ҚАСАҚАНАЛЫҚПЕН АДАМ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ


ҚАСАҚАНАЛЫҚПЕН АДАМ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

 

Қазақстан Республикасының әрекет етуші Қылмыстық Кодексі өмірге қарсы қылмыстардың қатарында қасақаналықпен адам өлтірудің бірнеше түрін қарастырады (ҚР ҚК 96-100баптары) олардың қатарында жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚР ҚК 97-бап), жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-бап), қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-бап), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-бап).

Жоғарыда аталған қылмыс түрлерінің барлығы ҚР Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің 1-тарауында Жеке адамға қарсы қылмыстар ретінде топтастырылған және адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп сараланатын қылмыстың ортақ құрамымен қамтылған соған сәйкес қылмыстық істердің берілген санатына қатысты қасақаналықпен адам өлтіруді тергеудің жалпы әдістемесі қолданыла алады.

Сонымен қатар жоғарыда аталған қылмыстардың әрқайсысы өзіндік дербес ерекшеліктерге ие оларды ескермеген жағдайда тергеудің толықтылығы, жан-жақтылығы немесе объективтілігі туралы мәселелерді шешу мүмкін болмайды.

Мысалы, ҚР ҚК 97 бабы қылмыстың арнаулы субъектісін қарастырады ол тек жаңа туған сәбидің 16 жасқа толған анасы ғана болуы мүмкін осыған байланысты берілген қылмыс түрін тергеудің әдістемесі қылмыстық жауаптылыққа тартылатын тұлғанын жас шамасын дәл анықтаумен ғана шектелмей қылмыстың нақ осы түріне қатысты болып табылатын объективтік мән-жайлар ол сәбидің анасы болып табылады ма, сәби жаңа туған ба, жасалған қылмыстың мән-жайлары және басқа мәселелер анықталуы тиіс.

Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруді (ҚР ҚК 98-бабы) тергеу тек қылмыстың объективтік жағын мұқият анықтауды (жәбірленушінің тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің болғандығы) қарастырумен ғана шектелмейді сонымен қатар берілген қылмысты жасаған тұлғаның психикалық жай-күйін зерттеуді ( жан күйзелісі жағдайында болғандығын) талап етеді ондай жағдайдың болуы өз кезегінде кінәні жеңілдететін мән-жай болып табылады ендеше аталған жағдайды зерттеу қылмыстың берілген түрін тергеу әдістемесіне міндетті түрде кірістірілуге жатады.

ҚР ҚК 99-100 баптарында қарастырылған қылмыстарды тергеу әдістемелері де олардың құрамына қатысты жекелеген ерекшеліктерді нақтылауды талап етеді.

ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлімінде қарастырылған адам өлтіру берілген қылмыс түрінің негізгі құрамы болып табылса, 96-баптың 2-бөлімі ауырлатылған мән-жайда жасалған адам өлтірудің бірнеше түрін («а»-«н» тармақтары) кірістіреді оларды тергеу әдістемесі тек істің фактілік мән-жайларын (қылмыс құрамының объективтік жағы) қарастырып ғана қоймай, қылмыс жасаған тұлғаның жас шамасын, субъективтік факторлардың болғандығын, қажетті жағдайларда қылмыстың қатысушыларын анықтау және тергеушінің өндірісіндегі нақты іске қатысты болып табылатын бірқатар басқа да міндеттерді шешу қажет болады.

Осылайша «қылмыстық істерді тергеудің жалпы әдістемесімен қарастырылған тергеу әрекеттерінің және жедел-іздестіру шараларының шеңбері көрсетілген әрекеттердің тек типтік тізбесін олардың мақсатқа сайлылықтағы кезектерімен және оларды жүргізудің тактикасын келтірумен ғана шектеледі»[1].

Белгіленген санаттағы (мысалы, қасақаналықпен адам өлтіру және олардың түрлері) қылмыстық істерді тергеу әдістемесімен ұсынылатын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларының шеңбері істердің берілген санаты үшін ғана тән болып табылатын көрсетілген әрекеттердің тізбесін ұсынумен шектеліп қалмайды, тергеудегі қылмыстық істің нақты ерекшеліктерін ескере отырып оларды барынша мақсатқа сай қолданудың өзіндік ерекшеліктерін де қарастырады.

Қылмыстың жекелеген түрлерін « атап айтқанда қасақаналықпен адам өлтірудің әрбір түрін тергеу әдістемесінің негізінде заң арқылы бекітілген (ҚР ҚІЖК-нің 117-бабы) жасалған қылмыс бойынша дәлелденуге тиісті барлық мән-жайлардың анықталуы туралы талап жатқызылады» [2].

Оларға бірінші кезекте қылмыс оқиғасын және оның жасалуының мән-жайын өзінің жиынтығында қылмыстың объективтік жағын құрайтын уақытын, орынын, тәсілін және т.б. анықтау жатқызылады.

Қасақаналықпен адам өлтіруді тергеу барысында дәлелденуі тиіс мән-жайлардың шеңбері ҚР ҚІЖК-нің тиісті баптарымен, адам өлтірудің әрбір түрі үшін жауаптылықты қарастыратын ҚР ҚК-нің баптарымен және де тергеудегі нақты қылмыс оқиғасының сипатымен анықталады.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 177-бабының 1-бөліміне сәйкес қылмыстық істерді қозғауға (қасақаналықпен адам өлтіруге байланысты істерді де ) төмендегідей себептер мен негіздер болуы мүмкін: азаматтардың арыздары; кінәсін мойындап келу; мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы; бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.

