Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің аграрлық саясаты
Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің аграрлық саясаты1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Отарлаудың осы әскери — әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды: - Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру. - Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу. - Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады. 1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Реформа нәтижесі. 1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 4) Отарлық басқару күшейді. 5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды. 1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана — 5, Самарканд — 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды. Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі — әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты. Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды. Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді. 1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды. Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді. Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды. Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс Скачать |