Қазақстан Республикасының Конституциясы -мемлекеттің негізгі заңдық құжаты


Қазақстан Республикасының Конституциясы -мемлекеттің негізгі заңдық құжаты

 

Конституция – мемлекетіміздің нышаны және басты құжаты, онда аса маңызды құндылықтар, конституциялық құрылыстың институттары мен нормалары бекітілген. Конституция елді тұрақты және қарқынды дамыту үшін негіз құрды, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың басты қағидаттарын бекітті, маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың құқықтық іргетасын қалады. Ата Заңда жалпы адамдық идеалдар іске асырылды, іргелі демократиялық қағидаттар, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілдері бекітілді, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына болып танылды. Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуы елдің өңірегі және халықаралық сахнадағы беделін күшейтуге, егемендік алудан бастап халықаралық тануға және ЕЫҚҰ-да төрағалық етуге дейінгі қиын жолды енсеруге мүмкіндік берді.

Биыл біздің Ата заңымыздың қабылданғанына 15 жыл толады. Конституцияның мерейтойы жетістіктерімізді саралап түсіну, оларды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық дамудың қарқының сақтап қана емес, оны нығайту және Қазақстан халқы өмірінің сапасын аса биік деңгейге жеткізетін мүмкіндік беретін жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілеу үшін себеп болады.

Тәуелсіз Қазақстанды құру және оның мемлекеттік-құқықтық дамуының қазіргі заманғы жай-күйі барлық жақтан: қол жеткізілген саяси, құқықтық, әлеуемттік-экономикалық нәтижелер бойынша, сондай-ақ мемлекет алдында жаһандану процестеріне байланысты тұрған қиындықтарды ойдағыдай еңсеру жағынан да 1995 жылғы Конституцияның өзінің мазмұны бойынша оңтайлы базалық құқықтық акт болғанын көрсетті.

Реттелетін қатынастардың кең ауқымы, нормаларының құрылымы мен нақты мазмұны бойынша Конституцияның қазақстандық моделі қазіргі уақытта қоғам мен мемлекеттің өзекті қажеттіліктеріне жауап беретін қисынды аяқталған түрге ие болды. Сонымен қатар, құқық қорғау практикасы Қазақстан халқының мүддесі мен қажеттілігі, жалпы мемлекеттік өрлеу игілігі үшін қолданылып жүрген Конституцияда одан әрі іске асыруды талап ететін едәуір құқықтық әлеуеттін болуын растады.

Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы әуел бастан күрделі саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық қатынастарды біртіндеп және сонымен қатар жүйелі түрде реформалау арқылы жүргізілгенін айта келе, Қазақстанның ішкі мемлекеттік дамуда қол жеткізген нәтижелері, жоғары сыртқы саяси деңгейі – бұл оның тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көпқырлы қызметінің жемісі екендігін атаған жөн.

Елбасының арқасында Қазақстан егемендікті алу және халықаралық мойындау қажеттілігі мәселелерінен бастап ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге дейінгі қиындықтарға мол жолды өтті. Мемлекет Басшысының күш-жігерінің, оның негізді және батыл әрекеттерінің арқасында егемендікті сақтап қалып, оны нығайтып қана емес, сонымен қатар мемлекеттік дамудың көптеген бағыттары мен көрсеткіштері бойынша Қазақстанның позицияларын күшейте алды.Табысты мемлекеттік құрылыс жүзеге асырылды, билік органдарының оңтайлы жүйесі мен құрылымы жасалды, басқарудың жатыққан механизмі әзірленіп, қарқынды қызмет етеді, мемлекеттің құқықтық базасы құрылды және стратегиялық міндеттер мен практикалық қажеттіліктерге сәйкес реформалар жалғасуда. Мемлекетте әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін ғана емес, сондай-ақ идеологиялық және саяси әралауандықты іске асыруға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді және қазақстандық қоғамда төзімділікті қолдауға мүмкіндік беретін Қазақстанның саяси жүйесінің элементтері құрылып, табысты жұмыс істейді.

Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесі құрылды, ол әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында аяғында тік тұрып қана қалған жоқ, сонымен бірге қоғамдық және мемлекеттік әл-ауқат мүддесінде экономикалық реформаларды ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Әлемдік қауымдастықта Қазақстан биік сыртқы саяси беделге қол жеткізді, халықаралық-құқықтық қатынастарға белсенді кірісу және халықаралық құқық қағидаттары тұрғысынан аса маңызды сыртқы саяси бастамаларды көтеру арқылы біздің мемлекет кең халықаралық мойындауға ие болды және әлемдік саяси сахнаға шықты.

Мемлекеттің табысты қызмет етуінің қажетті құқықтық жағдайларын, сондай-ақ заңдылық қағидатын іс жүзінде іске асыруды кепілдендіруді қамтамасыз етуде прокуратура органдарына ерекше рөл берілгендіктен, олар Қазақстанның дамуына белгілі бір үлесін қосады.

Прокуратура мемлекет атынан заңдардың, Президент Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыруға, кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолдануға, сондай-ақ Конституция мен заңдарға қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық келтіруге тиіс.

