Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі құқықтық реттеу механизмдері (Шет мемлекеттер тәжірибесін зерттеу мен Қазақстанда енгізу мәселелері)


Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі құқықтық реттеу механизмдері (Шет мемлекеттер тәжірибесін зерттеу мен Қазақстанда енгізу мәселелері)

 

Мемлекетімізде бірегейлі өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сыбайлас жемқорлық тек қана Қазақстанды ғана емес, әлемнің басқа да елдерін толғантқан мәселелердің бірі.

         1979 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағытталуы» [1].

 

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған тең орай шенеуніктіктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады.

  • Ø сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті;
  • Ø бірте-бірте болған сыбайлас жемқорлық, жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды;
  • Ø биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүгізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Шведцария, Жаңа Зеландия, Нидерландия, Сингапур, Канада, Австрия, Испания, Жапония елдерін жатқызуға болады.

Міне, осы аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру кейбір ерекшеліктерін осы елдердің үкімет сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.

Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді:

  • лауазымды тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындағаны үшін материалдық тұрғысынан да жағдай жасау;
  • сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру;

Әлемнің көптеген елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі – Заң алдында барлық адамдардың теңдігі [2]. Жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікте бірдей тартылады. Кытайда мемлекеттік комитеті сыбайлас жемқорлық үшін жаза туралы Қағиданы 1952 жылы қабылдады. Онда сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы нормалардың қылмыстық-құқықтық және қылмыстық істер деп жеке тарау етіп бөлу жеткілікті негізделген. Мысалы, пара алғаны үшін мемлекеттік ұйым айыппұлмен жазаланады, тікелей орындаушы мен ұйымның басшысы жағдайдың ауырлығына байланысты – 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе тұтқындалады. Сыбайлас жемқорлық және парақорлық үшін жазалау мәселелері жеке нормамен реттелген. Егер сыбайлас жемқорлық немесе пара алу кірісінің сомасы 100 мың юаньнен асып кетсе, онда 10 жылға бас бостандығынан айырылады немесе дүние мүлкі тәркіленеді немесе онсыз өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады [3].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіде 13-тарау Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстарға арналған оның, 311-бабында мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына, жасаған іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекет (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе, мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал Францияны алар болсақ, параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін өзінің капиталымен жұмыс істеуге, жеке кәсіпорындарға кеңес беруге тиым салады.

Шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнаманы күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни қылмыстық-құқықтық қана емес, қолдану жағына қарсы дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі.

Мысалы, Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңқалдырады. Сыбайлас жемқорлық — қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі — ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.

Сингапур елі сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең «таза» мемлекеттердің қатарында. Сингапур билеушілері, шынымен де, жемқорлықпен күрестің қызмет етіп тұрған және нәтижесін беріп отырған тиімді механизмін жасай білді. Бұл елде жемқорлықпен күрес үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұған 1952 жылы құрылған сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросы арнайы органының үздіксіз жұмысы дәлел.  Бюро мемлекеттік шенеуніктер арасында болған жемқорлыққа қатысты жағдайларды тексеріп, тиісті органдарға қажетті шараларды қолдану үшін хабарлап отырады. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жақын мемлекеттік органдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін басқару жүйесіндегі «әлсіз тұстарын» айқындау мақсатында зерттейді. Егер жемқорлық әрекеттерін тудыратын жағдайлар табылса, Бюро бұл органдардың басшыларына тиісті шараларды қолдануды ұсынады. Сингапур елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты идеясы «жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу» болып табылады. Бұл бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдардың негізінде жүзеге асырылады, мысалы:

  • мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептелінеді;
  • пара беруші де, пара алушы да жақтарға қатаң шаралар қолданылады;
  • мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздары туралы жыл сайын тексеруші есеп жүргізіледі;
  • саяси сатылмайтын көшбасшылардың моральдық беделін қолдау үшін жоғары лауазымдардағы шенеуніктердің жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне қатаң түрде қарау;
  • сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау;
  • шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша» жоспарланбаған тексерулер жүргізу;
  • экономиканы дамыту үшін артық әкімшілік кедергілерді жою;
  • әр 3-5 жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген шараларға мониторинг, талдау, сараптама жүргізу.

Сингапурдің мемлекеттік қызметі меритократия (жеке еңбегінің жүйесі), бейтараптық, қоғамға есеп беру, адалдық, жемқорлыққа қарсы тәртіптілік негізінде қызмет етеді. Ол халықтың әр арызына мұқият көңіл бөледі. Әр Министрлікте жұмыс сапасын арттырумен шұғылданатын бөлімдер қызмет атқарады. Жұмыс сапасын арттыру мақсаттарының бірі — қызмет көрсету тұтынушыларын 15-20 минуттан артық күттірмеу. Мемлекеттік қызметті дарынды, қабілетті мемлекеттік қызметшілермен қамтамасыз ету үшін, мектеп қабырғасындағы келешегі зор, озық оқушыларды анықтап, оларды оқу барысында қолдап, университеттерге түсу үшін шәкіртақылар тағайындап, шетелдерде оқыту мәселесіне көңіл бөлген. Біртіндеп Сингапурдің мемлекеттік қызметінде ең дарынды әрі қабілетті, білікті мамандар жұмыс істей бастады. Сингапур ақша саясатына қатаң бақылау қоя білді. Мысалы, сайлау кампанияларында шығындарға қатаң шектеулер қою, жеке министрліктер мен парламент мүшелері үшін емес, тек саяси партиялардың пайдасына ғана қайырымдылық көрсету, үкімет саясатына пара беру арқылы әсер етпек болғандардың әрекеттеріне жол бермеу. Бұл мәселе төңірегінде қоғамдық пікірді қалыптастыруда, сыбайластық фактілерін әшкерелеуде БАҚ-ның атқарар мәні зор.  Сыбайлас жемқорлықпен күрес — Сингапурдің экономикалық өсуінің басты факторларының бірі. Сингапурдің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі күшті саяси ерік-жігер мен жалпы қоғам тарапынан түсінушілік пен қолдау болса, жемқорлықтың тамырына балта шабуға болатынын көрсетеді.

Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді [3]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретін 



Скачать