Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібі
Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібіКүші бар қылмыстық атқару заңдарында, ведомстволық номативтік актлерде түзеу мекемелерінен босатудың тиісті тәртібі көрсетілген. Сотталғандарды жазаны өтеуден босату үшін оларды алдын ала дайындайды. Сотталғандарды босатуға дайындау – құқық бұзушыларды түзету жөніндегі түзеу мекемелерінің іс әрекетіндегі ең бір маңызды кезеңі. Оған оларды алдын ала жұмысқа орналастыру, бостандықтағы өмір жағдайына тез үйрену мәселелері кіреді. Босатуға дайындық мерзімі аяқталудан 3 ай бұрын басталады. Әрбір сотталғанмен жеке әңгіме жүргізіледі, онда босағаннан кейін шамамен оның тұратын жері белгіленеді, жергілікті үкімет органдарының көмек көрсету тәртібі түсіндіріледі. Түзеу мекемесінен босайтын адамдарды еңбек пен тұрмыстық жағдайын түзеудің маңыздылығын ескере отырып, тәрбиелеу шаралары жиынтығын аяқтау кезеңі және құқық бұзушыны түзеудің қорытындысын бекіту түрінде, қазіргі күші бар Қазақстан Республикасының Еңбек заңдары – ол міндетті жергілікті атқару органдарына жүктейді. Қылмыстық жағдайда Республикада бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған сотталғандарды ақтау орталығының жоқтығы қиындата түседі. Кейбір дәрежеде сотталғандарды босатуға дайындаудың өзгешеліктері бар – оларға 1,2 – топтағы мүгедектер, қартайғандар, кәмелетке жетпегендер, аяғы ауыр әйелдер мен жас балалары бар аналар жатады. Жазадан босату кезінде сотталғанға кету парағы беріліп, соның негізінде онымен түгелдей есептеседі. Кешірім жасау, рақымшылық ету негіздерінде, шартты түрде, мерзімінен бұрын шартты түрде немесе бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімін едәуір жеңілдетілген жазамен ауыстырғанда да рәсім салтанатты болуы тиіс. Осы мақсатта сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға арналған жиналыс өткізілуі тиіс. Сотталған босатылған кезде оған тиесілі заттары мен құндылықтары, оның жеке шотындағы сақтаулы тұрған ақшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегені туралы құжат беріледі. Босатылушының сұрауы бойынша оған әкімшілік мінездеме беріледі. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға түзеу заңдарымен келесі материалдық көмек түрлерін көрсету белгіленген: босатылған адамдар тұратын жерлеріне нем есе жұмысына дейін тегін жалақымен, тиісті тәртіппен жолда жүрген азық-түлікпен немесе ақшамен, мемлекеттік қаражат есебінен сырт киіммен қамтамасыз етіледі. Оларға белгіленген мөлшерде түзеу мекемесі бір жылға ақшалай жәрдемақы беруі мүмкін (ҚР ҚАК-нің 176, 177 бабы). Қазақстан Республикасы соттарымен сотталған ТМД-нің басқа республикаларының азаматтары Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерінде жазаны өтегеннен кейін өз республикасына кеткенде жол билеті Қазақстан Республикасының шекарасына дейін қамтамасыз етіледі. Скачать |