Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік Жарғысы


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік Жарғысы

 

1.Әскери тәртіпті нығайту бойынша командирлердің міндеттері

      Қауіпсіздіктің және әскердің үнемі жауынгерлік дайындығының ең басты жағдайларының бірі әскери тәртіп болып табылады.

Командирлер күнделікті әскери бөлімдерде, бөлімшелерде, кемелерде заң талаптарын, әскер жарғыларды, бұйрықтарды, өкімдерді қатаң басшылыққа ала отырып әскери тәртіпті қолдауға міндетті.

Әскери тәртіп дегеніміз барлық әскерилердің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары белгілеген, әскери жарғы мен командирлердің бұйрықтарын, сондай-ақ әскери қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас тәртібінің нормаларын дәл және қатаң сақтауды айтамыз.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің әскери борышын және Қазақстан Республикасын, өз Отанын қорғауда жеке жауапкершілігінің саналылығына негізделеді.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні өзінің әскери борышын саналы түрде өз еркімен атқаруға міндеттейді.

Тәртіптілікке тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру, бірақ бұл сендіру кім өзінің әскери борышын адал атқармаса, күштеу шараларын қолдануды да алып тастамайды.

2.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметін мерзім бойынша атқаратын әскери қызметкерлерге қолданатын көтермелеулер

Көтермелеу әскери тәртіпті нығайту мен әскери қызметшіні тәрбиелеудегі қызметі бойынша ең жоғарғы баға болып табылады. Әскери қызметшіге көтермелеулер өзінің қызметтік міндеттерін талаптанып, тырысып, адал атқаратын және әскери борышын өтеу барысында ерекшеленген жағдайларда қолданылады.

   Сарбаздарға, (матростарға)  және сержанттарға (старшиналарға) қолданылатын көтермелеулер

   Әскери қызметін мерзімді өтейтін сарбаздарға, (матростарға)  және сержанттарға (старшиналарға) көтермелеудің мына түрі қолданылады:

а) бұрынғы тәртіптік жазасы болса, оны алып тастау;

б) алғыс жариялау;

в) әскери бөлімнен немесе кемеден екі тәулікке дейін босату рұқсатын беру;

г) Отанына немесе бұрынғы жұмыс орны, оқу орнына әскер борышын үлгілі түрде орындағаны және сол үшін көтермелеу алғаны жөнінде хабарлау;

д) мақтау қағазымен, бағалы сыйлықпен немесе ақшалай марапаттау;

е) әскери бөлімдегі жауынгерлік  оралған (әскер теңіз туы) туды тіккені үшін әскери қызметшіні жеке фотосуретімен марапаттау (сол мезеттегі);

ж) сарбазға (матросқа)  «ефрейтор»  («аға матрос») деген әскери атақ беру;

з) кезектегі әскери атағын сержанттарға (старшиналарға) штаттық лауазымнан ( әскери атағынан) бір сатыға  жоғарлатып беру;

и) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Үздігі» деген кеуделік белгісімен марапаттау;

к) әскери бөлімнің, кеменің Құрмет кітабына енгізу;

л)  демалысқа бару және қайтуға  кеткен уақытын санамай 10 тәулікке дейінгі қысқа мерзімді демалыс беру.

Келісімшарт бойынша әскери қызметін өтейтін әскери қызметшілерге сарбаз / матрос/, сержант / старшиналық/ лауазымдарға «в», «г», және «л» тармақтарынан басқа жоғарыда аталған көтермелеулердің барлығы қолданылады.

Көтермелеу әскерилердің сапқа тұрар алдында, жиналысында салтанатты түрде ауызша немесе бұйрық беру арқылы жарияланады.

Әскери қызметшіні көтермелеу туралы бұйрықтың жариялануы мен қатар ереже бойынша марапаттау тапсырылып, сонымен бірге  Отанына немесе бұрынғы жұмыс орны, оқу орнына әскер борышын үлгілі түрде орындағаны және сол үшін көтермелеу алғаны жөніндегі  хабарлама оқылады.

Қысқа мерзімдегі демалыс әскери қызметшіге көтермелеу қай бөлімде берілді сол жерден бір ай мерзімнен кешіктірілмей берілуі керек.

3. Тәртіптіктік жазалау шаралары

   Тәртіптіктік жазалау шаралары дегеніміз қызмет бойынша уақытша болса да бағынатын әскери қызметшіге бастықтың өкімімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшіге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады. Жазалау шарасы әскери қызметшіні басқа да жауапкершіліктен босата алмайды. Әскери қызметшінің  әскери тәртіптіпті немесе қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін командир / бастық/ оның әскер борышы мен міндеті туралы ескерту ғана шектеліп, ал қажет болған жағдайда тәртіптік жазаға тартылатынын айтады. Бұл қолданылған шара әскери қызметшінің тәрбиесіндегі тәртіпті нығайту екендігін ескеріп, ол командирдің тергеу барысындағы бекітілген әскери қызметшінің кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуі керек.

Сарбаздарға / матростарға/, сержанттарға  /старшиналарға/ қолданылатын  тәртіптік жазалау шаралары

  Мерзімдік әскери қызметтегі сарбаздарға / матростарға/, сержанттарға  /старшиналарға/ қолданылатын  тәртіптік жазалау шаралары мынадай:

а/ сөгіс;

б/ қатаң сөгіс;

в/ орналасқан бөлімнен немесе кемеден жағаға кезектік босатылуға шығуға рұқсат бермеу;

г/ сарбаздарды /матростарды/ бес кезекшілікке дейін жұмысқа тағайындау;

д/ «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Үздігі» деген кеуделік белгісінен айыру;

е/ сарбазға (матросқа)  «ефрейтор»  («аға матрос») деген берілген  әскери атағынан айыру;

ж/ сарбазды / матросты/ гаупвахтыда 10 тәулікке дейін, ал сержантты /старшинаны/-7 тәулікке дейін қамау;

з/ сержанттарды / старшиналарды/ қызметтік лауазымынан төмендету;

и/ сержанттарды / старшиналарды/ әскери атақтарынан бір сатыға төмендету;

к/ сержанттарды / старшиналарды/ әскери атақтарынан бір сатыға төмендетіп, төменгі лауазымға ауыстыру.

Әр қолданылған жазалау шарасы әскери қызметшінің тәрбиесіндегі тәртіпті нығайту екендігін ескеріп, әскери қызметшінің қызмет атқарудағы жауапкершілігін арттырып, жасаған кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуі керек.

Егер кінәлі бірнеше рет тәртіпті бұзып, әскери және қоғамдық тәртіпті топпен бұзуға қатысса, қызметтік міндетін атқару кезінде, кезекшілікте болған уақытта, мас күйінде бұзақылық жасалса тәртіптік жазалау шарасы қатаң түрде ұлғайтылады. Тәртіптік жазалау шарасы бұзақылық жасаған күннен бастап / кейбір жағдайларды алып тастағанда/ бір ай ішінде орындалады. Бұл мерзім өтіп кеткен жағдайда жазалау шарасы орындалмайды, бірақ әскери қызметшінің жеке карточкасына енгізіледі.

Жазалау шаралары туралы сарбаздарға / матростарға/ сапқа тұру алдында жеке хабарланады. Сержанттарға /старшиналарға/ сапқа тұру алдында немесе жиналыста жеке хабарланады. Командирлерге /бастықтарға/ қарамағындағылардың алдында жазалау шарасын хабарлауға тиым салынады.

 


Скачать