АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ


АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ

 

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы  сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан, жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар.

Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік нормалардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы болғанын білеміз.

 

Адам құқығы — тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан, әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды.

Сонымен адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты.

Мысалы: Алғашқы қоғамдағы бостандық:

  • құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
  • феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
  • буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
  • қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны.

Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық мәртебе арқылы толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың санқырлы байланысының түсінігі, мазмұны, құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.

Құқықтық мәртебе  жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл мәртебенің мазмұны адамның қоғамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебенің нысаны  сол адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы [1].

Қазіргі заманда жеке тұлғаның кұкықтық мәртебесі заң ғылымының бір саласына айналды және жалпы теорияның жеке тақырыбы болып отыр.

Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады. Бұл объективтік тұжырымға адамдар мыңдаған жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің заманымыздан бұрынғы V—IV мыңжылдығынан бастап адам қоғамы әлеуметтік нормасыз өмір сүре алмайды. Норма объективтік тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып гректің ойшылғалымдары Ликофрон, Антифон ( V-ІV мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықтары бар, оны ешкім жоя алмайды  деген. Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған. Сөйтіп «Табиғи кұқықтық теория» өмірге келген [2].

Бұл теория Англияның 1215 ж. бостандық партиясында, 1689 ж. құқық петициясында; АҚШ 1776 ж. декларациясында, 1791 ж. Конституциясында, Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 ж — Декларациясында адамның «Табиғи құқық теориясы» қабылданып, әр мемлекеттің кұқығының негізі болсын деп қаулы қабылдады. 1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың экономикалық, әлеуметтік жэне мәдени құқықтарын әлем көлемінде дамытуды, жақсартуды міндеттеді.

Казіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. және 2007 жылғы Конституцияларында адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.

Жеке адамдардың кұкықтарында объективтік және субъективтік, сонымен қатар позитивтік, бұқаралық және жеке құқық деген түсініктер бар. Енді солардың мазмұнына тоқтайық [3].

Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.

Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға және т.б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бекітілген-бекітілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар – заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.

Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.

Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.

Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтарымен бостандығы халықаралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оның түрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, экологиялық, ақпараттык құқықтар [4].

Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар кешеніндегі әлеуметтік құқықтардың алатын орынына тоқтала кетіп, оның негізгі түсінігін ашу қажет. Аталған құқықтық кешеннің негізгі белгілері:

  • § адамның физикалық, материалдық, рухани жіне басқа да әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағыттылығы;
  • § азаматтығына қарамастан әр адамға тиесілігі;
  • § басқа тұлғаның бостандығын шектеумен ғана емес, қоғамдық байлық мөлшері мен эконмикалық даму деңгейімен де, және барық қорлардың шегінде қамтамасыз етілуі.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар – бұл физикалық, материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктеріне бағытталған, әр бір адамға тиесілі құқықтар мен бостандықтар жиынтығы. Олардың жүзеге асырылуы адамның азаматтық қоғамның мүшесі болуына себепші болады.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олардың ішінен әлеуметтік құқықтарды бөліп қарастыруға болады.

Әлеуметтік құқықтар – бұл физикалық, материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктерін қоғамының мүмкіншіліктері шегінде және қоғамдық байлықтың мемлекетпен бөлінуі, адамның белсенді қызметі арқылы қамтамасыз етілетін табиғи құқықтар кешені.

Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің түп қазығы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-23 баптарында аталған құқықтар мен бостандықтар кейде «азаматтардың өздік құқықтары мен бостандықтары» деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі өте жоғары. Жеке құқықтар мен бостандықтарға адам азаматтығына қарамай ақ ие болады. Бұл тумысынан тиесілі құқықтар, олар мемлекеттің не басқа тұлғалардың еркі бойынша аластатылуы мүмкін емес. Бұлар адамның өмірімен, бостандықтарымен, ар ожданымен және басқа табиғы құқықтарымен байланысты құқықтар.

Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары өмір сүру (15-бап); жеке бас бостандығы (16-бап); адамның қадір қасиетіне қол сұқпау (17-бап); жеке өміріне қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болуы, ар намысы мен абыройын қорғау (18-бап); өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау және оны көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылық тілін еркін таңдап алу (19-бап); заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату, т.б. құқықтар жатады.

Соның ішінде, білім алуға құқықтылық (30-бап). Қазақстан Республикасында білім алудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ол дегеніміз жасөспірім балалардың орта білім алуға міндеттілігі. Екіншіден, азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Ал жеке меншік оқу орнында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Қалай болғанда да мемлекет білім берудің жалпыға міндетті нормалырын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол нормаларға сай болуы керек [5].

Білім алу құқығын әлеуметтік және мәдени құқық ретінде қарастыруды жөн көрдім. Әлеуметтік құқық сияқты білім алу құқығы да, мемлекеттің әр адамды осы құқықпен қамтамасыз ету міндеті болып табылады. Білім алу құқығының міндеті әр адамның білім алуының мемлекеттік кепілдіктер жүйесін құруда. Дегенмен, білім алу құқығы тек мемлекетпен берілетін әлеуметтік кепілдіктермен ғана шектелмейді, оның айтарлықтай мәдени маңыздылығы бар. Мәдени құқық ретінде білім алу құқығы — әрі құқық, әрі бостандық болып саналады. Мәдени құқықтардың ерекшелігі, ол мемлекетпен қамтамасыз етілуге тиісті емес. Бірақ, мемлекет оның жүзеге асырылуына еш кедергі жасамауы қаже 



Скачать