Қарауыл қызметінің тағайындалуы мен міндеттері. Қарауыл қызметін ұйымдастыру


Қарауыл қызметінің тағайындалуы мен міндеттері. Қарауыл қызметін ұйымдастыру

 

  1.Қарауыл қызметін атқару

Қарауыл қызметі жауынгерлік міндеттерді орындау болы табылады және жеке құрамнан жарғының ережелерін дәл сақтауды, жоғары саналылықты, ынта-жігермен шешім қабылдауды талап етеді.

Қарауыл қызметінің талаптарын бұзып, кінәлі болғандар  тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қарауыл қызметін атқару үшін қарауылдар тағайындалады.

    2.«Қарауыл ұғымы» 

    Қарауыл деп қорғау бойынша жауынгерлік міндеттерді орындау және жауынгерлік туды , әскери және мемлекеттік объектілерді, тәртіптік батальон мен гауптвахтадағыларды күзететін қаруланған бөлімшені айтады.

Қарауыл гарнизондық және ішкі / кемелік/, тұрақты және уақытша болады.

Жалпы гарнизондық мәні бар объектілерді, бір-біріне жақын орналасқан біріктірілген объектілерді немесе бірнеше әскери бөлімдерді, гарнизондық гауптвахтідегілерді күзететін тұлғалар үшін гарнизондық қарауыл белгіленеді.

Ішкі /кемелік/ қарауыл бір әскери бөлімнің /кеменің/ объектісін қорғау мен күзету үшін белгіленеді. Ұшақтар /тік ұшақтар/ және басқа да әуежайдағы авиациялық бөлімнің объектілері авиациялық-техникалық бөлім тағайындаған ішкі қарауыл мен қорғалып күзетіледі.

Қарауыл құрамына тағайындалады: қарауыл бастығы, тұрақ саны мен ауысым бойынша қарауылдар, таратушы, қажет болған жағдайда қарауыл бастығының көмекшісі, қарауыл басшысының техникалық құралдарды күзету бойынша көмекшісі немесе операторларды ауыстыратын екі-үш адам, оның біреуі техникалық құралдарды күзету бойынша қарауыл басшысының көмекшісіне тағайындалады, көлік құралдарын жүргізушілер мен қарауылдағы иттердің қызметі бойынша қарауыл басшысының көмекшісі.

Штабты күзету бойынша және біріктірілген басқарма пункіті мен және одан жоғары қарауылдарға, сонымен бірге  аталған тұлғалардан басқа мекемелерді күзету бойынша бақылау-өткізу пунктінің қарауылы, ал гауптвахтадағы қарауылға шығарушы және конвоймен әкеруші қарауыл тағайындалады.

Объектілерді қорғап, күзету үшін қарауыл құрамынан сағатшы белгіленеді.

    3. «Тұрақ» және «сағатшы» түсініктері

    Сағатшы деп күзет бойынша жауынгерлік тапсырманы орындайтын және тапсырылған тұрақты қорғайтын қаруланған қарауылшыны айтады.

Сағатшы өз міндеттерін орындайтын анықталған орынды немесе учаскені тұрақ деп атайды. Тұраққа қарауыл күзететін техникалық құралдар орналастырылған орындағы техникалық құрал-жабдықтың көмегімен күзетілетін объектілер мен орындар жатады.

Объектіні күзетуді сағатшылар объектіні айнала ішкі және сыртқы қоршауды патрульдік жолмен іске асырады немесе егер объектіде бір қоршау болса,қоршауды жағалай ішкі жағынан немесе мұнарадан бақылайды.

 


Скачать