Жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар (селдер,қар көшкіндері, опырылып құлау нәтижесіндегі үйінділер,бөгеттердің бұзылуы, химиялық жарылыс,өрт қаупі, күшті кәсіпорындардағы апаттар т.б.) едәуір қауіп тудырады. Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындалса, одан келетін әлеуметтік-экономикалық зиянды елеулі азайтуға болады.Осы мақсатқа жету үшін сейсмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі бір дәрежеде хабарлар болуы, қауіпсіздік іс-қимылын дәрежелерін білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасау қажет. Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды.
Скачать |