Осыған байланысты біздің жұмысымызға қатысты айтар болсақ әрбір нақты жағдайда қылмыстық істі қозғауға ықпал ететін факторлар ретінде төменде көрсетілгендерді атап көрсетуге болады: күш қолданылу арқылы өлтірілген белгілері бар адам мәйітінің ( немесе оның мүшелерінің ) табылуы; оның өлтірілуінің белгілерінің болуы барысындағы адамның жоғалып кетуі; орын алған қылмыс оқиғасының куәгері, қатысушысы, немесе жәбірленушісі ( қайтыс болған тұлғаны санамағанда ) болған азаматтардың арыздары, яғни қылмыскердің өзінің және оның қатысушыларының кінәсін мойындап келуі және т.б.

Сонымен қатар орын алған оқиғаны қылмыс ретінде бағалау жиынтығында әрекеттің қылмыстылығын көрсететін белгілердің анықталуын яғни, қылмыстық істі қозғауға негіздердің болуын анықтауды қарастырады. ҚР ҚІЖК-нің 177-бабы 2-бөліміне сай қылмыстық істі қозғауға (оның ішінде қасақаналықпен адам өлтіру туралы істер де ) негіз болып қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы табылады.

Мәйіттің табылуына немесе адамның жоғалып кетуіне байланысты әрбір нақты оқиға бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі адам өлтірудің әлдеқандай түрінің белгілерін көрсететін жеткілікті негіздер болған жағдайға тәуелді түрде шешілуі тиіс. Егер қолда бар мәліметтер қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін жеткіліксіз болған жағдайда тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 64-бабына сай тиісті тексеру әрекеттерін жүргізуге құқылы.

Тексеру әрекеттерінің таңдалып алынуы, олардың кезектілігі, сипаты мен көлемі қозғалған қылмыстық істі тергеудің әдістемесі де тергеушімен дербес анықталады және көп жағдайда қылмыстық істі қозғауға негіз болған материалдардың сипатына тікелей тәуелді болады.

Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру ( ҚР ҚК 96-бап 1-бөлім ) болып табылатындықтан және жеке адамға қарсы қол сұғушылықтың мейілінше ауыр түрі болғандықтан тергеу барысында ең бірінші кезекте басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру оқиғасының орын алғандығы дәлелденуі тиіс және сонымен өзара байланыстылықта берілген қылмыс құрамының объективтік және субъективтік жақтарының құрамдық белгілері: орыны, уақыты, жасалу тәсілі және қылмыстың іздерін жасыру, қаза келген адамның жеке басы және қылмысты жасаған тұлғаның жеке басы және басқа да фактілік мәліметтер анықталуы керек.

Тергеу міндетіне тек жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау ғана емес, сонымен бірге құқыққа қарсы әрекет жасаған тұлғаны және оның кінәлілігінің дәрежесін, қылмыстық жауаптылыққа тартудың мүмкіншілігін анықтау міндеті де кіргізіледі себебі, кез келген қылмысты тергеу әдістемесі өзіне қылмыстық іс бойынша дәлелдеу нәрсесіне жатқызылатын және қылмыстың құрамының объективтік те, субъективтік те жақтарын құрайтын барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған ғылыми-негізді кепіл-кеңестерді кірістіретіндігін біз осыған дейін де айтқан болатынбыз.

Қасақаналықпен адам өлтірудің қоғамдық қауіптілігі өте жоғары болғандықтан және соған сәйкес осындай қылмысты жасаған тұлғалар жазаның қатал түрлеріне тартылатындықтан атап айтқанда,  ұзақ мерзімге қоғамнан оқшауланатындықтан кей реттерде тіпті өлім жазасына да кесілуі мүмкін болғандықтан оларды тергеу жұмыстарының барысында тергеушінің қылмыстың қылмыстық-құқылық сипатын құрайтын барлық элементтерді жетік білуі міндетті болып табылады аларды анықтау дәлелдеу нәрсесіне кірістіріледі ал оларды анықтау және дәлелдеу қасақаналықпен адам өлтірудің нақты түріне қолданылатын бірқатар әдістемелік құралдарда топтастырылған.

Азаматтардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар кез келген қасақанылықпен адам өлтірудің объектісі болып табылады. Қазақстан Ресбуликасының Конституциясының 1-бабында «…оның ең қымбат қазынасы—адам және адамның өмірі…» болып табылатындығы аталып көрсетілген. Бұл қағида Адам және азамат құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіде және басқа да құқықтық құжаттарда бекітілген ережелерге сәйкес келеді. Сондықтан аталған ережелердің бұзылуы жеке адамға қарсы аса ауыр қылмыстардың бірі ретінде қарастырылады.

Жынысына, жасына, тәндік және өнегелілік сапаларына, ұлтына, шығу тегіне тәуелсіз кез келген адамның өмірі туғаннан бастап қайтыс болғанға дейін қылмыстық-құқылық қорғауға ие болады.

Осыған байланысты келесі жағдайды атап өткен орынды болады. Ғылыми ортада қалыптасқан «өмірдің «басталуы» және «аяқталуы» туралы ұғымды түсіндіру төңірегіндегі кейбір айырмашылықтарға қарамастан қазіргі заманғы құқықтық концепция адам өмірінің басталуы ретінде оның физиологиялық түрде туылуын қарастырады сондықтан туу процесі басталғанға дейінгі іштегі нәрестені өлтіру адам өлтіру құрамын құрамайды ал жаңа туған сәбидің өлтірілуі ҚР ҚК 97-бабында қарастырылған қылмыс құрамын құрайды, ересек адамның өлтірілуі нақты анықталған іс материалдарын 



Скачать