ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі
ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесіПрезидент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады. ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс. ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген: 1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие. 2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады. 3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді. 4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді. ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді. Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады. Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр облыстан 2-деутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан сайланатын депутаттар құрайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады. Парламенттің өкілеттік мерзіміне орай ҚР Президенті тарапынан 7 депутат тағайындалады. 30 жасқа толған, ҚР азаматтығын алғанына 5 жыл толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5 жылдан кем емес, ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып сайлана алады. Мәжіліс депутатының саны 77. Олар жалпыға бірдей, тей және тілекей сайлау құқықтары негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бір мандатты, территориялық сайлау округтерінен сайланады. Жасы 25 толған, ҚР азаматы Мәжіліс Депутаты бола алады. Қазақстан халқына ант береді. Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы. ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі. Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер, ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. ҚР-сы Үкіметі жаңа сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады. ҚР-сы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Республика Президенті Парламенттің келісімімен ел Премьер-Министрін тағайындайды. Республика Президенті Премьер-Министрді Тағайындау мәселесінде Парламент екі ретте бас тартатын болса, ол Парламентті таратуға құқылы. Өз қызметіне тағайындалғаннан кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр Парламентке Үкімет бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы негізінде жұмыс істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады. ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуі дегеніміз – бұл оның мынадай себептерге байланысты өз өкілеттілігін тоқтатуын білдіреді: Үкіметтің өз бастамасы бойынша, Президенттің бастамасы бойынша, бұл негізінен сенімсіздік вотумы жарияланып, Парламентпен келіспеушілікке алып келетін саяси дағдарыс ахуалы қалыптасқан жағдайда. ҚР-сы Конституциясында Үкіметтің мына негізгі өкілеттіктері аталады: Елдің бюджетін қалыптастыру және ол депутаттар қабылдағаннан кейінгі оның іске асырылуын қамтамасыз ету істері және Парламентке бюджеттің орындалуы туралы нақты есеп беруі. ҚР-да біртұтас қаржы, несие және ақша саясатын жүргізу. Мемлекет меншігін басқаруды іске асыру. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру. Мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік-салаларда біртұтас мемлекеттік саясаттың болуын және іске асуын қамтамасыз ету. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының қамтамасыз етілуін іске асыру шаралары. Қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау және қылмысқа қарсы күресу. Үкіметтің аталмыш өкілеттіліктері Ел конституциясының 66 бабында толық әрі нақты көрсетілген. Сонымен бірге Үкімет құқықтық заңшығарушылық бастамаға иежәне ол Мәжіліске заңдар жобасын ұсына алады әрі заңдардың орындалуын іске асыра алады. Өз өкілеттілігі шегінде Үкімет кадрлар мәселесін және лауазымды тұлғаларды тағайындау мәселелерін шеше алады. Өз өкілеттілігі деңгейіне орай Үкімет сондай-ақ, нормативтік актілер шығара алады. Ал Премьер-Министр өз кезегінде өкім шығара алады. Үкіметтің коллегиялық жұмыс түрі ретінде айына бір реттен өткізіліп отыратын отырысын айтамыз. ҚР-ның Конституциялық Кеңесі – конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда заматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын органның құқықтық мәртебесі, құрылуы және қызмет атқару құзыреттері, шешім қабылдауы конституцияда бекітіліп әр елдің ішкі заңымен көрсетілген. Алғаш рет Қазақстанда Конституциялық қадағалау институты арнайы орган түрінде 1989 жылы – Конституциялық қадағалау Комитеті түрінде құрылған болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар «ҚР-ның тәуелсіздігі туралы» заңында Конституцияны соттық қорғаудың ең жоғарғы органы болып, Конституциялық сот болып табылады деп атап көрсетілген. Осы нормаға сәйкес 1992 жылдың 2 шілдесінде Жоғарғы Кеңеспен Конституциялық сот құрылып, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тоғыз мүшесі 1995 жылға дейін қызмет атқарды. 1995 жылы жаңа конституция қабылданып – ҚР-сын Конституциялық Кеңестің негізгі ережелері мен құқықтық статусы анықталып – бұл орган ендігі жерде ҚР-ның барлық жерінде Конституциялық жоғарғы заңдық күші бар екенін және оның орындалуына қызмет атқарады. Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның Президенті Скачать |