Қылмыс құрамы


Қылмыс құрамы

 

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3 І ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 4 1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері 4 1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны 5 ІІ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7 2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері 7 2.2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері 9 ҚОРЫТЫНДЫ 12 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

 

Кіріспе

Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды – формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз – қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық.

Қоғамдық қатер дегеніміз – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.

Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.

Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққы қайшылық табылады. Қайшылық – жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек тиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға «валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.

Жоғарыда айтылған қылмыстық құқыққа қарсылық белгісімен өте тығыз байланысты екі белгі – кінәлілік және жазалылық.

Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік кінәсіз келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.

Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.

Жазалылық – бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, амнистия, рақымшылық және т.б. жағдайлармен, бәрақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік қылмыс болып қоса береді.

Міне біз қылмыс белгілерімен танысып өттік. Енді осы қылмыстың құрамына, квалификациялануына негізгі бөлімде қарастырып шығамыз.

 

І Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы  

1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері

Қылмыс түсінігінің жалпы анықтамасы – заңдық абстракция, шын әрекетте орын таппаған. Бұл түсінікте барлық қылмысқа тән белгілер мазмұндалады.

Дегенмен қылмыс жасауға мүлдем болмайды, жасаған күннің өзінде қылмыстық тәртіппен нақты қылмыстар жазаланады (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және с.с.). Бұл көрсетілген қылмыстар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлім баптарында орын алған.

Қылмыстық Кодекстің 3-бабында жазылғандай «қылмыстық жауапкершіліктің негізгі болып қылмыстың жасалуы, яғни қылмыстық заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгісі болуы керек» — делінген.

Қылмыс өздігінен танылмайды, ол қылмыс құрамы белгілерінің сәйкес келуімен ғана қылмыс болады. Заң шығарушы қылмыстық–құқықтық нормада қылмыс құрамының анықтамасын былай бекіткен.

Қылмыс ретінде нақты қауіпті әрекетті сипаттаушы қылмыстық заңмен бекітілген объективті және субъективті белгілердің жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп аталады.

Қылмыс пен қылмыс құрамы деп ұқсас, бірақ бірдей түсініктер емес[1]. Қылмыс бұл объективті шындықта нақты тұлғамен жасалған әрекет не әрекетсіздік.

Ал қылмыс құрамы бұл белгілі бір қылмыстық әрекеттің белгілерін бекітуші нормативтік категория. Егер қылмыс, яғни оның жасалуы қылмыстық жауапкершіліктің фактілік негізгі болса, ол қылмыс құрамы оның заңдық негізі. Бұл екі негіз бір-бірімен тығыз байланысты және бүтін бір бірлікті құрайды: заңдық бекітілген қылмыс құрамынсыз қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс болып табылмайды, қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік жүзеге аспайды. Сонымен қатар тек қылмыс құрамының негізінде ғана қылмыстың сапалық дәрежесін анықтау процесі іске асады. Қылмыс құрамынан басқа жағдайлар қылмыстық жауаптылық негізгі бола алмайды. Ал негізсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Ал егер қылмыстық қудалау басталған күннің өзінде, қылмыс құрамының жоқ екені анықталған сәтте, ол іс қысқартылып тасталады.

Заңдық әдебиеттерде дұрыс көрсетілген, яғни жасалған әрекет қылмыс құрамының барлық белгісінен тұратын болса, бұл қылмыстық жауаптыққа жеткілікті негіз болып табылады. Басқа барлық жағдайлар жүргізілген іске қатысы бар болса, сот жаза тағайындағанда есепке алынады. Бұдан түсінетініміз қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік іске аспайды. Сонымен қатар қылмыс құрамы басқа да маңызды, аса қажетті міндеттерді атқарады. Тек қылмыс құрамы негізінде қылмысты саралау процесі жүзеге асады, яғни қылмыс құрамы құқық қолданушыға жасалған қылмыстың мазмұнын толық және нақты белгілеп көрсететін ең қажетті қылмыстық – құқықтық үлгі[2].

Қылмысты квалификациялау – қылмыстық құқықта өте күрделі және маңызы зор мәселенің бірі. Бұл қылмысты квалификациялау процесі теория жүзінде ғана емес, практика жүзінде де маңызы зор. Қылмыстық заңның тиімді пайдалануы және осы заңға тәуелді адамның тағдыры – қылмыстық дұрыс квалификациялануына байланысты шешіледі. «Квалификация» термині латынның екі сөзінен құралған «gualis» — сапа және «facere» — істеу, яғни сапалы істеу дегеннен шыққан. Қылмыстық құқық тілінен айтқанда – қоғамға қауіпті әрекетке сапалы баға қою дегенді білдіреді. Басқа сөзбен қылмысты квалификациялау – қылмыстық – құқықтық нормада қарастырылған нақты фактілік белгілерге сәйкес қылмыс құрамын әрекеттердің заңды түрде бағасын бекіту.

Қылмысты дұрыс квалификациялау – бұл қоғамға қауіпті әрекет қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Қылмысты квалификациялау кезінде Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің берілген әрекетке сәйкес қылмыс құрамы бар баптар не баптың бөлімдері нақты көрсетілуі керек, ол аяқталмаған қылмыста, сыбайластықта,[3] Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің сәйкес баптарына сілтеме жасалады. Қылмысты квалификациялау нәтижесі іс жүргізу құжаттарында сипатталады (қылмыстық істі қорғау туралы қаулылар, айыпкер ретінде жазаға тарту туралы қаулылар, үкімді және т.с.с.).

Қылмысты квалификациялаудың мәні – оның қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамға қауіпті жасалған әрекетті заңды түрде есепке алып, кінәлі тұлғаға әділ жазасын беру болып табылады.

Осы айтылған сөздерден қылмысты дұрыс квалификациялау қоғамға қауіпті әрекетке нақты әлеуметтік-құқықтық талдау жүргізуді қамтамасыз ететінін аңғарамыз.

Әрекетті дұрыс квалификациялау үшін және қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің фактілік жағдайларын, қылмыс құрамының барлық белгілерін жақсы білуіміз керек.

Сонымен, құқық қолданушы органдар қылмысты қаншалықты дұрыс квалификацияласа, қоғамдағы заңдылықтың жағдайы соншалықты әділетті болады.

1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны

Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі көрсетілген: объект, объективтік жоқ; субъект, субъективтік жоқ. Қылмыс құрамының элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Егер бұл элементтерінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамынын жоқ болғаны, яғни қылмыстық жауапкершілікке негіз жоқ.

Қылмыс объектінің астарынан түсінетініміз – қылмыс арқылы зиян келтірілген заңмен қорғалатын игілік, әлеуметтік құндылық[4]. Бұндай игілік ретінде отандық қылмыстық құқық ғылым қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды таниды.

Адамның мінез – құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті  мінез-құлық). Мысалы: ұрлық – біреудің мүлкін жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Кей жағдайларда қылмыс құрамының объективті жағына әрекет не әрекетсіздіктен б 



Скачать