Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі


Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі

 

ИСЛАМ - ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБIТШIЛIКТIҢ КЕПIЛI Өткен жолғы (Ислам және өркениет газеті, №4 Сәуір, 2001 ж.) «Дiни экстремизм мен терроризм» деп аталатын мақаламда хақ дін исламның Батыс елдерінде пайда болған әлеуметтік аурулар уә саяси конспирациялармен ешқандай байланысының жоқ екенін көрсетіп едім. Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін. Бұған қарамастан, соңғы жылдары бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке үлкен қауіп төндіретін террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі күшеюде. Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер, әскери басшылар, ықпалды іскер топтар уә қаржы бұлақтарын меңгеруші күштер ислам дінін қаралау науқанын ұйымдастырғандай. АҚШ-тың екі үлкен қаласында 11 қыркүйек 2001 ж. болған және кім тарапынан, не үшін ұйымдастырылғаны әлі нақтылы әшкереленбеген уақиғалар, өкінішке қарай ислам дінін қаралап, мұсылмандарға шабуыл жасау үшін қолданылуда. Ақпарат көздерінің айтуына қарағанда АҚШ, Англия, Германия, Франция қатарлы Батыстың көптеген дамыған (!) һәм демкоратиялық (!) елдерінде мұсылмандарға, мешіттер мен ислам мәдениет орталықтарына бомбалы шабуылдар жасалған, ондаған бейкүнә мұсылмандар тек мұсылман болғандықтары үшін өлтірілген, кейбір долыланған адамдар мұсылман әйелдердің жаулықтарын басынан жұлып алған т.т. Заманауи заң жүйесінде еш орны жоқ бұл сорақылықтың негізінде мұсылмандарға деген өшпенділіктің, Батыс өркениеті мен нәсілдерінің үстемдігін жақтайтын күштер және мұсылмандар мен христиандарды бір-біріне айдап салғысы келетін енді біреулердің мақсаттары бар. Әйтпесе, ислам шариғаты мен заманауи Батыс құқық жүйесі бойынша «біреудің күнәсін басқа біреу көтермейді» деген қағида бар. Әркім өзінің жасаған қылмыстарына өзі жауап беруі керек, бейкүнә адамдарды жазалау қылмысты жоймайды. Мыңдаған университеттері мен зерттеу институттары бар Батыс елдері исламның шын мәнінде бейбітшіліктің қайнар көзі һәм кепілі екенін білмейді дейсіз бе? Сонау, XІІІ-XІV ғасырлардан бастап, жүйелі түрде исламиятты, Шығыстың мұсылман халықтарын зерттеген Батыс елдері хақ дін исламның ешбір қағидасында зорлық-зомбылықтың, аяусыз қатыгездіктің, жабайылықтың жоқ екенін сізден де бізден де жақсы біледі. Онда олар неге былай істейді деген заңды сұрақ пайда болады. Иә, қымбатты ағайын, мәселе білмегендіктен емес, мәселе саяси-экономикалық жоспарларды жүзеге асыруда. Батыс елдерін өз билігінде ұстап отырған күштер бұрынғы Шығыс блогын, яғни социализмді төңкеріп, жұртын өзіне қаратып алды. Енді, олар исламмен есептескісі келеді. Жершарындағы стратегиялық байлық көздерінің 70 пайызы мұсылман елдерінің жерінде сақтаулы. Энергия бұлақтарының салмағы Таяу Шығыстан Орталық Азияға ауысып келеді. Таяу Шығыстағы басты кен көздері 15-20 жылдан кейін маңыздылығын жоғалтпақ. Ал, осы арада Орталық Азия аймағының маңыздылығы өсуде. АҚШ-тың ондаған мемлекет құрылымдарында жыл сайын келесі 10, 20, тіпті 50 жылдың стратегиялық жоспарлары мен ықтималды сценарийлерінің жасалатыны белгілі. Өкінішке қарай, осы сценарийлерде мұсылмандарға орын жоқ болып шығуда. Бұл