ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының жаһандану жағдайында барынша қанат жайып келе жатқан саяси-құқықтық қырлары бар.Осыған орай аталған саясаттың маңызды бағыттарының бірі саяси жүйемізге сәйкес қызметті құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.Біздің елімізде  мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарқынды, жүйелі дамуына  ықпал ететін, тәуелсіз Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданғанын ерекше атап өтуімізге болады.Сондықтан да Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің мемлекеттік-құқықтық негізіне қатысты мәселелерді зерделеу бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында елдегі заңдылық тәртіпті және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен бірге қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың жүйелі дамуын қамтамасыз ететін шаралар туралы айтылған: «Ұлттық құқықтық жүйенің негізі конституциялық құқық болып табылады.Оның қарыштап дамуы 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде елеулі түрде жаңарған Қазақстанның қолданыстағы Конституцияның принциптері мен нормаларына сүйенеді. Біздің мемлекетіміздің Конституциясында бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін (бұл:қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық,барша халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу) сақтау мен іске асыру елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»[1,3].

Осы орайда біз тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негізіне қатысты мәселені зерделеуді жөн көрдік.

1995жылғы Ата Заңымызды күнделікті оқып үйрену, оның басты қағидаларымен мұқият танысу, оның әрбір әрпінің астарында аса зор мән-мағына барын көрсетеді.Өйткені әрбір азаматтың міндеті Ата Заңды және соның негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы заңдарын бұлжытпай орындау болып табылады.1995 жылғы Конституция біздің мемлекетімізідң тарихындағы тұңғыш Ата заң емес.Қазақстан Республикасы өзінің егемен мемлекет ретінде қалыптасуында конституциялық-құқықтық дамудың бірнеше сатыларынан өтті.

Еліміздің Ата заңының қалыптасуына белсенді түрде үлес қосып, оны негіздеу жұмыстарына жетекшілік жасаған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің конституциялық дамуына қатысты былай деп жазады: «Жалпы таным тәжірбиесі және соның ішінде Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы елдің конституциялық қалыптасу тарихынсыз жаңа тәуелсіз мемлекеттің конституционализм теориясы да болмайтындығын үйретеді»[2,10].

Қазақстан Республикасының Ата заңының қалыптасу тарихында, тәуелсіздік алып, егеменді ел ретіндегі бірінші Конституция қабылданғанға дейін кеңестік кезеңде қабылданған үш Конституциясы қызмет атқарды. Бұл кеңестік конституцияларды атап өтетін болсақ: 1926 жылы ақпан айының 18 күні қабылданған Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы, 1937 жылы 26 наурыз айында Кеңестердің Х Бүкілқазақстандық съезінде, яғни ол 1936 жылғы Конституция бойынша Қазақстан Одақтас Республикаға айналу тарихи кезеңінде қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы және 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін, 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің тоғызыншы шақырылымының кезектен тыс жетінші сессиясында қабылданған Қазақ КСР Конституциясы.

Бұл аталған Конституциялар одақтас мемлекеттердің шеңберінде, коммунистік, кеңестік саяси-құқықтық жүйенің негізінде қабылданды. Осы заңдарға сәйкес Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ең алдымен ұлттық территориялық межені бөлуді, мемлекеттің ұлттық атауын, бүгінгі таңдағы шекараға жақын жағдайларды сақтап қалды.

Кеңестік негізгі заңдардың нысаны, баптарының мән-мағынасы сол өмір сүріп отырған кезеңнің әлеуметтік-саяси жағдайымен тығыз байланысты болды. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуында өз алдына егеменді мемлекет құруды аңсаған алаш зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастарының маңызы өте зор. ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» партиясының жетекшілерінің конституциялық идеяларынан тәуелсіз мемлекет құрудың негіздерін байқаймыз.

Егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің саяси-құқықтық дамуында алаш қайраткерлерінің негіздеген конституциялық жобасының маңызын ерекше атап өтеді: «Әр әрпінің демократизмімен белгілі 1937 және 1978 жылдардағы Қазақ  КСР конституциясынан гөрі, Алаш Үкіметінің (1917-1919 жж.) конституциялық жобасында  конституционализм көбірек екенін сенімді түрде ауыз толтырып айтуға болады»[3,11].

