Қарулы күштеріміз елмен бірге есейіп келеді


Қарулы күштеріміз елмен бірге есейіп келеді

 

Қазіргі таңда жауынгерлік әзірлікке бөлінетін уақыт 2009 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артса, бұл ТМД армия­ла­ры арасындағы жоғары көрсеткіш саналады. Ал ұш­қыш­тардың ұшу сағаты бойынша көш басында тұрмыз. Мұның барлығы көптеген жылдардың жемісі, дей отырып, біз 1999 жылы Президент Жарлығымен Қорғаныс министрі болған генерал-лейтенант Сәт Тоқпақбаевтың бастамасымен де сол кезде әскери салада бірқатар жақсы жұмыстар жа­сал­ған­дығын айта кетсек дейміз.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында қазіргі Мәжіліс де­пу­таты және «Нұр Отан» ХДП-ның осы палатадағы фрак­ция­сы­ның мүшесі Сәт Тоқпақбаевпен кездесіп, әңгіме­лескен едік.

– Сәт Бесімбайұлы, кезінде Қорғаныс министрі болдыңыз. Енді осы саланың қалып­та­суы барысын, тарихын қыс­қаша айтып кетсеңіз.

Еліміздің Қарулы Күштері тәуелсіздігімізбен бірге өсіп, қуат алып келеді. Оның құры­луы­на, ары қарай дамуына дем беріп келе жатқан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев екені бар­шаға аян. Осы ретте еліміз тәу­елсіздік алған алғашқы жылда­ры қаншалықты қиындықтарды ба­сынан өткерсе, олардың қор­ға­ныс саласын да айналып өтпе­гені түсінікті. 1992-1993 жыл­дары басталған ауыртпалықтар әске­рилерге де салмақ салды.

Өзім қорғаныс саласын бас­қаруға келген жылы да оңай болмағандығынан бір мысал келтіре кетейін. Қызметіме кіріскен үш айдан кейін Қауіпсіздік кеңесінде қорғаныс саласы мә­се­лесі қаралатын болды. Алайда сол күні мен әріптестеріммен кездесу үшін Ресейге ұшуым керек еді. Президент сен баяндама жаса да жүре бер, деді. Ал мен бұ­ған дейін гарнизондарға ба­рып, жергілікті жердің жайы­мен, сардарлар мен сарбаз­дар­дың жағдайымен жақын та­ныс­қан едім. Соның барлығы баяндамама арқау болды. Отырыста менің «Бізге реформа емес, Қа­рулы Күштерімізді құруымыз керек», деп айтқаным бар. Сол кезде Қауіпсіздік кеңесінде отыр­ғандардың барлығы да тым-тырыс бола қалды. Оны айту себебім, ол кезде әскери оқу-жат­тығулар шаралары өткізіле бермейтін. Танкісі атып, ұшақтары ұшпайтын әскер болушы ма еді. Ақша жетпей, тамақтың өзін әрең беріп отырған кез.

Мен әскер басына келгенде солтүстік өңірлердегі гарнизондарда жатын орындардағы температура 12-14 градустан аспай­тын. Сол жерде бір капитанмен сөйлестім. Әлгі офицер өзінің оқу бітіріп, әскери бөлімге келгеніне жеті жыл болғандығын, бар тапқан-таянғаны балабақша­ға жұмсаларын, зайыбының жұ­мыс істемейтіндігін, сондықтан да еңбек демалысында ешқайда шыға алмайтындығын айтқан еді. Соның барлығын Елбасына жеткіздім. Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін Президент ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын қорғаныс саласына береміз деген шешім шығарды. Сөзім дә­лелді болуы үшін өзіммен бірге бірнеше генералды да ертіп жүр­ген едім. Соным абырой болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кез келген мәселені салмақтап барып шешеді ғой. Соның арқасында Ел­ба­сы өз шешімімен әскерге қо­мақты қаржы бөлдірді. Әске­ри­леріміз ТМД елдері бойынша жоғары жалақы алатын болды.

– Сіздің тұсыңызда екінші рет Әскери доктрина қабыл­данғаны мәлім. Одан кейін де өз­герістер енгізілді. Қазіргісі уақыт талабына жауап бере ала ма?

