Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы


Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                          4

 

1-тарау. Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы ОРГАН РЕТІНДЕ

1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні                                                      6

1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган  ретінде       16

 

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары                         32

2.2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары                                                                               51

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                             59

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                 61

 

 

КІРІСПЕ

 

1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді. Осы орайда, бүгінде Республикада қалыптасқан саяси-қоғамдық, құқықтық жағдайлар мен мемлекет алдында тұрған міндеттер заң шығармашылығының ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға, заң шығару процесін жетілдіру мен заңның жоғарылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді өз уақытында зерттеуді, құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды дер кезінде керекті заңмен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Заң шығару міндеттілігі ең алдымен негізгі заң шығарушы орган Қазақстан Республикасының Конституциясының 49-бабының 1-тармағымен Парламентке жүктелген. Заң шығару процесі мәселесі бүгінде аса өзекті мәселелердің қатарынан орын алған. 1995 жылғы Конституция бойынша заң шығармашылығы маңызды, жалпы мемлекеттік маңызы бар қатынастарды қамтиды. Ол қатынастардың дамуы, өзгеріп отыруы немесе тежелуі көбінесе заң шығару қызметінің табыстылығына байланысты. Заң шығармашылығының табыстылығы деп құқықтық реттелуге зәру, объективтік түрде себептелген қоғамдық қатынастардың дер кезінде, халық пен мемлекеттің мүддесіне сай заңи реттелуін, заң шығару процесінде кемістіктер мен кемшін тұстардың болмауын және тиісті қызметтің нәтижесі болып табылатын заңның қоғамның алға қарай қарқынды дамуына, мемлекетіміздің өркениетінің өсуіне қатысты қозғаушы бөлшек ретінде тұрақты қызмет етуін ұғынуымызға болады. Өйткені, заң шығармашылық мемлекеттік тәуелсіздік рухында, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, экономиканы дамыту мүддесінде заңдарды шығаруға арналған. Өз кезегінде, мұндай заңдар қоғамда, мемлекетте заңдылық пен конституциялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Демек, қоғамдық дамудың біршама жетістіктері қоғамдық қатынастарды заңи реттеу арқылы мүмкін болады деп есептейміз. Заң шығару процесінің мұндай маңызы әр уақыттағы ғалымдар арасында тиісті мәселеге қатысты зор қызығушылықтар мен орасан талпыныстар тудырып отыр.

Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Оның жаңалығы мен құндылығы қаралатын мәселенің маңыздылығында, Қазақстан Республикасының Парламентімен тиімді заң шығармашылығының қажеттігі мен оған ықпал ететін жағдайларды анықтап, мазмұндауда, сондай-ақ жұмыста баяндалған қорытындылар мен ережелерде байқалады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының Парламентімен  заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы мен заң шығармашылығының процесі табылады.

 

 

 

1-тарау. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ НЕГІЗГІ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАН РЕТІНДЕ

 

1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні

 

Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына байланысты мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол назар аударып отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық шығармашылығының мазмұнына және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес заманында С.С. Алексеев, О.А. Гаврилов, А.В. Мицкевич, Р.О. Халфина т.б. көптеген ғалымдар жүргізсе, бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп, жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті. Олар - белгілі ғалым-заңгерлер: С.З. Зиманов, В.А. Ким, Ғ.С. Сапарғалиев, С.К.Амандықова, С.С. Сартаев, М.Т. Баймаханов, С.А. Табанов, М. Құл-Мұхаммед т.б.

Құқықтың жалпы теориясы мамандарының еңбектеріне сүйене отырып құқық шығармашылығын анықтасақ, ол мемлекеттік құқықтың және оның жеке салаларының дамуын және жетілуін қамтамасыз ететін, халықтың еркін көрсететін тәртіп ережесін жасау мен нормативті бекітудің тұрақты процесін білдіреді. Құқық шығармашылығы - қоғамдық қатынастарды жеткілікті құқықтық реттеуді жүзеге асырудың табиғи алғышарты болып табылады. Құқық шығармашылығының түпкі нәтижесі - құқықтық нормалардың мәтінінде көрініс тапқан жаңа (өзгертілген немесе нақтыланған) ережелер.

Құқық шығармашылығы тікелей мағынада құқықты жасау ретінде, нәтижесі қоғамда әрекет етуші құқықты белгілеу болып табылатын қызмет ретінде анықталады. Бұл тұрғыдан құқық шығармашылығы ұғымын ашу жалпы «құқық», «қоғамда әрекет етуші құқық» түсініктеріне тоқталу, оларды анықтау міндетін қояды.

Мемлекет және құқық теориясы іліміне сәйкес құқық та мемлекет секілді қосымша өнімнің болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, адамдардың мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі, рулық әдет-ғұрыптардың жалпыға міндетті құқықтық ережелерге айналуы т.б. нәтижесінде пайда болды. Мемлекет рулық әдет-ғұрыптарға кұкықгық ереже нысанын берумен қатар, жаңа жүріс-тұрыс ережелерін шығарды. Ол осы ережелердің талаптарының орындалуын, адамдар өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану  үстінде заңдарды бұзбауын талап етеді. Демек, құқық - ол мемлекетпен белгіленетін, қорғалатын жалпыға міндетті ережелердің жүйесі. Ол қоғамды реттеп, басқарудың құралы. Теория заң ғылымында "құқы 



Скачать