Рим құқығы
Рим құқығыЕжелгі Римде өзінің құқықтары бұзылған тұлғалар әділеттік талаптары бойынша талап-арыз жазу негізінде қорғайтындығын тәртіпке айналдырды. Сол замандардан бастап әрбір (құқы бұзылған) Рим азаматы өзінін бұзылған немесе даулы құқын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап, сотқа жүгіне алды. Сол кездің өзінде-ақ талаптың өзі заң тұрғысынан материалдық және процессуалдық болып екіге бөлінді. Олардың біріншісінің мәні талапкердің нақтылы фактімен заң негізінде талабы қанағаттандырылуы болса, ал екіншісінің мәні — сотқа оның шешімін шығару мақсатында жолданудың заңды немесе заңсыз екендігінде болған. Талаптар өздерінің құқықтық бағытына қарай: жеке және заттық болып бөлінген. Жеке талап өзінің мағынасы көрсетіп тұрғандай арнайы тұлғаға бағытталса, ал заттық болса белгілі бір мүлікке негізделген. Талаптар ерекшеліктеріне қарай: анықталған және анықталынбаған болып бөлінген. Оның біріншісі құкықты бұзған анық тұлғаға (жауапкерге) бағытталса, екіншісі кез келген күдікті адамдарға қарсы жазылған. Талаптар мазмұндарына қарай күрделі және жай болып келген. Жай талап бойынша жалғыз ғана міндет, мысалы затты қайтару болып келсе, күрделіде затты қайтарумен қоса айыппұл төлеуді және тағы басқа міндеттер атқаруды көздеген. Рим азаматтық үрдісінің кезеңдері: легисакциялық үрдіс пен формулярдық үрдіс. Бірінші кезеңде істі қарауға дайындық өткізілген, ал екінші кезеңде істің мән жағдайлары тексеріліп шешім шығарылған. Легисакциялық үрдісте тараптар сот магистратына келіп дау затын құрайтын затты өздерімен бірге алып келген. Талапкер затты қолында ұстап тұрып жауапкерден зат менікі екенін мойындайсыңба деп сұраған, егер жауапкер үндемесе келіссе, талап мойындалған болып танылған. Іс осымен аяқталып талапкер өз затын алып кететін болған. Егер жауапкер дауласып келіспеген болса: әр тарап өзінің айтқанын дәлелдеуі қажет болған, әр қайсыс өз куәларын шақырып, олардан куә болуды өтінген. Осыдан кейін істің қаралуының екінші кезеңі басталған. Екінші кезеңде екі жақтын келісімі бойынша магистратпен тағайындалған судья дәлелдемелерді тексеріп іс бойынша шешім шығарған. Формулярдық үрдіс – ол азаматтық үрдістің қарапайым түрі. Ол алдымен перегрин преторының тәжірибесінде пайда болған. Претор талапкер мен жауапкердің айтқандарын тыңдап шығып, формула құрастырып, оны жауапкер арқылы судьяға табыс еткен. Формулада претор судьядан талапты қанағаттандыруды немесе қанағаттандырмауды талап еткен. Экстраординарлық үрдіс – ол азаматтық істерді қарап шешудің ерекше тәртібі. Экстраординарлық үрдісте сот қызметін әкімшілік органдар атқаратын болған. Рим мен Константинопольда – калалық полиция басшысы, ал провинцияларда – провинция басшысы. Экстраординарлық үрдісте апелляциялық шағым түсіруге рұқсат етілген. Экстраординарлық үрдісте сот шешімдері талаптың өтініші бойынша мемлекеттік билік органдарымен атқарылатын болған. Талап ол классикалық рим құқығында сот үрдісін өткізу арқылы талап қойған тұлғаның пайдасына шешім шығаруға әкелдіретін құралы. Талап түрлері: заттық талап және жеке талап. Интердикт (тиым салу) – қоғамдық тәртіпті немесе азаматтардың мүдделерін тоқтату туралы претордың үкімі. Реституция – ол бастапқы жағдайларға шегеру туралы шығарылған пертордың үкімі. Ол істің мән жайлары алдын ала қаралып болғаннан кейін шығарылатын болған. Талаптың ескіруі – ол нұқсан келген құқықты қалпына келтіру тәсілі. Рим құқығында талаптың ескіру мерзімі 30 жылды құрайтын болған.
Глоссарий Талап – классикалық рим құқығында сот үрдісін өткізу арқылы талап қойған тұлғаның пайдасына шешім шығаруға әкелдіретін құралы. Легисакциялық үрдіс – істі қарауға дайындық өткізілген уақыт. Формулярдық үрдіс – істің мән жағдайлары тексеріліп шешім шығарылған уақыт. Экстраординарлық үрдіс – азаматтық істерді қарап шешудің ерекше тәртібі. Бұл үрдісте сот қызметін әкімшілік органдар атқарған. Интердикт (тиым салу) – қоғамдық тәртіпті немесе азаматтардың мүдделерін тоқтату туралы претордың үкімі. Реституция – ол бастапқы жағдайларға шегеру туралы шығарылған пертордың үкімі. Ол істің мән жайлары алдын ала қаралып болғаннан кейін шығарылатын болған. Талаптың ескіруі – ол нұқсан келген құқықты қалпына келтіру тәсілі. Рим құқығында талаптың ескіру мерзімі 30 жылды құрайтын болған. Скачать |