ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫНЫҢ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА МӘСЕЛЕСІ


ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫНЫҢ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА МӘСЕЛЕСІ

 

 Қазақстандағы XXғ. соңы — XXIғ. басындағы болған әлеуметтік-экономикалық және саяси процесстер, еліміздің жағдайын радикалды түрде өзгертіп жіберді. Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан бері, халықаралық-құқықтық қатынастарды динамикалық түрде дамытып, мемлекет шекарамызды бекітіп, оның заңды реттелуі, еңбек миграция процессін қарқынды түрде активизациялануына әкелді.

     Мемлекеттің миграциялық процестерге қатысты өзінің нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру мен жетілдіруге байланысты, ҚР Конституцияның 12-бабының 4-тармағы негізінен, 1997 жылы 12 желтоқсанда қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы, «Босқындардың мәртебесі туралы» 1951 жылғы 28 шілдедегі Конвенцияның және Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 15 желтоқсанда ратификацияланған босқындардың мәртебесіне қатысты 1967 жылғы 31 қаңтардағы Хаттамада халықтың көші-қонын реттеудің құқықтық негізі қаланды.

Қазақстанға көшіп-қонушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі және 2001 жылғы 29 қазандағы қаулыларымен тиісінше ҚР Көші-қоны саясаты тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған көші-қоны саясатының салалық бағдарламасы бекітілді.

Шетелден келетін мигранттардың біздің елімізге барлық жағынан ықпал етеді. Бұл тұрғын халықтың демографиялық жағдайына, оның ішінде салт-дәстүр мен тілге, халықтың этномәдени бірегейлігінің сақталуына қатты әсер етеді.

Астана қаласының инфрақұрылымы, оның әкімшілік-саяси және экономикалық-географиялық құрылымы ерекше маңызға ие қала, мұнда басқа қалалармен салыстырғанда келіп-кетушілер әлде-қайда жоғары. Астана қаласына келген барлық мигранттардың категориясы, бірінші тәулік өткеннен бастап қылмысқа деген белсенділігі арта түседі. Олар тарапынан террористік не экстримистік қылмыстар жасалуы мүмкін, негізінен жасалатын қылмыстар ішінен адам өлтіру, ұрлық, тонау, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату және т.б. сияқты қылмыстар жасалады.

Сонда келген күнінде, мигранттардың қылмыстық жауапқа 73%-ы тартылса, ал екінші тәуліктен кейін 2,7%-ы, 2%-дай төрт, не алты тәуліктен кейін жауапқа тартылған екен. Елордамызда жүргізілген зерттеу анализіне сәйкес, 30,6%-дай мигранттардың жасаған қылмыстардың көлемі мен сипатын құраған. Оның орташа ауырлықтағы қылмыстары- 18,7%-ы, ал 11,7%- ауыр қылмыстарға, 11,2%- аса ауыр қылмыстарды жасаған үшін қылмыстық жауапқа тартылған болатын [1, 18 б.].

ТМД елдерінен елордамызға келетін еңбек мигранттардың негізгі күшін- өзбектер, қырғыздар, тәжіктер, түріктер және қытай ұлтының азаматтары құрайды. Олардың еңбекке деген қабілеттігін жас мөлшерін анықтайтын болсақ, ер адамдардың – 18 жастан 59 жасқа дейін, ал әйел адамдар ішінен – 20 жастан 47 жас мөлшер аралықты құрайды.

Көбінесе, еңбек мигранттары көктем-жаз айлар мезгілдерінде 3 айдан 6 айға дейін пайда табу мақсатында жұмыс істеуге келеді. Астана қаласында бұл айлар ішінде қылмыстар санының өсуі, қаладағы криминологиялық жағдайына қатты әсер етеді. Сонда еңбек мигранттардың, тұрғылықты жерінен басқа жерге еңбек етуінің кетуіне себеп болғаны: ол өз елдің ішіндегі жұмыссыздық мәселесі, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі, экономикалық саласында мемлекет бюджетінің қаражат айналымының төмендеуі, осының барлығы басқа елге пайда табу мақсатымен кетуге итермелейді.

