Германия


 

Германия – федеративті мем­лекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жер­ден тұрады. Негізгі заңы – конс­ти­туциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қа­зір­гі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамы­рында сайланған.

Германия парламенті екі па­ла­тадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бун­десратты жер үкіметі өкілдері­нің 68 мүшесі құрайды. Егер феде­ралдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мер­зімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасы­рын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құ­рамына германдық Бундестагта сай­ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель. 




Скачать