Қоныстану колониясында жазаны өтеу


Қоныстану колониясында жазаны өтеу

 

Қоныстану еңбекпен түзеу колония институтының әлеуметтік міндеті оның алдына қойылған мақсатынан шығады: Түзеу мекемесінде бұрын жеткізілген сотталғандарды түзеу мен бостандықтағы өмірге дайындаудың қорытындыларын бекіту. Қоныстану колониялары түзеу мекемесінің жаңа түрі ретінде өзін ақтады: жабық колонияларға қарағанда, мұнда қайталама қылмыстың көрсеткіштері едәуір жоғары – ол кез келген түзеу мекемесі қызметі тиімділігінің маңызды дәлелі. Абайсызда істеген қылмысы үшін сотталғандарға арналған қоныстану колонияларында жазаны жеті жыл мерзімге дейін сотталған адамдар өтейді. Өзін жақсы жағынан көрсеткен сотталғандарға арналған қоныстану колонияларнында жалпы және қатаң режимді колониялардан аударылған, ҚР ҚАК-інің 73-бабында сотталғандар жазаны өтейді. Қоныстану колонияларының екі түрінде де сотталғандар бас бостандығынан айыруды бір жағдайда өтейді.

Сотталған ер адамдар мен сотталған әйел адамдар бір қоныстану колониясында тұруы мүмкін. Қылмысты бірігіп жасауға қатысқан сотталғандар бас бостандығынан айыруды негізінде бөлек өтейді.

Қоныстану колонияларында сотталғандар күзетсіз тұрады, бірақ әкімшіліктің бақылауында болады, қоныстану колониясының аумағында еркін жүруге хақы бар; азаматтық киім жүре алады; ақша мен бағалы заттарды өзінде ұстай алады және т.с.с.

Жұмысқа қабылдауды, жұмыстан босатудың, басқа жұмысқа көшірудің ережелерін қоспағанда, сотталғандардығ еңбегң ҚР Еңбек туралы заңымен реттеледі. Басқа жұмысқа ауыстыру – қоныстану колониясы әкімшілігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Соттлағандарға тиісті әкімшілік-аумақтық құрылық аумағында орналасқан жоғары және орта мамандық білім беру мекемелерінде сырттай оқуға рұқсат етіледі.

 


Скачать