Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік бақылау жүргізу
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік бақылау жүргізуӘкімшілік бақылау деп заңмен көзделген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, бірақ мінез-құлқында қайталама қылмыс істеу мүмкін деп қауіптенетін адамдарға профилактикалық шара ретінде қолданылатын қадағалауды айтамыз. Әкімшілік бақылаудың мақсаты – ол түзеу мекемесі босатылып шыққан сотталғандар жаңадан қылмыс жасамауын ескерту және роларға профилактикалық-тәрбиелік әсер ету. Бұл шараны бақылайтын адамдардың жұмыс орнында, тұрған жерінде адамгершілік абыройы мен намысына тию мен беделін түсіру сияқты мақсат жоқ. Әкімшілік бақылау институты ҚР-ның 1996 жылдың 15-шілдесіндегі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік бақылау қою туралы заңымен реттеледі. ҚР-ның бұл заңы ҚР-ның аумағында жүргізілетін әкімшілік бақылаудың мазмұнын белгілейді және оны қолданғанда құқық жүйеісінің заңдылығына кепілдігін бекітеді. Кәмелетке толмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, аса қауіпті қайталап жасаған қылмысы үшін ауыр және өте ауыр қылмыстары үшін, бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп сотталған адамдарға, босатылғаннан кейін де ішкі істер органдарының ескерткеніне қарамастан үздіксіз қоғамдық тәртіп немесе өзге азаматтардың құнын, басқа да құқық бұзе берсе, онда әкімшілік қадағалау тағайындалады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жөнінде әкімшілік бақылау қою үшін материалдарды жинауға тек қана жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың құқы бар. Мұнымен бірге, көрсетілген адам қоғамдық тәртіпті сондай-ақ басқа да құқық бұзғаны үшін бір жылдың ішінде екі реттен кем емес әкімшілік жолымен жазалануы керек және тағы да жыл ішінде осындай тәртіп бұзса ғана аумақтық органдар сотқа әкімшілік бақылау қою туралы өтініш хат жібереді. Әкімшілік бақылауды тағайындау үшін сотқа ұсыныспен бірге үкімнің көшірмесі мен бұл адамға әкімшілік бақылау қою керектігін дәлелдейтін басқа да материалдар жіберіледі. Соттың мәжілісіне әкімшілік бақылауын қоюға ұсынылған адам шақырылады, ал сотталғандар ісі қаралғанда, сот мәжілісі түзеу мекемесі де жүргізіледі. Сот мәжілісіне міндетті түрде ұсыныс жасаған органның уәкілі қатысады, ал бақыланушы тілек білдірсе, оның қорғаушысы қатысады. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады, ол орындау үшін аудандық ішкі істер органының бастығына, сондай-ақ түзеу мекемесінің бастығына жіберіледі. Түзеу мекемесі оперативтік бөлімдерінің басқа қызметкерлерімен бірге отырып босатылған адамдар жөнінде мәліметтер жинау шараларын жүргізеді. Ал ол мәліметтерді ішкі істер органына жібереді. Жасақ бастықтары арнайы бөлімнің берген тізіміне сәйкес әкімшілік бақылауда болатын босатылғандарға мінездеме жазады. Сотталғанға бас бостандығынан айыру орнынан босатыларда соттың әкімшілік бақылау қою, оның мерзімі туралы соттың қаулысы таныстырылады, ал оған ол қол қояды. Ішкі істер органының рұқсатымен басқа елдің мекенге барғанда бір тәуілктен артық болатын болса, ішкі істер органына тіркелуі керек. Әкімшілік бақылаудың тоқтатылу тәртібі: ұзарту жөнінде негіз болмаса белгіленген мерзімі өткеннен кейін; тұрмыста, жұмыста оң мінез көрсетіп түзелу жолын бекем түсекенін бақылау керек болмағанда; одан соттылығы алынғанда; бақылаушының сотталуын, өліміне байланысты тоқтатылады. Ішкі істер органы әкімшілік бақылауды жүргізгенде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры және оған қатысты прокурорлар бақылайды. Скачать |