А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру


А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру

 

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы өзара сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне оқыту мен тәрбиелеу мақсаты: шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілік әлеміне жетелеу, сабақты қызу еңбекке құру, оларды құр тыңдаушыдан еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінген. Біз А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы сабақтастықты зерттей келе, олардың «толық адам» болуға ұмтылу идеясын алсақ, оған жету жолдарын білім, ғылым іздеу, өнер үйрену, еңбектенуді әдетке айналдыру, өзін-өзі жетілдіріп отыру, Аллаға, ақиқатқа, адамға сүйіспеншілікпен қарау, осылардың барлығы табылса «сонда толық боласың елден бөлек», ұлы ғұламалардың өмірбаянын оқытуда бірізділікті, жүйелілікті көздеумен бірге, біртіндеп өсу жолдарын көрсеттік. Біздің жасаған қорытындымыз бойынша Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойларының сабақтастығығындағы студенттердің белсенділігінің көрінісін: олардың тақырыпты меңгеруге ынтасы, білуге ұмтылуы, өз қабілетіне сенімі, жұмыс істеуге құлшынуы мен құштарлығы, тапсырманы сенімді түрде қабылдауы, алған білімдері мен біліктерін практикада нәтижелі қолдана білуі, әрекеттенуі, дербестігі деп түсінуге болады. Жалпы А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтің педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру студенттердің өзін-өзі көрсете білу және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтің педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің

Сурет 1 – А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбие, ұлттық мінез-құлықты байқататын ой-пікірлерінің өзара ықпалдастығы

