ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Қазіргі кезде Қазақстанда «Пепси», «Рибок», «Самсунг», «Мобил», «Баскин-Роббинс» және басқа да фирмалардың танымал тауар таңбаларымен белгіленген тауарлар және қызметтермен ешкімді таңдандыралмайсың. Бұл таңбалар туралы тұтынушының ойында біржақты жоғары абыройы бар белгілі бір өндірушімен байланыстырылады және тауарлар мен қызметтердің жоғары сапасы бар екенін қосымша көрсетеді. Осы тауарлардың ел ішінде және барлық әлем бойынша таратылуының ең бір тиімді ағымы – біздегі аз танымал франчайзинг. Дегенмен бұл бизнес технологиясы біздің өмірімізге және әр адамның ауқаттылығына нақты кіргенін белгілеу қажет. Экономиканың көптеген сфералары мен салалары едәуір дәрежеде франчайзингпен төмендетіледі және оған тәуелді.

 

Қазіргі кезде франчайзинг әр түрлі бизнестің түрлерінде пайдаланылады. Әсіресе ол келесі өнеркәсіп және қызмет көрсету саласында қарқынды түрде дамып жатыр:

-                автомобильдік өнеркәсіп және автосервистің қызметкері;

-                бизнесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша көмек (бухгалтерия, іс жүргізу, жарнама және т.б.);

-                құрылыс, үйлерді жөндеуге байланысты қызметтер;

-                ағартуға байланысты қызмет көрсету;

-                демалыс пен ойын-сауық;

-                жедел қызмет көрсететін мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар және т.б.;

-                азық-түліктік шатырлар, медициналық және косметикалық қызметтер;

-                үй шаруашылығы саласындағы қызметтер;

-                бөлшекті сауда және басқа да көптеген қызметтердің түрлері [1].

Сонымен франчайзингтің түсінігі әр түрлі және тіпті варияциялы айтылады. Оның былай айтылуы әр бөлек алынған мемлекеттің немесе белгілі бір халықаралық ұйымның экономикалық және құқықтық жүйелерінің ерекшелігімен байланысты.

Сонымен санаткерлік меншік әлемдік ұйымның франчайзинг бойынша нұсқасында мазмұндалған анықтамасына сәйкес. Франчайзинг – құрастырылған бизнес жүйесі және тауар таңбасы бар бір тарап – франчайзер (құқық иеленуші) басқа тұлғаға – франчайзиге бұл жүйені франшизаның иесінің талаптарына сәйкес марапаттау орнына пайдалануға рұқсат беру туралы шарт.

Франчайзинг бойынша бір компания (франчайзер) тәуелсіз адамға немесе компанияға (франчайзиға) компаниясының өнімін және қызметін сатуға құқық береді, ал франчайзи осы өнімді немесе қызметтерді франчайзердің алдын ала бизнес жүргізу бойынша белгілейтін заңдарына және ережелеріне сәйкес сатуға міндеттенеді.

Осы ережелердің барлығын іске асырудың орнына франчайзи компанияның атын, абыройын, өнімі мен қызметін, маркетингтік технологияларын, сараптамасын және қолдау механизмдерін пайдалануға рұқсат алады. Осындай құқықтарды алу үшін франчайзи франчайзерге бастапқы жарнасын жасайды, ал содан кейін ай сайынғы жарнасын төлеп тұрады.

Франчайзинг жалға беру тәрізді. Өйткені франчайзи ешқашанда тауар таңбасының толық иесі болып табылмайды, тек жай ғана оған ай сайынғы жарнасын төлеу кезеңінде тауар таңбасын пайдалануға құқығын береді.

Осы жарналардың сомалары франчайзинг шартында (келісімінде) көрсетіледі және келіссөздің нысаны болып табылады.

Франчайзер – лицензия беретін немесе өз тауар таңбасын, ноу-хау және операциялық жүйелерін пайдалану құқығын беретін компания. Мысалы, франчайзер сәтті өнім немесе қызметтер жасайды, жедел тамақтандыру мейрамханасы қызметінің ерекшеленген стилін айтып кетейік. Мысалы франчайзер бизнесті дамыту үшін ақша шығарады, жақсы атақ («брэнд-нэйм» деп аталатын) және танымал келбетін жасайды.

Компания өзінің бизнес концепциясының еңбекке қабілеттілігін және осы бизнестің сәтті «қайта өндірісін дәлелдеген соң ғана, өзінің франшизасын бизнесті осылай қайталағысы келетін кәсіпкерлерге сатып алуды ұсына бастауы мүмкін.

Франчайзи – франчайзерде бизнес жасау барысында оқу және көмек мүмкіндігін сатып алатын және франчайзердің тауар таңбасын, ноу-хау және жұмыс жүргізу жүйесін пайдалануға сервистік (роялти) төлем төлейтін адам немесе компания. Франчайзер маңызды жеткізілімдерге (материалдар, шығын қаражаттары) жиірек тиімді жеңілдіктер беріп отырады. Бұл жеңілдіктер франчайзиге франчайзерден әрқашанда өнімдерді арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен франчайзинг кәсіпкерлерге бизнесті арзан бағамен дамытуға мүмкіндік туғызады. Франчайзи бизнесті құрастыру және ашу бойынша көмек алғаны үшін бастапқы жарнасын жасайды. Франчайзи  франчайзердің сауда таңбасымен, бизнес жүйесімен пайдалану үшін және франчайзердің қолдауы, үйретуі және консалтингі үшін ай сайынғы жарнасын төлеуге міндеттенеді. Егер барлығы жоспар бойынша жүрсе, франчайзи сәтті бизнес жүргізеді және оның кірісі қомақты болады.

