Меншік құқығының мазмұны
Меншік құқығының мазмұныМеншік иесіне өз мүлкін иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұнын анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада рим жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Ресей заңнамасында ол алғаш 1832 жылы пайда болды. Иемдену құқығы мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заңмен қамтамасыз ету мүмкіндігін білдіреді. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 2-бөлігі). Дағдылы түсінікте бұл өкілетгікке «ұстау» ұғымы басқалардан гөрі сәйкестеу келеді. Бұған қарағанда, дау туған жағдайда мүлік үстаушы басқадай белгіленгенге дейін титулдық (занды) меншіккер болып табылады. Бірақ, мынаны білу керек: меншік құқығы иемденумен (үстаумен) де, тіптен сол кездегі иелікпен де қатты байланысты емес. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін заң шығарушы иемдену құқығының құқықтық мәндік нышандарын таба алмады. Сондықтан, іс жүзінде «алып тастау принципіне» сүйенуге тура келеді - пайдалану және билік ету құқықтары қамтымайтындар иемдену құқығы болып табылады. Сонымен қатар иемденуде едәуір маңыздылық бар, сондықтан да ол қалған басқа құқықтардан (әсіресе міңдеттемелік құқықтан) өзгеше. Басқа заттық құқықтарда иемдену өкілетгін жалпы ереже бойынша болмауы да мүмкін, ал меншік құқығында бұл, әдетте, міңдетті элемент. ҚР АК-сына қарағанда Ресей АК-сында иемденуге анықтама берілмеген. Сондықтан да Ресей Федерациясында иемдену құқығын түсінуде бірпікірлік жоқ. Мысалы, Ю.К.Толстой былай дейді: «иемденуге құқық беру — меншік иесінің мүлікке шаруашылық үстемдігін заңмен қамтамасыз ету. Әңгіме бұл жерде затқа шаруашылық үстемдік ету жайында, ол меншік иесінің затпен тікелей жанасуын қажет етпейді. Мысалы, ұзақ іссапарға кетсе де меншік иесі өзінің пәтеріндегі заттардың иесі болып қалады». Бұл Герман Азаматтық зандар жинағының үстанымына сәйкес келеді. 854-баптың 1-тармағына сәйкес «затқа үстемдіктің арқасында затты иемдену шындыққа айналады. Бірақ бұл ұстаным «үстемдік» терминін ашып бермейді. Құқықтың континентальдық жүйесінің басқа елдерінің заңнамасы арқылы бұл проблемаға көз жүгіртсек, мүмкін қазақстандық заңнамада иелік етудің меншіктік өкілеттігі түсініктілеу болар. Мысалы, құқықтың роман-герман жүйесінің әртүрлі елдеріңде иемденуді, шартты түрде «өзінікі» және «өзінікі емес» деп бөледі. Францияда, мысалы, иемдену (розкекіоп) және уақытша үстау (сіеіепііоп ргесаге) болып бөлінеді. Иемденуді «өзі үшін және меншік иесі ретінде» иемдену. Сонымен қатар зандық құқық элементтерінің біреуін - иемденуді нақты «үстау» немесе «иелену» ретінде ұғыну сервитут сияқты заттық құқықты қисынды түсіндіруге мүмкіндік бермейді. Жер учаскесін ұстауды (иеленуді) меншік иесі де, сервитут ұстаушы да бірдей жүзеге асыра алады, яғни екі субъектінің де құқықтық титулы бар. Бірақ бұл титулды ол екеуі де сол жер учаскесінде өздері немесе олар уәкілеттік берген адамдар болған кезде ғана іске асыра алады. Сонымен қатар, құқықтың ағылшын-американ жүйесіңде иемденуге құқық институты бар Иемденуге құқық меншік иесіне («иемденуге құқығы бар» адамға) тиесілі заттың қандай да бір негіздер бойынша басқа адамның иелігіңце болу жағдайын білдіреді. Иемденудің бұл формасы тәуелді ұстау институтымен байланысты, ол құқықтық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жылжитын мүліктің меншік иесі бір адам болады («затты басқаға берген»), ал мүлікті иемдену құқығын басқа адам иеленеді («тәуедді ұстаушы»), оған бұл мүлікті меншік иесі белгілі бір мақсат үшін береді. Сонымен, иемденуді түсінуге және оны меншік құқықтары жүйесіңде іске асыруға көптеген жол бар деп айтуға болады. Иемдену құқығы дегеніміз… Мысалға велосипедті алайық. Егер меншік иесі оған мініп жүрсе, онда ол оның пайдалы табиғи қасиеттерін пайдаланады. Бірінші постулат, әрине, ешкімде күдік тудырмайды. Ал енді құқық тұрғысынан алғаңда күрделі әрекетті қарастырайық — меншік иесі велосипедпен шеге қағады. Бұл онша қолайлы емес шығар, бірақ одан меншік иесі пайда алады. Жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес бұл пайдалану құқығын жүзеге асыру деп бағаланады. Ал, егер меншік иесі велосипедті сырласа немесе бір бөлмеден бір бөлмеге апарып қойса ше? Біздің ойымызша бұл әрекеттер иемдену құқығын жүзеге асыруға жатады. Яғни, заттың пайдалы табиғи қасиеттерін пайдалану, оған билік жасау болып табылмайтын және тікелей пайда әкелмейтін әрекет иемдену құқығы аясына жатқызылады. Маңызды мәселенің бірі - меншік құқығыңда пайдалану құқығы иемдену құқығынсыз бола ала ма? Біздің ойымызша - бола алмайды. Және де, бұл сұрақтың жауабы иемдену деп нені ұғынатынымызға да байланысты. Жалпы ереже бойьшша біз баяндаған тұжырымдамада пайдалану құқығы нақты қолда ұстауды қарастырады. Скачать |