оқу-тәрбие үрдісіне ендіруден туындайтын мотивациялық, мазмұндық, бағалау-нәтижелік компоненттерін құрайды. Бұның бәрі нақты деңгейлермен студенттердің белсенділік сипатының көмегімен шешімін табады. Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық ойларының сабақтастығындағы студенттердің белсенділігінің даму деңгейлерін 2-кестеден көруге болады. Мотивациялық компонент - Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларын оқып-үйренуге деген ынта-ықылас қою, қажетсіну, жаңа білім алуға студенттердің бағыттылығы, тәлім-тәрбиелік сезімге деген дұрыс сезімімен қамтамасыз етеді. Мазмұндық компонент - оқытушының тікелей немесе жанама түрде қатысуымен ұйымдастырылған жұмыс барысында игерілетін білім мен әрекет тәсілдерінің жүйесін қамтиды. Оны іске асыруда бұрыннан меңгерген біліміне сүйене отырып, ғылым негіздерін игеруі, практикалық тапсырмаларды өздігінен шешуі, ой дербестігі, шығармашылық әрекеті қалыптаспақ. Бағалау-нәтижелік компонент – оқудың нақты міндеттерін шешу барысында студенттердің жұмыстың мәні мен пайдасын ұғынуы, өз жұмысының сапасын бағалауы, өздігінен бақылау, өз жұмысының кемшіліктерін дер кезінде анықтап, оны түзетуі, өзін-өзі бағалауы. Оқыту үрдісінде студенттердің білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса құрамадас бөлігі болып есептеледі. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығындағы студенттердің белсенділігін дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелерінің көрсеткіштері төмендегідей белгілерді алуға мүмкіндік берді: - тәлім-тәрбиелік үрдісіндегі белсенділігі; - өздігінен шығармашылық әрекет жасауға ынтасы; - орындалатын жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай білуі - игерілген білімді практикады қолдана білуі - өз іс-әрекетіне баға беруі, өзіндік бақылауы. Осы келтірілген көрсеткіштің негізінде Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов шығармаларының педагогикалық идеяларының сабақтастығы арқылы студенттердің белсенділігін дамытуды мынадай өлшемдер арқылы анықтадық: - білімге қызығушылығы, жаңа білімді игеруге бағытталуы; - шығармашылық әс-әрекеті; - білімді тәжірбие жүзінде пайдалана білуі. Студенттердің ең жоғары деңгейі тәлім-тәрбиелік міндеттерді шешуде тиімді жолдарды пайдалана білуімен, ынта-ықыластың жоғары болуымен және өз әрекеттерін бақылап, өзіндік баға берумен сипатталады. Орта деңгейде студент тәлім-тәрбиелік әрекет деңгейін өз бетінше орындауда оқытушының көмегінің қажет етуімен сипатталады. Төменгі деңгейде студент тапсырманы үлгі бойынша оқытушының нұсқауымен орындайды. Студенттер арасында жүргізілген сауалнама, сұхбат, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап алу барысында Абай, Шәкәрім, М.Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар сабақтастығын қаншалықты деңгейде меңгергені анықталды. Ол студенттердің білім сапасын мына деңгейлерде көрсетуге мүмкіндік берді. Төменгі деңгей. А.Құанабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойлар жүйесін және тәлім-тәрбиелік мүмкіндігін анықтай білмеуі, түсінбеуі. Ортаңғы деңгей. Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық иедялардың сабақтастығын анықтағанымен, жұмыс практикасында қолдана алмауы, оларға еркін сипаттама бере алмайды, тәлім-тәрбиелік ерекшеліктерін меңгеруге талпынысы үстірт, өз бетімен жұмыс істеуге қиналады. Жеткілікті деңгей. Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойлар жүйесін және тәлім-тәрбиелік мүмкіндігін білгенімен, оларға еркін сипаттама беруде қиналады, материалдарыд оқытушының көмегімен пайдаланады. Жоғарғы деңгей. Студенттердің ғылыми педагогикадағы тәлім-тәрбиелік ойлар жүйесіне сүйене отырып, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын анықтай алуы және оны жұмыс практикасында қолдану мүмкіндіктерін: мазмұны, әдіс-тәсілдері, формаларын нақты өлшемдер арқылы сұрыптай біледі, құралдарды, көрнекіліктерді іс-тәжірбиесінде шығармашылық ізденіспен, еркін пайдаланады. Тәжірбиелік-эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Бірініші - кезең. Тәжірбиелік-эксперимент жұмыстардың ұйымдастырудың анықтау кезеңінде өткізілген сабақтардың нәтижесі анықталып, сабақ кезінде оқылған шығармалардың педагогикалық мазмұнын толық түсінбеуі, оны игеруге деген қызығушылығының төмен деңгейде болуы, өздерінің педагогикалық ойларын дұрыс жеткізе алмауы, өз беттерімен педагогикалық шығармалардың көзқарастарын іздестіріп, жұмыс істеуге талпынбауы, шығармашылықа аса көңіл бөлмейтіндіктерін байқадық. Анықтау экспериментінің нәтижесінде төмендегідей қорытынды шығардық: - студенттердің сабақтағы белсенділігі төмен; - өздігінен шығармашылық әрекет жасауға дайын емес; орындаған жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай алмайды, игерілген білімді практикада қолдануға әрекет жасамайды; өз іс-әрекетіне баға беруі, өзіндік бағалауы нашар. Сондықтан осы олқылықтарды толтыру мақсатында жоғары оқу орындарының, әсіресе, педагогика мамандығы бойынша арнайы курс ендірілуі керек деп ұйғарып, оның бағдарламасын түзіп, іс жүзінде тексеру жұмысын жүргіздік, оны екінші кезеңде қарастырамыз. Екінші - кезең. Қалыптастыру кезеңінде тәжірбиелік жұмысымыз үш ғұламаның шығармаларын студенттерге тапсырмаларды орындату, оны оқу үрдісіне тексеру, өздігінен және дербес орындайтын тапсырмалар арқылы белсенділігін дамытып, білім деңгейлерін жетілдіру негізінде өтті. Сонымен қоса арнайы бағдарламалары жасалып, оқу үрдісінде сынақтан өткізілді, нәтижелері, қорытындылары кафедра мәжілісінде, әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланды. Кесте 2 - Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтастығындағы студенттердің белсенділігінің даму деңгейлеріы Компоненттері Деңгейлері Студенттердің оқу белсенділігінің сипаты Мотивациялық Жоғары Білімдерге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталуымен ерекшеленеді Орта Білімді игеруге ынталы жұмыс істейді, қиындықты жеңуге белсенділік танытады Төменгі Қызығушылығы төмен, тапсырманы орындауға ынта қоймайды, жаңа білімді бағытталуы төмен Мазмұндық Жоғары Шығарманы оқығанда тақырыптың ең басты идеясын түсініп, жаңғыртады, мақсаттары мен міндеттерді анықтай біледі, жұмыстың толық жоспарын жасайды, шығармашылық жұмыстарды жоғары дәрежеде атқарады Орта Тақырыптың жалпы мазмұнын түсініп, осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтыламайды, игерілген материалдың ерекшелігін әрқашанда ескере бермейді, өзін-өзі бақылауға ішінара белсенділік көрсетеді Төменгі Оқылатын материалдың ерекшелігін және оның мақсатын ескермейді, жоспарлау алға қойылған мақсатсыз іске асырылады, өзін-өзі бақылауға көңіл бөлмейді Бақылау- Нәтижелік Жоғары Студент өзінің оқу-тәрбие әрекетінің мақсатын өз бетінше айқындайды, үнемі өз бетінше білім алады, жұмыстың мақсаттыры мен міндеттеріне байланысты өзін-өзі бақылайды Орта Оқу-тәрбие әрекетті оқытушының көмегімен жүзеге асырады, осы негізде тапсырманың мақсатын өзі айқындайды, өз бетінше білім алуға талпынады Төменгі Оқу-тәрбие әрекет мақсатын ат үсті қабылдайды, өз бетінше жұмыс істеуге, өз бетінше білім алуға талпынбайды

Арнайы курс бағдарламасы: Тақырыбы: “Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру” Бұл курсты педагог емес мамандықтар үшін де оқуға болады. Арнайы курс психология, педагогиканың теориясы, тәрбиелеу әдістемесі, философия, тарих пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан, осы пәндермен қатар не болмаса олардан соң оқыту тиімді нәтижелер беруі күмәнсіз. Курс бойынша оқылатын дәріс, семинар жұмыстармен бірге реферат жазу, өзіндік жұмыстар астарласып қатар жүреді. Қазіргі кезде барлық жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі ендірілуде. Осыған орай, арнайы курстың тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс орындауға болады. Арнайы курстың мақсаты педагогика тарихында алған білімдерін тереңдетіп, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М. Әуез 



Скачать