ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ

 

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында таяудағы 10 жыл iшiнде бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы баяндалды. Бұл стратегияда «қоғамның барлық мүшелерiнiң бастамашылығы мен iскерлiгiне» ерекше маңыз берiлген. Ал бастамашылық қасиет елiмiздегi құқық қорғау жүйесiн реформалау үшiн аса маңызды болып отыр. Экономикалық және саяси бағыттағы iс-қимылымызда ғана емес, құқық қорғау жүйесiн жетiлдiруде де өз ұстанымымызды өзгеге ұсынудың жолын, ұлттық билiк етудегi жаңалықтарымызды жаһанға оқытудың амалдарын табуға елiмiз құқық қорғау жүйесiнiң қабiлетiн көрсететiн кезең туды. Қазiргi таңда құқық қорғау жүйесi қоғамның iлгерiлеу жүйесiне кiрiгiп, басқарушы механизмнiң бiр саласы ретiнде қызмет етуде. Жаһан қазiр Қазақстанды тануға өздерi құштарлық танытып отыр. Жас адамның бiрден көз тартатыны секiлдi, бiз жаһан үшiн көз тартар ең жас, ең қуатты елдiң қатарындамыз. Жалпы, осы дәуiр қазақ тарихындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн модернизациялаудағы мүмкiндiктер дәуiрi болып тұр. Құқық қорғау институттары мемлекеттiк басқару жүйесiнiң негiзгi бiр тармағы деп бiлсек, оған бұл салада үлкен басымдық берiлетiнi анық. Ендi осы мүмкiндiктi құқық қорғау жүйесiн реформалау өркениетiнде пайдалана алмай, қолдан шығарып алсақ, өкiнiштi болар едi. Бұл орайда мәселе ұлтымыздың, халқымыздың құқық қорғау органдарына деген шынайы сенiмiн ұялату ғана емес, сонымен қатар, бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарынан орын алғанда, әлемге соған лайық құқық қорғау iсiндегi шығармашылық мүмкiндiгiмiздi де таныстырып, оны әлемдiк сот айналысына iлестiру болып отыр. Елбасы Жолдауында айтыл-ғандай, Қазақстан өз дамуында жаңа серпiлiс жасау үстiнде. Осындай жағдайда, яғни, жаһанданған коғамымыз бен оның ұлттық құқық қорғау жүйесi арасындағы үнқатысуы қандай зандылықтарға негiзделуi керек деген мәселенiң басы ашық. Бұл мақсаттағы құқық қорғау жүйесiнiң iс-қимыл факторлары мен тың идеялар жинақталған деректер базасы да үлкен әлеуетке ие. Мұның өзiнен жаһандану дәуiрiндегi жарыста елiмiздiң құқық қорғау жүйесi қоғамды iлгерi жетелеушi қуатты интеллектуалдық күшке ие екендiгiн көрсетедi.

Бүгiн бiз Қазақстан мемлекеттiлiгi дамуының тарихи аса маңызды кезеңiне куә болып отырмыз. Өзiнiң тәуелсiздiгiн алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқанда құқық қорғау жүйе-сi де сырт қалмасы анық. Елiмiздегi Конституциялық реформалардың жүзеге асырылғандығы Қазақстан демократиясының және қазақстандықтардың жолы алға басқандығының белгiсi. Тәуелсiздiк алған аз ғана уақыттың iшiнде елiмiзде 1993 және 1995 жылдары екi бiрдей Конституция қабылданды. Елiмiз Президенттiк басқару жүйесiне өттi. Билiктiң барлық тармақтары Конституцияға сай қызмет атқаруда.

Конституциялық реформалар барысында құқық қорғау саласын жетiлдiруге аса мән берiлдi. Бұл маңызды салаға алқа билер институтының енгiзiлуi сот реформасындағы ең iрi қадам болған едi. Қылмыстық сот өндiрiсiне алқа билердiң қатыстырылуы заңмен бекiтiлдi. Бұл қадам қарапайым халықтың сот билiгiне деген сенiмiн нығайта түсуiмен ерекшелендi. Халық өз құқығын тек заң арқылы қорғай алатынына көзi жетiп, сотқа бұрынғыдан да көбiрек жүгiне бастады.

