Қазақ


Қазақ

 

«Қазақ» сөзінің шығуы жөнінде көптеген пікірлер бар. Ғалымдар бұл атауды көбінесе «еркін» сөзімен байланыстырады. «Қазақ» сөзі тарихи жазбаларда алғаш рет ХІІІ ғасырда қолданылған. Қазақ атауымен мемлекет ретінде белгілі болуы ХV ғасырға келеді. 1456 жылы Керей хан мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңіріндегі Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүруі ХІХ ғасырдың І жартысына дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде қазақ халқы Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын құрайды. Қазақтар, сонымен қатар, Қытайда, Өзбекстанда, Ресейде үлкен диаспора болса, Азия, Еуропа  елдерінде де бар.

 


Скачать