ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ
ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІМемлекеттік биліктің бастауы – халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық мемлекеттердің басты қызметі болып табылады. Сондықтан қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінің конституцияларында, заңнамаларында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бекітілген. Сала бойынша конституциялық деңгейге көтерілген адам құқықтарын қорғаудың әлемдік тәжірибесі жасақталған. Көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданды, тетіктер құрылды. Қазіргі кезде ондай тетіктердің өзін де әртүрлі негіздер бойынша саралауға мүмкіндік бар. Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық заңнамасы мен тетіктеріне халықаралық заңнама мен тетіктер де қосылды. Саралауға бұдан да басқа мүмкіндік беретін негіздер заңгер-ғалымдармен зерттелуде, тәжірибе жүзінде іске асырылуда. Адам құқықтарының жалпы саны да арту үстінде. Мысалы, жақында ғана ақпаратты және таза ауыз суды пайдалану – адам құқықтарының қатарына жатқызылды. Қарастырылып отырған Латын Америкасы құрлығы мемлекеттері адам құқықтарын қорғау саласында үлкен тәжірибе жинаған. Кейбір қорғау түрлері мен тетіктері жақсы дамыған, оны әлемдік қауымдастық пен мемлекеттердің бәрі мойындайды. Мұнда жекелеген мемлекеттік тәжірибеге қоса құрылықтық нормативтік құқықтық акт – Адам құқықтарының Американдық конвенциясы (Convencion Americana de Derechos Humanos) да қабылданған. Сонымен қатар өңірлік тәжірибе есебінде 1992 жылы Анды тауы елдері Адам құқықтарының Андылық комиссиясын құру туралы шешім қабылдады. Құрылық мемлекеттерінің аталған саладағы ерекшелігіне жергілікті халықты қорғаудың қосымша тетіктері де кіреді. Кейбір мемлекеттерде жергілікті халықтың – үндістердің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қосымша тетіктері бекітілген. Венесуэланың қолданыстағы конституциясының 8-тарауы (119-126-баптар) «Үнді халықтарының құқықтары туралы» деп аталады. Онда байырғы халықтардың, бірінші кезекте, мекен ететін жерлеріне, тілдері мен әдет-ғұрыптарына құқықтары бекітілген. Сонымен бірге, олардың сақталуына және дамуына мемлекеттік кепілдіктер бекітілген. Осы конституциялық нормалар ұлттық заңнамада толықтырылды. Мысалы, 2001 жылғы 12 қаңтарда «Үнді халықтарының жерлері мен өмір сүру ортасын демаркациялау және кепілдік беру туралы» Заң қабылданды [1]. Латын Америкасы мемлекеттерінде адам құқықтарын қорғауда кең орын алған институт – ампаро институты. Бұл институтты кейде ампаро ісі, кепілдіктер ісі немесе конституциялық іс деп те атайды. Жалпы атауы, жүзеге асыру тетіктері ұқсас болғанмен, әр мемлекеттің өз ерекшелігі бар. Өз кезегінде құрлық мемлекеттерінде адам құқықтарын қорғау тетігінің ампаро институтына қоса өзге де элементтерінің бар екенін атау қажет. Мысалы, құрылықтың кейбір мемлекеттерінің конституцияларында арнайы Халық қорғаушысы (Defensor de pueblos) лауазымы бекітілген. Мысалы, Венесуэла Боливар Республикасының 1999 жылғы Конституциясының 4-тарауының 2-бөлімі бойынша (280-283-баптар) Халық қорғаушысы азаматтық билік құрамына кіреді [2]. Ол халықты тегін қызмет, қолжетімді процесс, істерді тез қарау, іс қараудағы еркіндік сияқты қағидалар негізінде адам құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Перу Республикасының 1993 жылғы Саяси Конституциясының 11-тарауында (161-162-баптар) оның қызметтері мен міндеттері бекітілген [2]. Халық қорғаушысының құқықтық мәртебесі органикалық заңмен реттеледі. Онда халық қорғаушысының құқықтары мен міндеттері бекітілген. Мысалы, осы лауазымнан үміткердің жасы 35-тен кем емес және міндетті түрде заңгер болуы қажет. Халық қорғаушысы адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау, мемлекеттік әкімшіліктің өз қызметтерін атқаруына және тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге бақылау жасау функцияларын атқарады. Бес жылдық қызмет кезінде оның құқықтық мәртебесі Конгресс мүшесінің мәртебесімен барабар болады [2]. Көпұлтты Боливия мемлекетінің 2009 жылғы жаңа конституциясының IV-титулының II-капитулының 2-бөліміндегі 128-бапта ампароның мақсаты «конституцияда бекітілген құқықтарды шектейтін заңсыз актілер мен іс-әрекеттерге қарсы тұру» делінген [2]. Ал 5 тармақтан тұратын келесі бапта оны жүргізу ережелері бекітілген. Осындай нормалар, яғни Конституциямен танылған құқықтарды тікелей не жанама түрде қорғау жаңа – 2008 жылғы Эквадор Конституциясының 88-89-баптарында (III-титулдың III-капитулы, 2-3 бөлімдері) да бекітілген [2]. Соңғы