туралы төменде кеңірек тоқталамыз. Алдымен, ислам дінінің бейбітшілікке қаншалықты мән бергені жөнінде еліміздегі мұсылман қауымға мыналарды айтпақшымын: Біріншіден, адам қоғамы бар жерде сол қоғамдық өмірді реттеуші, тәртіптеуші ережелердің болатыны сөзсіз. Ислам діні осы ережелерді түгелдей қамтитын жаңа құқық жүйесін әкелді. Ал, мемлекет институты белгілі бір қоғам мүшелерінің ортақ шешімімен қалыптасатын яки оларды белгілі бір билікке бағындыратын құрылымдар мен ережелердің ұйымдасқан түрі. Құран Кәрім аяттары негізінде мұсылман ғұламалары сонау VIII-ғасырдан бастап, халықаралық қатынастар, мемлекеттік құқық салаларында керемет кітаптар жазып, негізгі қағидаларды анықтап, көрсеткен. Мысалы, Пайғамбарымыздың тікелей ұрпағы Зейд Әлиұлы (уаф. 740 ж.) жазған «әл-Мәжмұғ фи-л-Фиқһ», ханафи фиқһының әйгілі ұстаздарынан Мұхаммед Хасанұлы әл-Шейбани (749-805) жазған «әл-Сиәр әл-Сағир» және «әл-Сиәр әл-Кәбир», Мұхаммед Ахмедұлы әл-Серахси (уаф. 1090 ж.) жазған «әш-Шәрх әс-Сиәр-ұл Кәбир», Имам әл-Шафиғи (767-820) жазған «әл-Ұмм», Мәлiк Әнесұлы (708-795) жазған «Китаб-ұс-Сиәр», Әбу Йұсұф (731-798) жазған «Китаб-ұл-Хараж» қатарлы жүздеген еңбектерді айтуға болады. Еуропада осы салалардағы алғашқы еңбектер тек XVI-ғасырда ғана пайда болған. Олардың көш басшылары Франсиско де Витория (Francisco de Vitoria, 1492-1546), Васк де Менкаха (Vasques de Mencaha, 1512-1569), Балтазар де Айала (Baltazar de Ayala, 1548-1584), Гуго Гроций (Hugo Grotius, 1583-1645) қатарлы заңгерлер (олар да мұсылмандардың қол астында болған Андолусия мәдениетінің адамдары - М.Б.). Ислам ғалымдары мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктерді шешуде екі жақтың мүдделерін тең тұрғыдан сараптағанымен, еуропалықтардың еңбектерінде олардың құқықтары басқалардың құқықтарынан ылғи да жоғары дәрежеге қойылған. Құран Кәрімдегі мына аятта былай делінген: «60/8: Сендермен дін бойынша соғыспаған және сендерді жұрттарыңнан қуып-шықпағандарға жақсылық жасап, әділетті болуларыңа Аллаһ шек қоймайды. Күдіксіз, Аллаһ әділетті болғандарды жақсы көреді. 60/9: Аллаһ, тек сендермен дін бойынша соғысқандарды және сендерді жұрттарыңнан қуып-шыққандарды және оларға болысқандарды дос тұтуларыңа шек қояды. Кім сондайларды дос тұтса, міне, солар залымдардың тап өзі!» Демек, мұсылмандар жоғарыдағы аятта көрсетілген зұлымдықтарды жасамағандардың барлығын да дініне, ұлтына, тіліне қарамастан дос тұтуға ерікті. Сол себепті, халықаралық келісімшарттардың мұқият орындалуы қағидасы ислам шариғатында аса маңызды орын алады. Мұсылмандар өздері қол қойған шарттарды мүлтіксіз орындаған. Құран Кәримде бұл туралы хүкім анықталған: «5/1: Ей, иман етушілер! Өздерің бекіткен уәделеріңді орындаңдар!» «17/34: Уәделеріңді орындаңдар! Өйткені, берген уәделеріңе (анттарыңа) жауаптысыңдар!» «16/91: Тараптармен анттасқанда (келісімшарт жасасқанда) Аллаһтың уәдесін орындаңдар! Бекіткен анттарыңды ешқашанда бұзбаңдар. Өйткені, сендер ант бергенде Аллаһты өздеріңе кепіл етесіңдер! Анығында, Аллаһ не істегендеріңді біледі» Мұсылмандарды берген уәдені орындауға, яғни уәдеге берік, адал болуға итеретін күш – ол, Аллаһ Тағаланың алдындағы жауапкершілік. Мұсылман егер уәдесінен жалтарса, онда басқа діннің уәкілдері мұны исламға