Өлiм мен Өмiр ортасында
Өлiм мен Өмiр ортасындаЖылжып уақыт, жылдар өтсе де, қазақ халқының тарихында Ұлы Отан соғысының iзi мәңгi өшпейдi. Жеңiс үшiн қанша адам отбасын тастап, соғысқа аттанды. Бойларын рух пен намыс кернеген абзал азаматтар ел басына күн туған, ауыр кезде от пен оқтың ортасында жүрiп, Отан үшiн отқа түстi. Қанша азап тартса да, келер күннен үмiт үзбей, жеңiске, азаттыққа үмтылды. Қазақ халқы ата-бабасы қорғап, келер ұрпағына мұра ретiнде қалдырған дарқан даласында қанат жайып, өркендеп, өсiп келедi. Бабалар ерлiгi өшпек емес.
Асылдана Жұмашева, Құмсай орта мектебiнiң 11-сынып оқушысы. Құмсай ауылы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы Скачать |