елде ампаро институтымен қатар, заңсыз ұстаудан немесе қамаудан қорғайтын, табиғаты ағылшындық habeas corpus институты да қолданылады. Колумбияның 1991 жылғы Саяси Конституциясының 86-бабында да осындай құқықтарды жанама қорғау (accion de tutela) тетіктері туралы нормалар бекітілген [2]. Осы мысалдардан құрылықтың адам құқықтарын қорғау саласындағы ең белгілі, әрі беделді құралы – ампаро институты екені көрінеді. Ампаро институты барлық дерлік Латын Америкасы мемлекеттерінің конституцияларына енгізілген. Аргентина конституциясының 43-бабы, Боливия конституциясының 128-бабы, Колумбия конституциясының 86-бабы, Коста-Рика конституциясының 48-бабы, Чили конституциясының 20-бабы, Эквадор конституциясының 88-89-баптары, Сальвадор конституциясының 247-бабы, Гватемала конституциясының 265-бабы, Гондурас конституциясының 183-бабы, Мексика конституциясының 103 және 107-баптары, Никарагуа конституциясының 45 және 188-баптары, Панама конституциясының 50-бабы, Парагвай конституциясының 134-бабы, Перу конституциясының 200-бабының 2-тармағы, Венесуэла Боливар Республикасы Конституциясының 280-283-баптары [1]. Латын Америкасы елдерінің ішінде тек қана Доминикан Республикасы мен Уругвайда ампаро институты конституцияланбаған. Бірақ, Уругвай Конституциясының 72-бабы бойынша Конституция «жарияланған құқықтар, міндеттер мен кепілдіктер бойынша жеке адамдарға қатыстыларды шектей алмайды». Осы норманы жүзеге асыру мақсатында 1988 жылы арнайы «Ампаро ісі» (Accion de amparo) Заңы қабылданған, сондықтан Уругвайда бұл институт құқықтық реттелген деуге болады [3]. Қарастырылып отырған ампаро институтының қалыптасу тарихына келетін болсақ, ол алғаш рет құрылықта XIX ғасырдың орта тұсында Мексикада пайда болған, ал Аргентинада конституциялық мәртебені тек 1994 жылы ғана алды. 1853 жылғы конституцияда ампаро туралы норма жоқ болатын. Жаңа конституцияны қабылдауға құрылған Конституциялыққ Ассамблея халықаралық және латынамерикалық тәжірибелерді ескеріп ескі/жаңа конституцияның 43-бабында бекітті [4]. Ампаро ісі (recurso de amparo) – конституциялық қорғау, жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жалпы құзіретті соттар жүзеге асыратын конституциялық бақылаудың арнайы тетігі болып табылады. Латын Америкасында мұндай конституциялық процестің 3 моделі (түрі) кездеседі. Бірінші модель – реттеу аясы кең, дербес жүргізілетін, процессуалды нақты құрал есебінде қолданылады. Мұндай модель Мексикада қалыптасқан. Келесі модель – әкімшілік және сот процедураларында көмекші немесе қосымша роль атқарады. Мұндай модель Аргентина, Венесуэла, Колумбия және басқа елдерде қалыптасқан. Ампаро процедурасының 3 моделі – чилилік, алдын-алудың негізгі және қосымша процессуалдық құрал болып табылады. Латын Америкасы мемлекеттерінде, адам құқықтарын қорғауда ампаро ісінің аталған модельдері басқа да элементтермен – процедуралармен толықтырылатындықтан тек қана ампаро ісі қолданылады деуге болмайды. Сондықтан адам құқықтарын қорғау тетіктері кешенді сипат алады. Мысалы, Талька Университетінің профессоры Э.Алкала Ногейра Чилиде адам құқықтарын қорғауда: - Билік органдарының актілері мен қателіктеріне қарсы ампаро ісі; - Habeas Corpus; - Habeas Data; - Заңдардың конституцияға сай келмеуінен қолдану мүмкінсіздігін даулау; - Сот органдарының шешімін даулау; - Жаппай құқық бұзылған жағдайдағы ұжымдық ампаро; - Сот органдарының қате шешімі бойынша келтірілген шығындарды талап ету; - Азаматтықты жоғалту немесе танымау бойынша талаптар қою сияқты әдістер мен тәсілдерді қамтитын қорғау тетігінің қолданылатынын атап көрсетеді [5]. Аталған рәсімдердің әрқайсысының өз ережелері мен іс жүргізу процедуралары бар. Осылайша, Латын Америкасында адам құқықтарын қорғаудың, немесе қарастырылып отырған ампаро ісінің: -қарапайым ампаро; -конституциялық ампаро; -халықаралық немесе құрылықтық ампаро сияқты үш түрі қолданылады [6]. Қарапайым ампаро бойынша заң шығарушы жалпы сот органдарына берген құзіреттер арқылы адам құқықтары бұзылған жағдайда даулау немесе талап қою мүмкіндігі туады және процесс жүргізіледі. Конституциялық ампаро бойынша әртүрлі негіздегі талаптар қатардағы сот органдарымен қатар Конституциялық соттар немесе Трибуналдарда қарастырылады. Мысалы, ондай істерді Гватемаланың, Боливияның, Колумбияның, Перудің, Эквадордың Конституциялық Трибуналдары шешуге міндетті [2]. Жоғарыда көрсетілгендей Латын Америкасы мемлекеттері азаматтарының құқықтары халықаралық деңгейде де қорғалады. Халықаралық ампароны халықаралық немесе құрылықтық адам құқықтары Скачать |