Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметінің Жарғысы


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметінің Жарғысы

 

   1.Ротаның тәуліктік кезекшілігінің құрамы мен қарулануы, тағайындалуы

Тәуліктік кезекшілік жауынгерлік дайындықт пен ішкі тәртіпті, жеке құрам күзетін, қаруды, әскери техникамен қару-жарақты, материалдық қорды, әскери бөлімнің, бөлімшенің мүліктерін, бөлімшедегі жағдайға бақылау және құқық бұзушылық бойынша дер кезіндегі ескерту, сонымен қатар жарғының негізінде анықталған тәуліктік қызмет бойынша басқа да міндеттерді орындау мен қолдау үшін тағайындалады.

Тәуліктік кезекшіліктің құрамы оқу мерзімінде бөлім бойынша бұйрық арқылы жарияланады.

Бөлімдегі тәуліктік кезекшіліктің құрамы мынадай түрде қарастырылады:

-        бөлім бойынша кезекші;

-        бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;

-        қарауыл;

-        бөлімшенің кезекшісі;

-        кезекші және саябақ бойынша күндізгі кезекші, сондай-ақ  кезекші –тасымалдаушы жүргізуші-механиктер ;

-        кезекші фельдшер /нұсқаушы-санитар/ және медициналық пункт бойынша күндізгі кезекші;

-        кезекші және бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі;

-        кезекші және асхана бойынша жұмысшылар;

-        бөлімдегі штаб бойынша кезекші;

-        дыбыс беретін барабаншы кезекші;

-        жүргіншілер;

-        өрт кезекшісі.

Күнделікті бөлім бойынша бұйрықпен тағайындалады: бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл басшысы, саябақ бойынша кезекші, бөлімше кезекшісі, бөлімшедегі тәуілік бойы жұмысқа түсетін кезекші. Қажет болған жағдайда бөлім командирі тәуліктік кезекшілік құрамын өзгертуге құқылы.

Ротаның тәуліктік кезекшілігіне тағайындалады:

-        рота бойынша кезекші;

-        рота бойынша күндізгі кезекші.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің бұйрығы бойынша қажет болған жағдайда кейбір әскери бөлімдерде күндізгі кезекші және бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі, рота бойынша тәуліктік кезекші мен саябақ бойынша күндізгі кезекші екі қалталы әрқайсысына 30 бытырадан /патроннан/ тығындалған карабин автаматтарымен қарулана алады. Қару-жарақты қолдану ережесі мен тәртібі жарғының талаптарына сай келеді.

    2.Рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері

Рота бойынша күндізгі кезекші сарбаздан тағайындалады. Ол оның күзетіндегі қарудың, пистолет сақталатын жәшіктер мен шкафтың, қару-жарақ тұрған жәшіктердің, рота мүліктерін және сарбаз бен сержанттардың жеке заттарының сақталуына жауап береді.

Рота бойынша күндізгі кезекші казарма ішінде қару-жарақты сақтайтын бөлмеге жақын кіретін есікте қызметін атқарады.

Ол міндетті:

-        рота бөлмесінен рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпеу, қару-жарақ сақталған бөлмені үнемі бақылау;

-        бөтен тұлғаларды кіргізбеу, казармадан рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз қару-жарақты, мүлік пен заттарды шығаруға жол бермеу;

-        ротада болып жатқан жағдайларды : ротадағы әскери қызметшілердің жарғы бойынша бір-бірімен қарым-қатынас ережелері бұзылғаны туралы, байқалған тәртіпсіздік пен қауіпсіздіктің бұзылғаны туралы, оларды жою шараларын қолдану туралы рота бойынша кезекшіге бірден баяндау;

-        таңғы   тұру бойынша жеке құрамды ояту, сондай-ақ түнде өрт және суық хабар жағдайында, күн тәртібіне байланысты өз уақытында команда беру;

-        казарма ішінде тазалық пен тәртіпті бақылау және әскери қызметшілерден талап ету;

-        әскери қызметшілерге әсіресе түн мезгілінде далаға киімсіз шығуға жол бермеу;

-        әскери қызметшілер шылым шегуді, аяқ-киімдерін және киімдерін тазалауды  белгіленген орындарда жүзеге асыруларын бақылау;

-        рота командирінен бастап және тура бастықтардың , бөлім бойынша кезекшінің ротаға келуіне байланысты «Түзу тұр»  командасын беру;

-        ротаға басқа ротаның офицерлері, рота старшиналары және басқа ротадан әскери қызметкерлер келгендекезекшіні шақыру. Мысалы: «Рота бойынша кезекші-шығуға!».

Күндізгі кезекшіге отыруға, қаруды алып қоюға және киімін босатуға тиым салынады.

Еркін ауысымдағы кезекші ротадағы тәртіп пен тазалықты сақтауға міндетті, рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге, жарғыда белгіленген ереже ротаның сарбаздары мен сержанттары арсындағы қарым-қатынастары бұзылған жағдайда оған тәртіпті орнату барысында көмек көрсетуге, рота бойынша кезекшінің орнына қалуға, оның міндеттерін орындауға міндетті.

Күндізгі кезекші рота бойынша кезекшінің қайда екенін барлық уақытта білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіпті сақтауларын бақылауға, әскери формалы киімдерді киіну ережесін сақтауды бақылауға міндетті. Барлық байқалған бұзушылық жөнінде рота бойынша кезекшіге баяндауы керек.

 


Скачать