Конституциялық нормаларды іске асыру механизміне прокуратура органдарының қатысуы туралы айтқанда, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыты болып табылатындығын атап өткен жөн.

Тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын біз Қазақстан мемлекетінің ең биік әлеуметтік құндылықтары ретінде қарастырамыз. Осыған орай, Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады деп көрсетілген. Адам құқықтарының табиғи-құқықтық доктринасы және қолданыстағы (ұлттық) құқықты қалыптастырудың аталған факторы, әрине, прокуратура органдарында ескеріледі.

Әлемдік қаржы дағдарысының қолайсыз жағдайларында халықтың материалдық жағдайын қамтамасыз ету мәселелері, нәтижесінде, қоғамда әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау міндеттері аса маңызды болып табылатындықтан, прокуратура органдары азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар бөледі. Айтқанымызды дәлелдеу үшін бір ғана 2009 жылдың ішінде әлеуметтік-экономкиалық саладағы прокурорлық қадағалау актілері бойынша 450 мыңнан астам азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалғанын атап өткен жөн.

Дағдарысты еңсеру жағдайында прокуратура органдарының азаматтардың еңбекақысын алуға құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі аса өзекті болып отыр. Өткен жылы прокуратура органдары 190 мың жұмыскерлердің пайдасына жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асатын жалақы бойынша берешекті өндіріп алуды қамтамасыз етті, анықталған заң бұзушылықтардың қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық істер қозғалды. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындай келе, прокуратура елдің ірі және орта кәсіпорындарында азаматтардың еңбек құқықтарына байланысты жағдайға күнделікті қадағалауды жүргізіп келеді.

Әлемдік экономикада дағдарыс құбылыстарының сақталуы әлеуметтік процестерге мемлекеттік мониторингті жүргізу қажеттілігін ғана емес, сондай-ақ жұмыстан негізсіз және заңсыз шығаруға, жалақыны төлемеуге, еңбек ету үшін тиісті жағдайлардың болмауына және т.с. байланысты заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының еңбек қатынастарын ұдайы қадағалауын талап етеді.

Жеке (заңды) тұлғалар мен мемлекеттің мүдделеріне бірдей ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық саладағы құқық бұзушылықтардың ерекшелігі істердің белгілі бір санаттары бойынша азаматтық сот ісін жүргізуге прокурордың міндетті түрде қатысуын көздейді. Сонымен бірге, құқық қолдану практикасы көрсетіп отырғандай, материалдық жағдайды қоса алғанда қандай-да бір себептерге байланысты, сот қорғауына жүгіну құқығын пайдаланбаған адамдар да пәрменді заң көмегін қажет етеді. Мысалы, жұмыстан заңсыз шығару және жалақыны төлемеу, қаражатын үлестік құрылысқа салған меншік иелерінің құқықтарын бұзу, мемлекет қамқорлығындағы жетім балалардың, қарттардың, мүгедектердің құқықтарын белден басу және т.с.с. заңдылықты жаппай бұзушылықтардың болуына қарамастан, осы мәселелер бойынша сотқа жүгіну фактілері бірлі-жарым ғана болып отыр.

Аталған мән-жайлар прокуратура органдарына заңмен қорғалатын мемлекеттік мүдделерді сотта білдіруге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік беретін, қызметінің процессуалдық-құқықтық базасын одан әрі дамытудың маңыздылығын дәлелдеп отыр.

Халықтың аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік қауқарсыз топтарының құқықтары мен мүдделеріне прокуратура органдары ерекше назар аударатынын атай отрып, 2010 жылы мүгедектер мен қарттардың медициналық-әлеуметтік мекемелеріне прокурорлық тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 4 мыңнан астам азаматтардың денсаулық сақтауға, әлеуметтік жәрдемақы алуға, меншікке конституциялық құқықтары қорғалғанын айтқан жөн болады.

Халықтың, сондай-ақ жеке адамның денсаулығы мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын қалыптастыруда белгілеуші фактор болып табылатындықтан, азаматтардың денсаулық сақтауға, мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көлемін алуға конституциялық құқықтарын қорғау мәселелеріне прокуратура ерекше мән береді.

Прокурорлық қадағалау қорытындылары бойынша бұрын енгізілген дең қою актілерінің орындалуын бақылау тәртібінде 2009 жылы азаматтардың тегін емдеу-диагностикалық қызмет алуға құқықтарын бұзудың 239 оқиғасы және жаңа туған нәрестелерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеудің 1752 фактісі анықталған.Аталған жағдайлар прокурорлық қадағалаудың осы саласына назар қадау қажеттілігін, сондай-ақ осы салада қаржыны теріс пайдалануға жол бермеу мақсатында денсаулық сақтау жүйесі қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық жағдайларын одан әрі оңтайландырудың орындылығын растайды.

Прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелерінің бірі кәсіпкерлік қызмет бостандығына конституциялық құқықты қорғау болып табылады. Жалпы алғанда, 2009 жылғы және үстіміздегі жылдың төрт айындағы прокуратура қызметінің нәтижелері бойынша 4,5 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, қалпына келтірілген.

Осы міндетті орында 



Скачать