Өрнектер
ӨрнектерӨрнектер Өрнектер кейбір мәндерді есептеу ережесін белгілейді. Өрнектер тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдарды орындау белгілерінен және жақшалардан тұрады. Арифметикалық амалдар Төмендегі кестеде Турбо Паскальдің негізгі арифметикалық амалдары көрсетілген.
Логикалық амалдар Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады:
Типтері логикалық болып табылатын А және В айнымалыларымен орындалған осы амалдардың нәтижесі төмендегі ақиқат кестесінде бейнеленген:
Қатынас амалдары Қатынас амалдарына мынадай амал түрлерін жатқызуға болады:
Қатынас амалдарымен тек сандарды ғана емес, символдарды, жолдарды, жиымдарды және белгілерді салыстыруға болады.
Амалдарды орындау тәртібі Алгоритмдік тілдерде (Паскаль, Бейсик, Си т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикалық орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту т.б. амалдар орындалады. Төмендегі кестеде әр түрлі амалдардың орындалу реті көрсетілген.
Амалдардың орындалу тәртібін өзгерту үшін жақшаларды пайдалануға болады. Мысалы 2*5+10 өрнегінде әуелі көбейту емес, қосуды орындау қажет болса, 5 пен 10 санының қосындысын жақшаға алып жазамыз. Сонда өрнектің нәтижесі 20 емес, 30-ға тең болады. 2*(5+10)=30.
Негізгі математикалық функциялар Турбо Паскальдің жүйелік кітапханасында алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде фунцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Турбо Паскальдің негізгі математикалық функцияларына мыналар жатады: Abs(X) X-тің абсолюттік шамасын береді.
Cos(X), Sin(X) Х санының косинусын (синусын) береді, мұндағы Х – радиан бұрышы. Тангенс және котангенс функциялары Турбо Паскаль тілінде жоқ. Оларды есептеу үшін sin(x)/cos(x) (немесе cos(x)/sin(x) – котангенс үшін) өрнегі қолданылады.
ArcTan(X) Х санының арктангенcін береді.
Exp(X) е-нің Х дәрежесін есептейді.
Ln(x) Х санының натурал логарифмін есептейді.
Pi -дің мәні, pi = 3.14159265
Sqr(X) X-тің квадратын есептейді .
Sqrt(X) X-тің квадрат түбірін есептейді.
Trunc(X) Х нақты санының бүтін бөлігін береді. (Х санының бөлшек бөлігі алынып тасталып, функция нәтижесінің типі Longint болады)
Frac(X) X санының бөлшек бөлігін береді.
Int(X) Х санының бүтін бөлігін береді. Бұл функцияның Trunc функциясынан айырмашылығы есептеу нәтижесінің типі real түрінде болады.
Round(X) Х нақты санын бүтін санға дөңгелектейді.
Random(X) 0..Х диапазоны арасынан кездейсоқ бүтін санды анықтайды. Программада Random функциясын қолданбас бұрын, әуелі кейдейсоқ сандардың генераторы Randomize процедурасын іске қосқан жөн. Егер бұл процедура жазылмай кетсе, кездейсоқ сандардың бір тізбегі қайта-қайта шыға беретін болады. Мысал .-10..10 диапазоны арасынан кездейсоқ 5 санды шығару. var i: integer; begin randomize; for i:=1 to 5 do writeln(random(21)-10); end.
Inc(X,Y) Х-тің мәнін Y-ке арттырады. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, Х-тің мәні автоматты түрде 1-ге артады.
Dec(X,Y) Х-тің мәнін Y-ке кемітеді. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, X-тің мәні 1-ге кемиді. Скачать |