасты, мемлекеттік емес (жекеменшік) оқу орындары пайда болды. Жекеменшік оқу орындары ақылы оқытылды, кейбіреулері өте қымбат тұрды. 1994-95 оқу жылында Ресейде шамамен 450 мемлекеттік емес бастауыш және орта мектептер болды. Онда 40 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алды, бүкіл оқушылардың шамамен 0,1 пайызын құрайды. Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады: 1-саты – бастауыш мектеп (3-4 жыл); 2-сатысы – негізгі жалпы білім беру мектебі (5-6 жыл); 3-сатысы – толық рота мектеп (8-12 жыл). Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің барлық үш сатысында жалпы ұлттық білім беру стандарттарының шеңберінде азаматтарға оқытудың жалпыға бірдейлігі мен тегіндігі қамтамасыз етілген. Пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т.б.) конкурстық негізде қабылданады. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және таңдау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жылдан 4 жылға дейін) техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2 ден 4 ке дейін). Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді. Жоғары білім беру жүйесіне университеттер, академиялар және институттар кіреді. 1987 жылы басталған жоғары мектепте реформа одан әрі жалғасты. Реформаның жетекші идеясы жоғары білім беру жүйесін демократияландыру болып табылады, оқу үрдісін ұйымдастыруды өзгерту және оқу орындарын басқару, жоғары білім берудің мазмұнын деидеологизациялау. Жоғары оқу орындарының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары оқу орындарының өмірі елеулі өзгерді. Көптеегн жоғары оқу орындары коммерсиялық жұмыспен айналысты.Жоғары мектепте тегін білім алумен қатар ақылы оқыту кең өріс алды. 1980 ж.ж.аяғына дейін Ресей әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердіңа ішінде жекеменшік жоғары оқу оырндары болмаған бірден-бір ел болды. 1980-1990 ж.ж. Ресейде мемлекеттік емес (ақылы) жоғары оқу орындары пайда бола бастады. Ресейде мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін арнаулы шаралар алынды, мәселен, “Жыл мұғалімі” аймақтық, ұлттық сайыстар өткізілді. Жалпы Ресейлік сайыстың жеңімпазы атанды. Ресей ғалымдары идеалдық мұғалімні Скачать |