Жазадан босатылған адамдарды әлеуметке бейімдеу
Жазадан босатылған адамдарды әлеуметке бейімдеуСоңғы жылдары заң әдебиеттерінде, сонымен қатар бұқаралық ақпараттар құралдарындағы жариялымдарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселесін заңмен реттеу жөнінде ұсынытар табандылықпен жиі айтылып жүр. Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу проблемасын қайталанба қылмыстармен күресу бағытының бірі ретінде қарау тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және әлеуметтік көмек ала алмаған адамдардың жыл сайынғы тасқыны, алдымен қаңғыбастықтың, үйсіздердің себебі бола тұра, сонымен бірге олар бостандық өмірге бейімделе алмай қайтадан құқық бұзу мен қылмыс жолына түсіп қылмыстық жағдайды өршіте түсуде. Әлеуметтік бейімделу деп жеке адамның әлеуметтік ортаға икемделуін, оның әдет-ғұрпын, осы ортаға тән нормаларын әлеуметтік көзқарастарын, нұсқауларын ұғып алуды, бас бостандығынан айыруды өтеген адамға еркін қоғамда тұратын азаматтардың мінез-құлықтарын, әдеттерін үйренуді айтады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілігі қылмыстық жазаны өтеу процесінде сотталғандарды түзеудің негізгі амалдарын қолдана отырып, сотталғандарды еркін өмірде тұруға психологиялық, өнегелілікке дайындау мақсатында көптеген шаралар қолданады. Әлеуметтік ақтау Орталығында жазаны өтеп жүрген сотталғандар орталық тұрған әкімшілік ауданындағы сотталғандар тұрған жеріне күн сайын барып келе алатындай қашықтықтағы куәсіпорнына жұмысқа орналастырады. Әлеуметтік ақтау орталығына ауыстырылған сотталғандар колония аумағының сыртында орналасқан жатақханада тұрады. Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылғандарды бейімдеу проблемалары өтпелі кезеңдегі елдегі экономикалық-әлеуметтік қиындықтар жағдайында күрделі болып есептеледі. Бірақ бұл мәселе өзінің тезірек заң деңгейінде шешілуін талап етеді. Заңда мыналар белгіленген: мемлекет органдарымен, кәсіпорындардың, менкемелер мен ұйымдардың йәлдеуметтік бейімделуді қамтамасыз етудегі негізгі бағыттары мен міндетті; жазадан босатылған адамдардың құқықтық жағдайы; олардың еңбекпен тұрмыстық жайын ұйымдастыру тәртібі; олардың әлеуметтік бейімделуін ұйымдастыру. Жазаны өтеудіің мерзімнен бұрын шартты түрде босатудың өз ерекшеліктері бар. Бір жағынан оның қауіптілігі аз адамдарға қатысы бар, себебі ьұл жағдай кімде-кім өзінің түзеліп келе жатқанын үлгілі мінез-құлқымен, таза еңбегімен дәлелдеген адамдарға қолданылады, сондықтан олардың қайта қылмыс істеу мүмкіндігі аздау. Екінші жағынан, бұл адамдар мерзімінен бұрын босағандықтан, олармен босатуға әзірлеу жұмысы жүргізілмеген, ал жүргізіле қалса жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан еңбек етумен тұрмыстық жағдайы орналастыру мәселелерін олар босағаннан кейін өз беттерімен шешеді. Бақылау мен тәрбие жұмысын жүргізудің басты мақсаты – ол босағанда жаңа жағдайға бейімделу үшін көмектесу, туындаған мәселеді шешуге жәрдемдесу, босағаннан кейінгі бірінші уақытта жиі байқалатын қылмыс істеуді болдырмау. Жазаны өтеудің мерзімінен бұрын шартты түрде босатылатын адамдардың есебін Ішкі істер органдары жүргізеді. Оларды есепке қою тәртібі мен тәрбиелеу шаралары ҚР ІІМ-нің веодомствалық нормативтік актілерімен реттеледі. Скачать |