Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы
Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысыАзаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шетелде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық дәрежесін айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. Азаматтықты алу сол тұлғаға заңмен танылған барлық құқықтар мен еркіндіктердің толық тарайтынын, тұлғаны тек мемлекет ішіндегі ғана емес, оның шегінде де қорғалатынының алғы шартын көрсетеді. Азаматтықпен байланысты қатынастар ҚР Конституциясымен және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңымен реттелінеді. Осы заңның негізінде ҚР Президентінің жарлығымен «азаматтықпен байланысты сұрақтарды қарастыру тәртібі туралы жағдай» бекітілген. Азаматтық – бұл адамдардың дара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін адам мен мемлекет арасындағы тұрақты саяси – құқықтық байланысы. Бұл анықтамада азаматтықты сипаттайтын негізгі белгілер көрсетілген. Азаматтық қатынасын қалыптастыратын тұлға мен мемлекет арасындағы байланыстың құқықтық сипаты оның ресми рәсімделуінде көрініс табады. Азаматтық – фактілік жағдай емес, ол құқықтық. Мемлекеттің азаматтары деп оның аумағында өмір сүретін тұлғалардың жиынтығы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл белгі бойынша тұлғалар елдің халқын құрып – демографиялық категорияны қалыптастырады. Мұндай түсінік тек азаматтарды ғана емес, сонымен бірге елде өмір сүретін азаматтығы жоқ, шет ел азаматтарын да қамтиды. Скачать |