1990 жылдардың басында Қазақ КСР-да, содан кейін Қазақстанда 1978 жылғы Конституцияға айтарлықтай өзгерту енгізген бірнеше заңдар қабылданды.1990 жылдың 20 қарашасындағы «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру жөніндегі»заң бойынша Конституцияға Президент атқарушы және басқарушы биліктің басшысы деген ереже енгізілді, Министрлер кеңесі Министрлер кабинеті болып қайта құрылды. Сонымен қатар мемлекеттің одан әрі дамуына қажетті бірнеше маңызды заңдар қабылданды: 1991 жылғы 15 ақпандағы «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР-ның жергілікті Кеңесінің халық депутаттары жөніндегі » заң, «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атын өзгерту жөніндегі» 1991 жылғы 10 желтоқсандағы заң, «Қазақстан Республикасының азаматтығы жөніндегі» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң және басқаларды атап өтуге болады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» заңды қабылдады. Бұл заңда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде, барлық территориясында толықтай билігін жүргізетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтайтындығы бекітілді. Бұрынғы Қазақ Республикасының территориясы жаңа тәуелсіз мемлекеттің территориясы ретінде мойындалып, ол территория бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория деп жарияланды.

Барлық ұлттардың азаматтары енді біртұтас Қазақстан халқын құрады. Мемлекеттік билік қазақ халқының еркіндігіне негізделді. Заң барлық азаматтардың ұлтына, шығу тегіне, лауазымына, тұрған жеріне қарамастан еркіндік пен құқыққа тең ие деп жарияланды. Заңда Қазақстан мемлекетінің құрылымы айқындалып, алғаш рет мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлу принципі мойындалды.

1993 жылы 28-ші қаңтарда Қазақстан Республикасының жоғарғы Кеңесі егеменді тәуелсіз мемлекеттің бірінші Конституциясын қабылдады. Конституция құрылымдық жағынан алғы сөз,4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуда, халыққа қызмет етуге арналған, азаматтардың тең құқықтары мен бостандығын жариялайтын, еркін көрсететін мемлекеттік жаңа ұйымдарды құруда мәні зор болды. 1993 жылғы Конституцияның негізінде КСРО-ның бұрынғы одақтас республикаларының сол кезеңдегі жаңа саяси жағдайына басым көзқарасты парламенттік республиканың үлгісі жатты. Бұл Конституция өз уақытында қажетті қызмет атқарғанымен, мемлекеттегі көптеген мәселелерді толыққанды реттей алмады.Олар атап айтсақ: меншік мәселесі, басқару жүйесіне қатысты мәселелер, Жоғарғы кеңестің шексіз өкілеттіктерге ие болуы және т.б.

Осы орайда қоғамдық өмірдің өзі конституцияны қайта қарау туралы мәселені күн тәртібіне қойды.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқылау үшін жарияланды. Конституция жобасын талқылау барысында көптеген ұсыныстар, ескертулер айтылды.Олардың ең қажетті, қисындылары ескеріліп, Конституция жобасы оның тағдырын шешу үшін халыққа ұсынылды. Бүкілхалықтық дауыс берудің (референдумның) нәтижесінде 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Қазақстандық қоғам дамуының және мемлекеттің жаңа жағдайдағы негізгі қырларын айқындау мақсатында халықаралық тәжірбиеге сүйенген конституциялық реформа жүргізу мәселесі көтерілді.

2007 жылғы мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі құқықтық рефоралар уақыт талабынан туындаған өзгерістер болатын. Президенттік басқарудан демократиялық сипаты басымырақ парламенттік жүйеге өту кезеңі келді. Елдегі саяси тәртіпті өзгертуге әкеліп соқпайтын конституциямен де мемлекетті басқаруға болады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік және тежемеліліктің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталды. Осы орайда біздің ойымызды адам мен азамат құқығы жөніндегі 1789 жылғы француз Декларациясындағы мына бір қағида бекіте түседі: «Құқық кепілдігі жоқ және билікті бөліске салмаған қоғамда конституция болмайды» [4,55].

2007 жылы 16 мамырда парламенттің қос палатасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсынысын қолдап дауыс беріп, 2007 жылы 21 мамырда арнайы Заң қабылданды.

Тәуелсіз  Қазақстандағы саяси-құқықтық  өзгерістердің нәтижелі болуын қамтамасыз етуге, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың жаңа тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуына ықпал ететін конституциялық реформалардың маңызы зор.

Конституциялық реформа мемлекетімізді одан әрі демократияландыру жолындағы маңызды тарихи кезең. Бұл реформалар саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға үлкен серпін берді. Конституцияның жаңа үлгісімен біздің мемлекет ұзақ жылдар алға қойған үлкен мақсаттарды орындауға қадам басты. Конституциямызға енгізілген демократиялық өзгерістердің негізгі бағыттарын мыналардан көруге болады. Біріншіден, Президенттің бірқатар билік өкілеттігі Парламентке өтті, яғни өкілеттік қайта бөлінді. Осылайша Парламенттің ролі күшейіп, мемлек 



Скачать