ҚР-ның азаматтығы
ҚР-ның азаматтығыҚР-ның азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси құқылық байланысын айқындайды. Бұл байланыс олардың олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Көшіп келген азамат ҚР-ның азаматтығын алу үшін өзі көшіп келген мемлекеттің азаматтығынан шығуға міндетті.ҚР-да азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтайтын нормативтік құқықтық акт — «Азаматтық туралы заң» болып табылады. Бұл заң алғаш рет 1991жылы қабылданған, заң бойынша келген азамат Қазақстанда кем дегенде 10 жыл тұруы тиіс болатын. 1997жылы қабылданған заңда бұл мерзім 5жылға қысқартылды.Бұл талаптардан өзгеде талаптар қойылады, солардың бірі азаматтық алушы адам өзі көшіп келген мемлекеттің салық органдарында ешқандай қарызы болмауы керек және жазалау органдарында отырмауы міндетті түрде ескеріледі. Мемлекет ҚР ның азаматы болу, азаматтығын алу, азаматтығына қабылдау, азаматтықты тоқтату, азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылудың негіздерін және тәртібін белгілейді. ҚР-ның азаматтығына қабылдаған кезде кәмелет жасқа толмағандардан, қабілетін жоғалтқан, ҚР Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан, ҚР-сы алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер ол тарихи отаны тұрақты тұру үшін ҚР-на қайтып келген болса, олардан бірінші талаптардың шарттары көзделмейді. ҚР-ның азаматтарының ішінде жақын туыстарының бірі (баласы, жұбайы, ата анасының біреуі, апа қарындасы) бар ҚР-на тұрақты тұру мақсатымен келген бұрынғы Одақтас Республикалардың азаматтары ҚР-да тұру мерзіміне қарамастан ҚР-ның азаматтығына қабылданады. Міндетті әскери қызметті атқарып жүрген және ҚР-сы аумағында орналасқан әскери қызметшілердің азаматтық мәселелері мемлекетаралық шарттармен белгіленеді. ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж. (07.10.1998ж. және 21 мамыр 2007 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) 2 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 ж. 20 желтоқсандағы N 1017-XII Қазақстан Республикасының Заңы 3 ҚР-ның Азаматтық Кодексі /жалпы бөлім/ Екі кітаптағы комментарийлер. Алматы, Жеті Жарғы, 1998ж. /Жауапты ред.М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. 4 Азаматтық құқық/ 2-томдағы оқулық. Е.А.Суханов ред.бойынша. М., 1993ж Скачать |