Қазақстан жағынан шақырған азаматының, яғни жұмыс берушінің шақыруы бойынша келген жұмысшы еңбек мигранты жұмысқа келу мақсатымен, мемлекеттік тіркеу органынан жұмыс істеуге арнайы рұқсат қағазын алып, бірақ оның жалпы әрекет ету мерзімі 1 жылға ғана берілуі мүмкін. Құрылыс саласында еңбек етіп жүрген мигранттары, біздің заңды тұлғалар және жеке кәсіптік саласында әрекет етіп жүрген жұмыс берушілер үшін тиімді, себебі жұмысшы еңбек мигрантына төмен жалақысын төлеу және оларға  қара жұмысын істету, не олардың еңбекке деген ынтасы жоғарлығы тартымды. Бірақ келуші еңбек мигранттарының оқыған кәсіптік білімнің болмауы, олардың істеп жатқан жұмыстың сапасының төмендігі әлеуметтік-экономикалық саласына теріс ықпал етеді. Бұл кезде жұмсалған барлық қаражаттың  босқа кеткені деген сөз.

Елімізге келетін бүкіл еңбек мигранттардың көлемін реттемесек, алдағы 3-5 жылдар ішінде еңбек нарығында жергілікті тұрғын халықтың арасынан жұмыссыздық мәселесін туғызады. Мысалы, жұмыс болмау салдарынан ол маскүнемдік, отбасы ішіндегі жанжалдар, нашақорлық, әйелдердің жезөкшелікпен айналысу тенденцияның жоғарлануы жалпы халықтың моральдық деградацияға ұшырауы байқалады. Сол себепті, Қазақстанға келетін жұмысшы күшін реттеп, тек қана қажетті кәсіптік саласының мамандарды санаулы түрде шақыруымыз қажет. Бұл мәселені тудырмау үшін, мемлекеттік органдары және әлеуметтік саласының мамандары әрбір квартал сайын көшіп-қонып жүрген еңбек мигранттарына мониторинг жүргізіп бақылауы тиіс.

Келуші әртүрлі мигранттар контингенті, сол қаланың немесе ауданның криминологиялық ахуалына ықпал етеді. Мысалы, Астана қаласының базарына, дүкендерге коммерциялық тұрғыда еңбек етуге келген сауда мигранттары, әр түрлі заттарды, бұйымдарды, киім-кешекті, тағам өнімдерін және заңмен тиым салған дискілер және т.б. заттарды әкеліп сатуда. Олар Қытайдан, Қырғызстан, Өзбекістаннан арзан бағаға сапасыз заттарды көлікке жүк артуы арқылы не экономикалық контрабанда түрінде тасымалдайды. Елордамыздың сауда нарығындағы сапасы жағынан емес, саны жағынан көбейіп жатқан коммерциялық айналымда жүрген сауда мигранттардың тауарлары шектен шығуына байланысты, жергілікті тауар өндірушілерге сенімді бәсеке болуда. Сондықтан, коммерциялық айналымнан түскен пайда қаржының барлығы, кең көлемде басқа шет елдердің қаржылық бюджетінің қорына түсуде. Мұның барлығына экономикалық базисына мониторинг жасап бақылауды жүргізбесек, бұл жергілікті әлеуметтік-экономикалық, қаржы айналым жүйесінің қызмет етуін нашарлатып, аймақтық саяси және экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Тауар не ақша айналымы, сауда мигранттардың тауар әкелу жолы бойында немесе келген жергілікті пункті бойынша, оларға қарсы шабуыл жасауға тұрақты жергілікті бандалық топтар құрылады. Бұл кезде сауда мигранттары өздері қылмыстың құрбаны болады.

Құрылған тұрақты бандалық топтар, қару-жарақты пайдалануымен қылмыс әрекетін жүзеге асыру барысында сауда мигранттардың тауарға ғана емес, сонымен бірге олардың өміріне, денсаулығына, бостандығына дейін қастандық жасалады. Олар тарапынан қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық, адам өлтіру, адамды кепілге алу, зорлау және т.б. қылмыстар түрлері жасалады. Көбінесе, бұл қылмыстар латентті болып көрінеді. Себебі, сауда мигранттарының тауарлары заңсыз болғандықтан, қайтадан өзіне қауіп төндіруден қорқыныш сезімімен құқық қорғау органдарына хабарламайды. Сондықтан, бұл қылмыстар өзінің реті бойынша интерференциялық тұрғыда қайталана береді.