Елiмiзде азаматтардың сотқа сенiммен қарауын, соттардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшiн соттарды мамандандыру, сот практикасына озық үлгiдегi ақпараттық технологияларды енгiзу бағытында тұрақты жұмыстар жүргiзiлдi. Мұның өзi Елбасымыздың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының Конституцияға сәйкес iске асуы, халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсарту, ел бiрлiгiн сақтау саясатымен үндеседi. Бұл жолда сот жүйесiне маңызды мiндеттер жүктелдi.

Қазiр Қазақстанда дербес сот билiгi құрылды деп айтуға толық негiз бар. Судьялардың қоғам қажеттiлiгiне сай сот төрелiгiн жүргiзу жауапкершiлiгi, кәсiби деңгейi мен қызмет этикасы нормаларын сақтауы бағытында iс-шаралар атқарылып келедi. Әйтсе де сот реформасының ең негiзгi қағидаттары ретiнде сот жүйесi тиiмдi қызмет жасайтын және судьялардың нақты тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн халықаралық жалпыға бiрдей танылған тәжiрибелердiң алынуы сұралып тұр. Бұл қағидаттар Конституцияда айқындалған. Iс жүзiнде осы қағидаттарға сүйенгенмен оның атқарылуында әлсiздiк танытылып келдi. Ал сот қызметiнiң сапа белгiсi статистикалық мәлiметтерге байланысты анықталады. Әдетте статистика ақпараттық танымға бой алдыратыны да бар.  Сот – орган емес, ол — мемлекеттiк билiк. Сот шешiмдерiнiң әдiлдiгiне қарап, қоғам оған баға бередi. Соттарға көрсетiлген құрмет, бiрiншi кезекте мемлекетке көрсетiлген құрмет. Ал оларға құрмет көрсетiлуi үшiн, соттардың тәуелсiздiгi алдыңғы кезекте тұруы тиiс. Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлiмбеков мемлекет тарапынан соттарға үнемi назар аударылып отырғандығын, соның iшiнде атқару өндiрiсi органдарының ұйымдық-құқықтық формасын өзгерту мен атқару өндiрiсiн жетiлдiруге байланысты түрлi iс-шаралар өткiзiлiп жатқандығын үнемi айтып келедi. Елiмiз судьяларының материалдық жағдайын жақсарту жөнiнде Жоғарғы Сот Кеңесiнде мәселе қаралуының өзi көптеген факторлардың шешiмiн табуына жол ашты. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары саяси жүйе мен праволық механизм, халықты тұтастыру туралы мәселе көтере алмады. Бұл билiк буындарында белгiлi бiр вакуумға әкелiп соқтырды. Ол саясат: «Егер заң шығарушы және атқарушы билiк бiрiгiп кетсе, онда бостандық болмайды. Сол сияқты сот билiгi атқарушы және заң шығарушы тармақтан ажыратылмаса бостандық болуы мүмкiн емес» деген мемлекетшiл Шарль Монтескьенiң философиясын қоғам өмiрiне батыл енгiзуге алып келдi. Өткеннен бiр мысал. Ресейде XIX ғасырдың екiншi жартысында Александр II-нiң тұсында сот реформасы, земство реформасы, әскери реформасы, қала реформасы, басыбайлықтан босату реформалары жүргiзiлдi. Солардың iшiнде ең маңыздысы сот реформасы болды. Ең алғашқы мемлекет ретiнде сот реформасында присяжный заседательдер соты енгiзiлдi, еркiн адвокатура, ашық сот жарияланды. Сол заманда патша ағзамның өзi де сот iсiне араласа алмады. Қазақ ұлтшылдары, Алаш қайраткерлерi присяжныйлар сотының Қазақстанға керектiгiн дәлелдедi. Қазақ тарихында, жалпы қазақ дәстүрiнде сот билiгiнiң пригативасы биiк болды. Тiптi бiр кездерi қазақ хандарын билер тағайындайтын. Абылай ханды да таққа отырғызған билер едi. Демек, реформа тез жүрсiн десек, оған жеке тұлғалардың емес, заңдар мен жүйелердi жетiлдiруiмiз қажет болды. Ең алдымен, сот жүйесiнiң механизмi ақиқатқа тiкелей жеткiзуге тиiс еді.