– Өмір бір орнында тұрмай­ды. Олай болса, доктрина да үнемі уақыт талабына жауап беруі тиіс. Біздің бейбіт саясат ұс­тана­ты­мызды көрсететін доктрина дүние жүзіне ашық бол­ғаны жөн. Өзім атсалысқан док­три­наны әзірлеу барысында НАТО-ға мүше, мүше емес елдер мен отандық үкіметтік емес ұйымдар пікірлері жан-жақты ескерілді. Оған дейінгі әскери құжатта кеңестік жүйенің ұс­та­нымы басым бо­лып, әскеріміз Семей өңірінде ғана шоғыр­лан­ған-ды. Доктри­наны әзірлеу ба­ры­сында әскерді төрт округке бөл­дік. Бір әскери округ сол Семейде қалса, екіншісі Таразда, ал үшіншісі Ақ­төбеде және соң­ғысы Қара­ған­дыда ашылды. Округтің орна­ла­суына жергілікті әкімдер айтар­лықтай қол­ұшын бергендігін ерекше атап өткім келеді.

Мысалы, сол кездегі Жамбыл облысының әкімі болған Серік Үмбетов пен Ақтөбе облысының әкімі болған Аслан Мусин өз көмектерін аяған жоқ. Сөйтіп, біз әскерімізді жаңа орынға кө­шіріп, орналастыруға үлкен қол­дау алдық. Бір сөзбен тұжы­рым­дап айтар болсам, Қазақстанның тәуелсіздік тарихымен бірге Қарулы Күштері де аяғынан нық тұрды. Қарулы Күштеріміздің әке­сі де, шешесі де Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының осы салаға қамқорлығының арқа­сын­да Қарулы Күштеріміздің дайындығы жоғары деңгейге көтерілді. НАТО, Қытай, Ресей әскерлерімен бірлесе тұрақты оқу-жаттығулар өткізіп жүрміз.

– Жастарды отансүйгіштік­ке тәрбиелеуде нендей тетіктер тиімді дей алар едіңіз?

– Отанды сүю дегенді үнемі күн тәртібінде ұстағанымыз абзал. Негізінен патриотизм өзің­нің отбасыңнан басталады. Сен ата-анаңды қалай сүйсең, Отан да саған сондай ыстық болуы керек. Сен өзіңнің отбасыңды, туған жеріңді және өскен ор­таңды қалай қастерлесең, Отан да саған сондай қастерлі болуы тиіс. Өмір болғаннан кейін кейбір тұстарда әттеген-ай дейтін фактілер де бар шығар. Бірақ Қарулы Күштеріміздегі сардарлар мен сарбаздар, тіпті кейінгі жас­та­рымыз нағыз патриоттар деп ой­лаймын. Дегенмен де бұл мәсе­лені үнемі назарда ұстаған жөн.

– Әскери кадрларды даярлауда қаншалықты өмір кө­шіне ілесе алдық?

– Кеңестер Одағы күйреген­нен кейін бізде жалғыз әскери училище қалды. Соны біз институт етіп құрып, артынан академия жасадық. Қазір сол әскери оқу орны Бурабай демалыс ай­ма­ғында (Ақмола облысы) орын тепкен. Шешім маған дейін қабылданған. Академия деген жоғары лауазымды офицерлерді дайындайтын жоғары оқу орны болғандықтан, оны орманның ор­тасына орналастырған орын­сыз екенін Елбасыға айттым. Офицерлер мәдени әрі рухани жағынан дамуы керектігін ескерсек, оған Астана немесе Алматы сияқты орта қажет екені анық. Олардың шетелдік әріп­тестерімен кездесіп тұруы, теа­тр­ларға баруы және өзге де құн­дылықтармен сусындауы – уақыт талабы. Естуімше, қазір академия ғимараты басқа жерде салынып жатқан көрінеді.