Өкінішке орай, құқық қорғау органдарына бұл қылмыс түрлерімен күресуге күрделі. Себебі біріншіден, қылмыстан құрбан болған жәбірленушіні табуға қиын, екіншіден, оның айыпталушыға қарсы айғақтарды алуға мүмкіндігі төмен. Сондықтан тәжірибеде, тергеудің процессуалдық әрекетін жүргізгенде қылмыс құрамын анықтау, профилактикалық әрекеттерді жүргізуге қиынға соғады.

Бүгінде қаланың ішінде жүрген босқындар, оңтүстік жағынан өтіп, не қашып келген заңсыз мигранттардың көлемі артып жатыр. Осы заңсыз жүрген мигранттардың келіп-кетушілер арасынан криминологиялық қауіптілігі жағынан бірінші орында. Себебі, бұл өз елінде аса ауыр қылмыс жасаған, не түзеу мекемесінен қашып келген аса қауіпті тұлға болуы мүмкін. Заңсыз мигранттар өзіне пайдалану үшін есірткі заттарды, суық қару-жарақтарды дайындап немесе өзімен бірге алып келуі, тұрғын халық үшін қауіптілігі мол. Еңбек және заңсыз қашып жүрген мигранттардың қылмыс жасауына түрткі болған басты мотиві болып, бұл жұмыс берушінің айлық ақысын төлемеуі, жұмысшының тұрғылықты жерінің әлеуметтік нормалар талаптарына сай болмауы, қоғамның теріс көзқарасы, маскүнемдік пен нашақорлық, бұрын жасалған қылмысының жалғасуы және суық қаруды иеленуі, осының барлығы жаңа қылмыстарды жасауға алып келеді.

Қалаға келген сәтінен бастап, мигрантардың тұрғылықты тұрақталуға немесе жұмыс орынды табу кезінде арнайы қиындықтар кездеседі. Еңбек мақсатымен келген мигранттардың ішінен әйелдерге жұмыс орнын таба алмау әсерінен, көбінесе жезөкшелікпен айналысады. Оның қоғамға деген қауіптілігі, бұл денісау адамды соз ауруын, адамның иммун тапшылығын вирусын жұқтыруы және т.б. түрлі ауруларды таратады. Өкінішке орай, жезөкшелермен күресу нәтижесіз болып отыр. Оларға қарсы қылмыстық заңда жезөкшелікпен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген.

Заңсыз жүрген мигранттарды депортациялау, яғни өз еліне қайтару үлкен мәселе. Алайда құқық қорғау органдары мигранттың өзінің қаражатына шығару процесін жүргізеді, ал егер де өзінің қаражаты болмаса, соттың шешімі бойынша мемлекет бюджетінен бөлінген қаражаттың есебінен депортацияланады.

Қазіргі кезде, заңсыз жүрген мигранттармен күресу бір жолы ретінде жедел профилактикалық іс-шараны өткізу болып табылады. Олардың заң бұзу фактілерін анықтау мақсатында, құқық қорғау органдары арнайы операцияларды жүргізеді. Оларды атап өтетін болсақ, «Мигрант», «Нелегал», «Бейшара» және т.б. жедел профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде жүргізіледі.

Жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу нәтижелі болып отыр, мигранттардың жасаған қылмыстардың үлес салмағы барлық тіркелген жалпы қылмыс санының 0,9-дан 1,5%-ке дейінгі пайызын, 2005 жылы — 2127 қылмыс немесе 0,9%; 2006 жылы — 2329 қылмыс, 1,0%; 2007 жылы – 1292 қылмыс, 1,0%; 2008 жылы – 1593 қылмыс, 1,6%-зын құраған. Көрсетілген статистиканың тенденциясын бақылайтын болсақ, он 



Скачать