Заңға ғана бағынатын қоғам алға жылжиды. Бұл жерде: «Екi жақты тыңдап алмай, үкiм шығарма» деген Солон принципi ескерiлген. Сот жүйесiнде адам баласының ой-санасынан өткен төрелiк ету мәселесiн өзгерту өте қиын. Әйтсе де iс-тәжiрибе ретiнде АҚШ-тың, Францияның, Англияның, Ресейдiң Алқа билерiнiң сот iсiне қатысуы зерделенiп, өндiрiске алынғаны дұрыс шешiм болды. Демократиялық қауымдастықта кең ауқымды сот жүйесiн одан әрi дамыту елiмiздiң бүгiнгi таңдағы басты мақсаттарының бiрi болып саналады. Бүгiнгi саясаттың ертеңгi күндi болжап отыру арқылы ғана өмiр сүре алатындығы сияқты, болашақтың жаһандық құқықтық моделiн аңдып отыру арқылы ғана бiз онымен бәсекеге түсе аламыз. Демек, ең алдымен жаһандық айналымға iлеспекшi жаңа тұрпатты құқықтық реформамыздың алысты көздейтiн стратегиялық бағыт-бағдарын әрбiр азамат бiрден сезiнетiндей, олардың iс-әрекеттерiне қарап, өзгерiстер дәуiрi ортасындағы өз мәселесiн шешудiң жолын таба алатындай тәрбие қажет. Бұл үшiн соттың жұмысын ұйымдастыру мен судьялардың iс жүргiзу барысындағы кейбiр мәселелердi түбегейлi шешу керек. Бұл екi бағыт сот жүйесi қызметiнiң ең басты лейтмотивi болып саналады. Бiз сот жүйесiн халықаралық құқықтық стандарттарға қарай қадам басуда ТМД елдері бойынша алдыңғы қатарда болдық. Оны сот жүйелерiнiң жұмысынан және сот мәселесiне қатысты шетелдерде өтiп жатқан ғылыми конференциялардан байқап жүрмiз. Қазақстанның сот жүйесi ТМД елдерi iшiнде бiрiншi болып әлемдiк қауымдастықтың сот жүйесiне дипломатиялық контексте iз салып, көшбасшылық мәнге ие болды. Оны Қазақстанның сот жүйесiне берiлген баға мен елiмiзге келiп жатқан шетелдердiң сот билiгi өкiлдерiнiң тәжiрибе алмасудағы iс-қимылынан көруге болады. Елiмiзде мамандандырылған соттардың құрылуы айтарлықтай iлгерiлеушiлiк болып табылады. Алматы қаласында Ұлыбритания үлгiсiндегi қаржылық соттың құрылуы аймақ елдерi iшiнде жаңа бастама болды. Қоғамның дағдарыссыз қалыпты дамуын қамтамасыз ететiн, демократиялық принциптердiң бұрмалануына жол бермейтiн тұрақты әрекет ететiн саяси және құқықтық механизмдер қажеттiгiн өмiрдiң өзi ұсынуда. Бұл үдерiс адам мен мемлекеттiң бiр-бiрiмен қарым-қатынасындағы өзара мiндеттерден туындап отыр. Сондықтан құрылып отырған бұл институт қоғамдық өмiрдiң iзгiлiктi бастауларын нығайтуға шақыратын, мемлекеттiң абыройын, мақсат-мұратын қорғайтын маңызды құрал болмақ. Адамның еркiндiгi мен бостандығы билiк берген «сый» емес, ол оған Жаратқанның болмысымен берiлген сый. Демек, ол (адам) қоғамның мүшесi ретiнде тумысынан қорғалуы тиiс. Осыған байланысты сот реформасын жетiлдiрудегi ерекше айқындалған мәселе жас жеткiншектермен жеке айналысатын ювеналдық сот жүйесi болып отыр. Бұл болашақ ұрпақ үшiн аса маңызды болмақ. Жазалауға қарағанда кешiру — ерлiк. Дәрменсiз жан кешiре алмайды. Кешiру – күштiнiң қасиетi. Елiмiздiң сот жүйесi осы бағытты дамытып, өзге елдердi үнқатысуға шақыруда. Жалпы, мұндай iзгiлiктi шаралар құқық қорғау органдарының барлық саласында жүргiзiлу сұралуда.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығы ескерiле отырып, өлiм жазасы сот өндiрiсiнен алынып тасталды. Бұрын өлiм жазасына мораторий жарияласақ, ендi ол шектелдi. Мұның өзi бiздiң қоғамның құқықтық мемлекет құрудағы тағы бiр үлкен қадамы болмақ. Атақты Низами: «Осы жеңiс жолында тек екi адам ғана тұр, олар: судья және емшi» деген екен. Өмiрдiң бар құбылысын, кездейсоқ жағдайлар мен адамдардың басына түсетiн қайғы нем 



Скачать