қарсы қолдануы бек мүмкін. Сол себепті, мұсылман өзінің дініне зиян бермес үшін берген уәдесін мұхаққақ (міндетті түрде) орындайды. Мына аяттарда осы мәселенің маңыздылығы көрсетілген: «16/92: Бір жамағат екінші бір жамағаттан (сан және байлық жағынан) күштірек (көбірек) деп, берген анттарыңды араларыңда айла жолына айналдырып, жібін әбден жақсы иіріп алған соң қайта тарқатқан әйелге ұқсамаңдар. Алайда, Аллаһ мұнымен сендерді емтихан етуде!». Аллаһ Тағала уәдені орындамайтындардың қандай ақибетке ұшырайтыны жөнінде былай дейді: «16/94: Уәделеріңді өз араларыңда айланың құралы етпеңдер. Олай істесеңдер, ислам жолында мықты тұрған аяқтарың тайып кетеді де адамдарды Аллаһ жолынан тосқандықтарың үшін жамандыққа ұшырайсыңдар. Сендерге ахиретте де үлкен азап бар!» «9/4: Ләкин, мүшриктерден сендермен келісімшарт жасасқандар сол келісімге қайшылық істемесе, сендерге қарсы ешкімге көмек бермесе, онда олармен жасаған тоқтамдарыңды уақыты біткенше орындаңдар. Шынында, Аллаһ нахақ жолдан сақтанушыларды жақсы көреді!» «9/7: әл-Харам мешітінің қасында сендермен келісім жасасқан мүшриктер уәделерін орындаған сайын, сендер де уәделеріңді орындаңдар. Шынында, Аллаһ өзінің бұйрықтары мен тыйымдарына қарсы келуден және уәдеден таюдан сақтанушыларды жақсы көреді» Осы аяттарда шарт жасасқан тарап мүшриктер, яғни Аллаһ Тағалаға ортақ қосушы кәпірлер де болса уәдені орындаудың шарт екені көрсетілген. Халықаралық шарттарда қол қоюшы тараптардың мұсылман елі болып-болмағандығына қаралмайды. Мұсылмандар осындай шарттарды мұхаққақ орындауға тиісті. Уәдені орындаушыларды Аллаһ Тағала Құран Кәрімінде мадақтаған: «13/20: Ол ақыл иелері-кім, олар Аллаһтың уәдесін орындайды да берген сертінен таймайды!» «2/177: Ізгі амал істеушілер уәделеріне берік болушылар-дүр» Бейбітшілік келісімін орындау жағынан Пайғамбарымыздың өмірінен мынандай мысалды келтірелік. Пайғамбарымыз Меккелік мүшриктермен (ортақ қосушылармен – М.Б.) Хұдайбия деген жерде бейбітшілік туралы шарт жасасқан-ды. Осы шарттың бір бабы бойынша Меккеліктерден кімде-кім мұсылмандықты қабылдап, Мәдинедегі мұсылмандарға барып, қосылғысы келсе, Мәдинедегі мұсылмандар оның өтінішін кері қайтарып, оны Меккелік мүшриктерге апарып, тапсыруы шарт еді. Шартқа қол қойылғаннан кейін Мекке тұрғындарынан Әбу Жәндел деген кісі исламды қабылдайды да Мәдинедегі мұсылмандарға қашып барады. Ол, Пайғамбарымызға барып, өзін қамқорлыққа алуын өтінеді. Пайғамбарымыз оны жоғарыдағы шарт бойынша Меккеге қайтарады. Әбу Жәнделдің Меккеге қайтқысы келмейді. Сонда, Пайғамбарымыз оған: «Ей, Әбу Жәндел! Біз Құрайышпен шарт жасастық. Олар бізге, біз оларға Аллаһ атымен ант бердік. Бұл анттан бас тарта алмаймыз!» дейді (әл-Бұхари, Шұрұт, 15-хадис және Ибн Һишам, әс-Сирет-үн-Нәбәуия, 3-том, 333-бет). Демек, мұсылмандардың уәдені адал орындайтынын Әз Пайғамбарымыз өз өмірінде көрсеткен. Осы тарихи фактілер бұл күндері мұсылмандарды террористікпен айыптаушылардың сөздерінің дәйексіз екенін көрсетеді. Пайғамбарымыз Меккемен қол қойылған бейбітшілік келісімін сақтау үшін мұсылман бауырын мүшриктерге қайтарып берген. Демек, фиқһта (ислам құқығында) қол қойылған келісімшарттың құқығы ағайыншылық құқықтан да жоғары. Мұнда бекітілген халықаралық құқ 



Скачать