Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану


Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану

 

Кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дегеніміз — сол шаралардың ұсталатын адамның жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына анық сәйкес келмеуі, нәтижесінде ол адамға жөнсіз ешқандай қажеттілігі жоқ зиян келеді. Бұл жағдайда, қоғамға қауіпті қастандық жасаған адамды тек арнаулы өкілетті адамдар ғана емес, сонымен қатар, жәбірленушінің және басқа да азаматтардың ұстауға құқы бар.

Қылмыстың объектісі — қылмыс жасаған адамның денсаулығы. Оның объективтік жағы- денсаулыққа ауыр зиян келтіретін әрекеттер жасаумен, қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану әрекеті мен оның зардабы арасындағы себептік байланыспен сипатталады. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру нышандары ҚК 103-бабын талдағанда қарастырылған. Адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану түсінігіне ҚК 100-бабын қарастырғанда анықтама берілген.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей және жанама ниет нысанындағы кінәмен сипатталады. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті  шараларды асыра қолданганда абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтірілсе, ол үшін қылмыстық жауаптылық болмайды.

Бұл қылмыстық іс-әрекеттің себептері мен мақсатында криминалдық сипат бар. Ондағы себеп — қылмыс жасаған адамды ұстау ниеті, ал мақсат — кәсіби міндетті орындау немесе қылмыскерді ұстауда құқық қорғау органдарына көмектесу. Қылмыстың субъектісі — жасы 16-га толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстың объективтік жағы болып, белгілі бір жағдайларға байланысты жәбірленушінің денсаулығына абайсызда тигізілген әрекет немесе әрекетсіздік.

Бұл қылмыстың субъективтік жағы абайсыз кінәмен сипатталады:

а)менмендік танытып — адам өзінің әрекетінен (әрекетсіздігінен) денсаулыққа ауыр (орташа ауырлықтағы) зиян келуі мүмкін екендігін алдын ала біледі, бірақ оны болдырмаудың еш қиындығы жоқ деп ойлайды;

б) ұқыпсыздық танытып — адам өзінің әрекетінен (әрекетсіздІгінен) денсаулыққа ауыр (орташа ауырлықтағы) зиян келуі мүмкін екендігін алдын ала білмейді, бірақ ұқыптылық танытып сақтық жасаса оны білуге тиіс еді және білуі мүмкін еді.      Қазіргі қолданылып жүрген жауаптылық көздемейді. Денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру жазықсыз жасалса, Бұл жағдай қылмыстық құрам болмайды (ҚК 23-бабы).

Қылмыстын сараланған түрлері — екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру, ҚК 111-бабының 2 және 4-бөліктерінде көзделген. Қылмыстың субъектісі — жасы 16-га толған, есі дұрыс адам.

 


Скачать