Меншік құқығының субъектілері
Меншік құқығының субъектілеріКез келген азамат, тіптен кәмелетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл ортақ принцип. Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. Бірінші кезекте олар азаматты кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігімен байланысты. Бұл екі жағдайды да қарастырайық.Кез келген адам кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын меншік иесі бола алады. Бұл шарт орынды, егер оның меншігі сыйға тарту нәтижесінде пайда болса. Басқа мәмілеге қатысу үшін азаматтық әрекет қабілеттілік болуы керек. Меншікті өзінің жалданбалы еңбегін сату нәтижесінде иемденген жағдайда қызметкерге қойылатын талап еңбек заңнамасында анықталады. Кейбір мәмілелер, мысалы жылжымайтын мүлікпен мәміле, тіркелуге тиіс. Бұл оның заңды болуының міндетті шарты. Басқа жағдайларда мүлік арнаулы тіркеуге алынады. Бұл автомобиль, катер, т.б. көлік құралдарын иемденгенде болады. Бұл тіркеудің азаматты кәсіпкер ретінде тіркеумен ешқандай қатысы жоқ. Азаматты жеке дара кәсіпкер ретінде тіркеу жеке дара кәсіпкер туралы Заңда белгіленген. Оған сәйкес жеке дара кәсіпкерлер міндетті түрде мелекеттік тіркеуге жатады, олар мына талаптардың біреуіне жауап беруі тиіс: Тіркелуге өзі бару керек және жеке дара кәсіпкер ретінде есепке алу азаматтың тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жүзеге асырылады. Жоғарыда аталмаған жеке дара кәсіпкерлер жеке дара кәсіпкер ретінде өз қалауы бойынша тіркелуге құқылы. Сол себепті, оларда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі бола алмайды. Жеке дара кәсіпкерліктің түрлеріне жеке кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Жеке кәсіпкерлікті бір азамат өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке дара кәсіпкерлер) өздеріне ортақ меншік құқығында тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған бірлесіп билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы жүзеге асырады. Өз кезегінде бірлескен кәсіпкерлік ортақ бірлескен меншік (ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі, шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі, жекешеленген тұрғын жайға ортақ меншік) немесе ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Скачать |