Құқықтық сана және мәдениет


Құқықтық сана және мәдениет

 

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекшетүрдетану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.

Құқықтық санадегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.

Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.

Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен  қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи  мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.

Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін.

Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз  жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ.

Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса “қарсылық көрсетті”.

Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.

Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс  жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін.

Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке адамның тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын ескеру керек. Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны сондықтан.

   Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.

Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық сананың белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты тұрақты элементтерін айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік, сондай-ақ  азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы ережелер кездесетіні анық.

Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру процесінің міндеті.

Құқықтық идеологиядегеніміз құқықтық сананың құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы- құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді бейнелейді.

Құқықтық идеологияға құқықты қоғам қажеттеріне сай келетін идеологиялық жағынан жетілген мәдени-тарихи доктрина етіп көрсету үшін оның мәнін, әлеуметтік құндылығын ашып беруге ұмтылыс тән. Бұған табиғи құқық концепциясы, норматившілдік теория, құқық пен мемлекеттің марксистік доктринасы мысал бола алады.

XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстан принципті түрде жаңа әлеуметтік-тарихи және геосаяси жағдайда отырды. Мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасын(1993 ж.) негізінен орындағаннан кейін оған да Қазақстанның мемлекеті мен азаматтары үшін Республика Президенттің “Қазақстан-2030”  стратегиясынан туындайтын және оны мемлекеттік-құқықтық салада нығайтатын жаңа құқықтық идеология керек болмай қоймайды.

Бұл құқықтық идеологияның концептуалды параметрлері:

1.   Құқықтық идеология Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары үшін өткендегі және қазіргі дүниежүзілік юриспруденцияның заң теориясы мен тәжірибесінен сындарлы және пайдалы дегеннің бәрін алуға тиіс.

2.   Құқықтық идеология Қазақстан қоғамы дамуының тұрақтылығы мен саяси топтасқандығына жәрдемдесуге тиіс.

3.   Құқықтық идеология жеке адамның рөлі мен құқықтарын мемлекетке алуға және кемітуге, қоғам мен мемлекетке қатынасы жөнінен егемендіруге емес, жеке даралық әлеуметтілік арқылы ғана болуы мүмкін объективті шындыққа

негізделіп құрылуға тиіс. Адам мен азаматтың міндеттерін өзінің жаратылысы бойынша әлеуметтік мәні болғандықтан, адам құқықтары туралы пайымдауларға араластырып жібермеу керек.  

4.   Құқықтық идеология Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайту, жан-жақты ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету қажеттігін негізге алуға тиіс. 1995 жылғы Конституцияда негізгі қаланған саяси биліктің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде кәсіби күшті және тиімді мемлекеттілікті дамытуға мүмкіндік туғызу керек.

Құқықтық сана құқықтық реттеу механизмімен тығыз байланысты. Біріншіден, ол заң нормаларын жасаудың алдында жүреді, өйткені, ол нормалар әрқашанда субъектінің санасы мен еркіне туелді; екіншіден, олармен қоса өне бойы іс-әрекет жасалады, өйткені құқық нормалары әрқашанда оларды субъектінің түсінуіне, оның санасы мен еркіне есептелген; үшіншіден, құқықтық сана құқықтағы олқылықтарды түсіндірумен анықталады, заңдарды жетілдіру мен дамытуды қамтамасыз етеді.

Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді.

Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен өткізуден тұрады. Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып табылады.

Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.

Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық  ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңг 



Скачать