Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қызмет атқару


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қызмет атқару

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қызмет атқару – әр азаматтық құрметті міндеті, ол бейбіт еңбекті әскери қызметшілердің қорғайды деген халықтың сенімі болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір тәуелсіз мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның негізгі міндеті болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз- Қазақстан мемлекетінің дамуының тәуелсіз егеменділігімен  территориялық тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету.

Еліміздің қорғаныс қабілетін сақтау- бұл бүкіл халықтық іс, сондықтан жастарды қазақстандық патриотизмге, көп ұлттар тұратын Отанымызға деген сүйіспеншілікке, мемлекетіміздің гүлденіп дамуына деген  жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылады.

Кеңестер Одағы құлағаннан кейін орта оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты алып тастағаннан соң жастарды әскери патриоттық тәрбиеге баулуда, әскер қатарына дайындауда, олардың жалпы білім деңгейлеріне және Қарулы Күштер құрамының моральдық адамгершілік сапасын төмендетуде айтарлықтай үлес қосты. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің «Алғашқы әскери дайындық туралы» 1996 жылдың 1 қарашасындағы Қаулысына байланысты оқыту түріне қарамастан орта оқу орындарының барлығында өткізіледі.

«Жалпы әскери міндет пен әскери қызмет туралы»  және  «Келісімшарт бойынша әскери қызмет туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарына байланысты жастарды әскери қызметке дайындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталықтағы  жергілікті әкімшілік органдарының жетекшілігімен жүзеге асырылады.

«Территориялық қорғаныс туралы» Заң қабылданып, жергілікті әкімшілік жетекшілерімен бірігіп, әскери мәселелер жағдайларын терең түрде шешуге мүмкіндік берді.

Қазіргі сатыда Қарулы Күштердің алдына қойған міндетін ескере отырып, әскерді реформалау жүріп жатқанда , әскери доктринаның ең маңызды талабы  білікті әскери кадрларды дайындау болып табылады.  ТМД мемлекеттерінің ішінде ең бірінші болып Қазақстан Республикасы   «Келісімшарт бойынша әскери қызмет туралы»  Заңды  2001 жылдың  20 наурызында қабылдады. Соған байланысты Мемлекеттік ведомство аралық комиссия құрылды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сержант мамандарын дайындауда көп күш жұмсауда, олар командирлер мен бастықтарға белсенді көмек көрсетулері қажет, олардың міндетіне жатпайтын жұмыстардан босатып, өздеріне кәсіби мамандарды дайындау жауапкершілігін алып және жеке құрамды    Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарын, мемлекет заңдарын, әскери антқа берілгендігін қатаң сақтауға тәрбиелеу міндеттерін алады. Осы мақсатта Бас штабта жаңа штаб бригадалары енгізіліп, өңделіп, кәсіби сержанттардың атқаратын қызметі белгілі деңгейде анықталған.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қоғам мен әскер байланысын нығайту бойынша сатылы жұмыстар жүргізілуде.

Бұл Қазақстан халқының әскери қызметкерлер жөнінде қызметі мен тұрмыс жағдайларын жақсы білуіне, әскери қызметкерлерді қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас татулығына, аға буынның жауынгерлік әдет-ғұрыптарына берілгендік, әскери борышқа және әскери антқа адал болуға, ірі компаниялардың аймақтармен, әскери бөлімдермен жаңа жетекшілік байланыс жасауға көмектесіп, әскери тәртіпті және тұтастай жауынгерлік дайындықты нығайтуға көмектеседі.

Әскер генералы М.К. Алтынбаев редакциялығымен  10 сынып оқушыларына арналған  «Алғашқы әскери дайындық» оқулығы мына бөлімдерден тұрады:

-        әскери қызмет негіздері;

-        тактикалық дайындық;

-        қару ату дайындығы;

-        саптық дайындығы;

-        әскери топография;

-        Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері.

1.«Әскери қызмет негіздері»  бөлімінде «Жалпыға бірдей әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы»  Қазақстан Республикасы Заңдарынан білім алуға,  «Алғашқы әскери дайындық туралы»  ҚР Үкіметінің Қаулысы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрықтары мен директивалары,

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша агенттік төрғасы және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына көңіл бөлінеді. Бұл бөлімде идеялық сенімділікті қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының егемендігін саналы түрде қорғауды, әскери қызметке жауаптылықпен қарауды, әскери ант қабылдаудаудың мәнін түсінуге, Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайланған Президентіне адал қызмет етуге берген антына сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғысының талаптарымен әр әскери қызметшінің негізгі міндеттерін оқытады.

2.«Тактикалық дайындық»  бөлімінде жалпы әскери атыс негіздері, оқушыларды атыс кезіндегі қимылдардың қағидаларын оқыту, қарсыластың брондық машинасы мен жаяу әскеріне қарсы граната мен қару-жарақты қолдана білуге үйрету, қарсыластың қандай мақсатта келе жатқанын анықтап олардың тұрған жерлерін шартты түрде бағдарлай алып, барлаудың қорытындысын келтіруді, атыс болатын жерді таңдауды, қазылған  жердің бағытын, атыс алаңында қозғалуды, жүгіруді, бауырымен жорғалауды үйретеді.

3. «Атыс дайындығы» бөлімінде оқушыларға ататын қарудың негізгі құрылысын, оны ату тәртібін және ату ережесін оқытып түсіндіреді. Пневматикалық қарумен және қолмен гранат лақтыру, қаруды сақтау, жатып ату, қаруды қаруландырып және залалсыздандыру тәртібін үйренеді.

4. «Саптық дайындық» бөлімінде сабақ сапқа дайындау тәртібі бойынша түсіндіріледі. Сапқа тұрған кезде берілген команданы дұрыс орындау, бір орындағы және қозғалыстағы саптық ережелерді орындауға ерекше көңіл бөлу керек.

5. «Әскери топография»  бөлімінде горизонт тарапына қатысты өзіңнің тұрған орныңды, заттардың орналасу жерін, белгісіз жерлерге бағыт –бағдар жасай алатын қабілетін дамыту, азимут бойынша қозғалыс бағытын таңдай алуға ерекше көңіл бөлу керек.

6. «Азаматтық қорғаныс» бөлімінде Қазақстан Республикасының халқын табиғи ,ірі апаттардан қорғауға, сақтандырудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана білуге, төтенше жағдайлардың шығу орындарында шұғыл аман алып қалу жұмыстарын жүргізуге, жарақат алғанда жедел көмек көрсете алуға, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалануға,  төтенше жағдайларда аман алып қалу шараларында және атыста жарақат алғандарға алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсете алуға көңіл аудару қажет.

 


Скачать