ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК


ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

ЖОСПАРЫ:

1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері

2. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері

 

1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.

Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.

Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.

Құқық бұзушылық — биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.

Құқық бұзушылық — құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез — құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық — нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.

Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:

1. Құқық бұзушылық — қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.

2. Құқық бұзушылық — объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.

Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет — әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:

1.  Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.

2.  Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған.

Құқық бұзушылықтың мәні — оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.

Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау — өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. -

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.

Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға, мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналады.

Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:

1.   Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

2.   Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін.

Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:

1.   Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.

2.  Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.

3.  Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.

4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.

Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.

5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.

Құқық бұзушылық ең алдымен неге  



Скачать