ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА


ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА

 

ХVІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саясаты күрделене түсті. Солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекеті, шығыстан – жоңғарлар, оңтүстіктен – ортаазиялық хандықтардың саяси қысымы күшейді.

1731 жылдың 19 ақпанында Анна Иоанновна патшайым Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Кіші жүзді Ресей бодандығына алу туралы грамотаға қол қойды. Осы жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан елу алты адаммен Ресеймен келісімге қол қойды. 1740 жылы Орынборда Кіші жүз бен Орта жүздің старшындары мен сұлтандарының сиезі өтіп, Ресей бодандығының алғашқы нәтижелері қорытындыланды. Сиезге қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстанды жоңғарлардың шабуылдарынан қорғап қалу үшін Ресеймен келісімге келу керек деген пікірлер айтты. Осы жылы Кіші және Орта жүздің бір бөлігінің сұлтандары мен старшындар тобы Ресей бодандығына ант берді.

ХVІІІ ғасырдың ортасында Орта жүз бен Ұлы жүздің сыртқы саяси жағдайы күрделене түсті. 1771 жылы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Иассауи мазарында ақ киізге көтеріп хан сайланғаннан кейін Абылай хан Ресей, Қытай және ортаазиялық әміршелер арасында тиімді саясат жүргізді. Абылай хан Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі үшін күресті. Патша үкіметі ұсынған хан лауазымынан және тіпті Екатерина ІІ хан етіп сайланғаннан кейін де Петропавлда Ресейге ант беруден бас тартып, патша үкіметі ұсынған сыйларды да алмады.

ХІХ ғасырда Ресей империясы қазақ жерлерін түбегейлі отырлауға кірісті. Ресей империясының Қазақстанды отырлау саясаты мынадай бағыттарда жүргізілді:

–       Қазақ мемлекетінің негізгі белгілерін;

–       Қазақ жеріндегі әскери отаршылдық және казактардың патшаның отаршылдық және әскери тірегі рөлінің өсуі;

–       Қазақстанның Каспий теңізінен Ертіске дейінгі, Есіл мен Тобылдан Арал теңізі, Сырдария мен Жетісуға дейінгі аумағын айналдыра салған жаңа қалалар, қамалдар, бекіністердің бой көтеруі;

–       Қазақ қоғамындағы барлық әлеуметтік топтардың құқығына шек қойылуы, бұл кейібр хан, сұлтан, билерді орыс әкімшілігінің ең төменгі топтағы шенеуніктеріне айналдырды; мұндай жағдаймен келіспегендер жазалау шараларына ұшырады.

ХІХ ғасырдың 60 жылдары Түркістан, Шымкент, Алматы және Ұлы жүз аумағындағы басқа да қалалар мен мекендерді ашық түрде басып алу Қазақстанды Ресейге бағындыру процесін аяқтады. Қазақ жерлері Ресей меншігіне айналды.

 


Скачать