Біз өзіміздің әскерилерімізді Ресейде оқыттық. Ал біліктілерін елімізге шақырсақ, олар құ­пиялықты алға тартып, дәріс оқу­ға құқықтары жоқ екенін ай­та­ды. Не керек, зейнетке шық­қан генералдар мен адмирал­дар­дың лекцияларын жазып алып, оқытуға тура келді. Қытай Ха­л­­ық Республикасындағы әріп­­тесім­­мен келісіп, әскерилері­мізді солардың академиясында оқыт­тық. Түріктермен, аме­рика­лық­тар­мен және өзге де елдермен ке­лісе отырып, ма­мандары­мыз­ды оқытуға мүм­кіндік ал­дық. Бір елмен тұй­ықталып қа­луға болмайды, оқумен бірге әскери техника да әр елден сатып алынуы шарт.

Одақ кезінде училищені бітірген әскерилер алдымен Мәс­кеудегі Фрунзе атындағы ака­де­мияны бітіріп, содан кейін ба­рып Жуков атындағы Бас штаб академиясына барушы еді. Соң­ғысы ең жоғары әскери оқу ор­ны саналады. Содан кейін барып жоғары әскери лауазымға та­ғай­ын­далады. Біз Ресей тарабына 1800-ге тарта түлегімізді оқуға жіберетінбіз. Соның бір-екеуі Бас штаб академиясына бағыт­талатын. Солтүстік көрші­лері­міздегі әскери оқу қымбатқа түс­ті. Елбасы сол тұстағы Ресей пре­зиденті В.Путинмен бір жо­лыққанында делегация құрамы­мен жалпы отырыс болып өтті. Сонда кімде қандай сұрақ бар, деп сұрады. Мен Путинге бір әскери шарт ұйымында жүріп, жауымыз ортақ бола тұра, әске­рилеріміздің әр түрлі бағдар­ла­мамен оқытылатынын көлденең тарттым. Оның үстіне жаңадан тәуелсіздігін алған елге оқыту бағасы тым қымбатқа түсетінін де жасырмадым. Путин «Қазақ­стандық офицерлерді оқыту ер­теңге салған инвестиция», дей келіп, бір бағдарлама аясында оқыту қажеттігін, сондықтан оқу бағасының арзан болуы ту­ралы тапсырма берді. Алайда әс­керилер құпиялықты алға тар­тып, ол тапсырманы болдыртпай тастады. Сондықтан аса қажет радиоэлектроника оқу орнын аштық. Меніңше, көп оқу орнын аша берудің қажеті де шамалы. Одан да сол саладағы оқу орнын бітірген түлектерді әскери қыз­метке тартқан әлдеқайда тиімді болмақ.

– Қазіргі кезде әскерге ша­қырылатындар арасында ден­саулығы әскери қызметке сай келмейтіндер көбейіп кеткен сияқты. Оның себебі неде деп ойлайсыз?

– Біраз жастарымыз ден­сау­лығы бойынша әскерге жарам­сыз. Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында денсаулық сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлін­ген. Негізінен адам денсаулығын өмірге келген күннен бастап қа­лып­тастырған орынды. Біздің бо­ла­шағымыз – жастар. Осыны қа­пер­ден ешқашан шығармаған жөн.

– Бауыржан Момышұлы сияқты даңқты батырлары­мыз­дың тәлімдері кейбір елдерде дәріс ретінде оқы­ты­латын көрінеді. Бізде аға ұр­пақтың тәлім-тәрбиесі қалай жүзеге асырылуда?

– Бауыржан Момышұлы со­ғыс бітер, бітпестен Мәскеуде Бас штаб-академиясында мұға­лім болды. Полковник, азиат, оның ішінде қазақ соғысты жүр­гізу тактикасы бойынша генерал, армия генералы шеніндегі әскери жоғары лауазым иелеріне сабақ берді. Жалпы, дамыған елдер озық деген әскери тәсілдерді жан-жақты меңгеруге көшкелі қашан. Кеңес Одағы тараған тұс­та қаншама білікті мамандар шетелдіктердің арбауында кетті. Біз де тарихымыздағы соғыс өне­рі­мізді зерттей отырып, қа­зір­гі заманғы соғыс тәсілдерін барынша жан-жақты саралауы­мыз керек. Міне, сонда  



Скачать