Франшиза – франчайзердің франчайзиге сататын толық бизнес жүйесі болып табылады. Басқаша бұл жүйені франчайзингтік пакет деп атаса да болады. Ол пакетке әдетте франчайзердің меншігіндегі жұмыс жүргізуге арналған құралдар және тағы да басқа маңызды материалдар кіреді. Бизнестің әр түрін франшизаға айналдырса болады. Халықаралық Франчайзинг Ассоциациясы франчайзинг әдісін пайдалануға болатын 65-тен аса шаруашылық салаларын белгілейді.

Франчайзингтің американдық доктринасында, франшиза, тауар таңбасын және басқа да таңбалары мен бейнелерді, әрлендіруді, логотиптерді, басқа да ұқсас материалдарын, жарнама әдістері және қоғамдық атақтықты жаулап алуды патенттерді және ноу-хауды, коммерциялық құпия болып табылатын бизнес жүргізу тәсілін, жабдықты, құралдарды хаттаудың әдісін, сондай-ақ стандарттық шаруашылық шараларымен мазмұндалған авторлық құқық заңымен қорғалған немесе тауар белгісін әрлендіруді тіркеген патентпен немесе басқа әдіспен пайдалануға «басымдылық құқық» сияқты анықталады.

Аталмыш жағдайда, франшиза келесі айрықша құқықтар кешенін ұсынады:

-                франчайзердің фирмалық және коммерциялық белгісінің әрекет етуге құқығы;

-                тауар таңбаларына, сауда белгілеріне және т.б. құқығы;

-                франчайзердің меншігіндегі коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығы.

Франция Франчайзинг Ассоциациясы, франшизаны «франчайзер-кәсіпорны және бір немесе бірнеше франчайзи – кәсіпорындарының арасындағы, нәтижесінде франчайзер кәсіпорынның тауар таңбасымен, атауымен және әсіресе, франчайзердің бақылауымен франчайзи біржақты пайдалану жолы арқылы қолдануға тиіс ноу-хаумен басқаруды қарастырады».

Бұл жерде, франшизаның сипатты элементі болып франчайзер сотының шешімдеріне сәйкес «өзіндік, сыналған және берілетін» ноу-хауды беру болып табылады.

1977 жылғы құрылған Британия Франчайзинг Ассоциациясы (BFA –   British Franchise Association), франшизаға бір тұлғамен (франчайзермен) басқа тұлғаға (франчайзиге) бақылау лицензиясын беру бойынша анықтама береді және:

а) франчайзиге франшиза кезеңінде франчайзердің меншігіндегі немесе франчайзермен ассоциацияланатын өзіндік атауын пайдалана отырып, белгілі бизнеспен айналысуға рұқсат береді немесе міндеттейді;

б) франчайзерге франшизаның нысаны болып табылатын бизнес жүргізу сапасын франшизаның барлық кезең ішінде бақылауға құқық береді;

в) франшизаның нысаны болып табылатын (кәсіпорынды ұйымдастыру, қызметкерлерді үйрету саудалауды меңгеру және т.б.) бизнесті жүргізу барысында франчайзерді франчайзиге көмек көрсетуге міндеттейді;

г) франчайзермен франчайзиге франшиза немесе тауар, қызметтер бергені үшін, франчайзиді франчайзерге франшизаның барлық кезеңінің ішінде әрдайым белгілі ақшалы сомасын төлеуге міндеттейді;

д) бұл холдинг және оның қосалқы компаниясының арасындағы немесе жеке тұлға бақылайтын компанияның арасындағы әдеттегі мәміле болып есептелмейді.

Сонымен франшиза – ең алдымен франчайзердің саудалық атауын және фирмалық технологияларын ақылы құқығы арқылы пайдалану бойынша бизнес жүргізудің шарттары белгіленген келісім-шарт.

Франшизаны сатып алушы ретінде банктен қарыз алуға келген адам жәй өз бизнесін ашқысы келген адамға қарағанда жақсы көзқарасқа ие болады. 1981 жылы «National Westminster» банкі ірі банкілердің ішінде алғаш болып арнайы франчайзинг бөлімін ұйымдастырды. Ол индустрия туралы ақпаратты жинайды және жергілікті банк бөлімшелерінің менеджерлеріне консультация береді. Қазіргі таңда Bank of Scotland, HSBC, Royal Bank of Scotland, National Westminster арнайы франчайзинг департаменттері бар [2]. Сізді тек қана жақсы қарсы алып қана қоймай, сонымен бірге несиені өте ыңғайлы шарттарда береді. Егер жеке кәсіпкер бизнестің алғашқы құнынан 50%-дан артық несие алуға мүмкіндігі болмаса, жақсы франшизаны сатып алушы 70%-дейін несие алуға мүмкіндігі бар. Әрине, егер франшиза аса танымал болмаса, онда банк ондай несиел 



Скачать