Жұма күнінің әдептері


Жұма күнінің әдептері

 

ЖҰМА КҮНІНІҢ ӘДЕПТЕРІ

 

 

            Әрбір мұсылман жұма күнінің фазилеті мен ерекшелігін біліп сезінгені дұрыс . Жұма күні – күндердің ең абзалы  әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді . Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады . Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп , әдептерін ұстанса  Аллаһ оның сауабын арттырып , күніларын кешіреді . Бұл күнде бір сәт бар . Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді . Пайғамбарымыздан( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жеткен бір хадисте былай делінген  :

            Күндердің ең абзалы жұма күні . Бұл күні Адам атамыз жаратылған . Және осы күні жаннатқа кіргізілген . Әрі осы күні одан шығарылған . Қиямет те осы жұма күні болады .

                                                                                      /Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен ./

           

Ибн Аббастан келген хадисте Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) осы жұма күні туралы былай деп айтқан :

            Расында бұл күн Аллаһтың мұсылмандар үшін мейрам еткен күні . Сендерден біреу жұмаға келетін болса ғұсылдансын ( толық жуынсын ). Және кімде иіс су бар болса себінсін . Әрі мисуакпен¹ тістеріңді тазалаңдар .

                                                   / Ибн Мажа риуаят еткен . Албани хасан хаддистерден деген /

 

            Абу Һурайрадан келген сахих хадистердің бірінде жұма күнінің фазилеті мен артықшылығы жайында былай делінген :

            Кім ғұсылданып жұма намазына барса . Әрі өзіне бұйырған нәпіл намазын оқыса . Одан соң имамның құтпасын ақырына дейін мұқият тыңдаса . Кейін онымен бірге намаз оқыса , онда ол үлкен күнәларға ұрынбаған болса осы жұма келесі жұма арасындағы кәші күнілары кешіріледі . Және оған қосымша үш күн . ( Яғни , жалпы он күндік күнәлары кешіріледі )

                                                                                                                    / Муслим риуаят еткен /

 

            Және Абу Һурайрадан риуаят етілген шарапатты хадистердің бірінде :

            Жұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде  со сәтке тұс келіп бір жақсылықты сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді , - делінген .

                                                                                                                   / Муслим риуаят еткен /

 

            Ал , енді төменде мұсылманға істеуі абзал болған жұма күнінің кейбір әдептерін келтіреміз .

           

   1.Сол жұма күнінің таң намазының парызында  «Сәжде» және «Инсан» сүрелерін оқу .

           

Бұл әдепке Ибн Аббастан келген мына хадис дәлел болады . Ол хадисте :

Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жұма күнінің таң намазында  «Сәжде»  және  «Инсан»  сүрелерін оқитын – делінген . 

                                                                                                                    / Муслим риуаят еткен /

  1. Мисуак – дегеніміз арак деп аталатын ағаштан алынатын , тіс тазалау үшін қолданылатын бүтақша . Онымен тіс тазалау сүннет амалдарына жатады .

 

 2. Жұманың күндізі мен кешінде Пайғамбарға ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) салауатты көп айту .

           

           

Бұл әдепке мына хадис дәлел :

            Жұманың күндіші мен кешінде маған салауат айтуды көбейтіңдер .

                                                                 / Байһақи риуаят еткен . Албани хасан хадистерден деген /

 

 

3. « Кәһф » сүресін оқу .

 

            Бұл әдепке мына хадис дәлел :

Кім жұма күні « Кәһф » сүресін оқыса , онда оған екі жұма арасына нұр болады .

/ Абу Сағидтан Әл-Хаким мен байһақи риуаят еткен . Албани сахих хадистер қатарынан деген /

 

 

4. Жұманың күнін арнайы оразамен , ал түнін арнайы намазбен ерекшелемеу керек .

 

            Бұл әдепке  Абу Һурайрадан келген мына хадис дәлел . Ол кісі Пайғамабардың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

            Сендердің ешбірің жұма күнінің алдынан , не соңынан бір күнді қоспай , жалғыз ғана жұма күні ораза тұтпасын – дегенін естідім дейді .

                                                                                                      / Бухари мен  Муслим риуаят еткен /

            Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

            Жұманың түнін басқа түндерден арнайы намаз оқып ерекшелемеңдер деген – деп айтқан .

                                                 



Скачать