ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Американың тарих ғылымы


ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Американың тарих ғылымы

 

Сабақтың мақсаты: ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Американың тарихи ғылымының жағдайын аңықтау және бұл кезеңін тарихнаманың дамуындағы орнын аңықтау.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

1  ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Американың дамуының жалпы сипаттамасы

2  Тарих ғылымының жетістіктер және дамуының негізгі бағыттары.

3  Дағдарыс құбылыстардың әлеуметтік-саяси және гносеологиялық алғы шарттары.

 

Француз зерттеушілерінің позитивистік тарихнаманы сынаулары 1890- жылдардан басталды, 1920 жылдығының бірнеше онжылдығында бұл сынаулардан тұтас позитивистік программа құрылған емес.  ХХ ғасырдың басында антипозитивистік орталықтың негізі ретінде Эмиль Дюрггеймнің (1858 – 1917) әлеуметтік мектебі болды, ол «Социологический ежегодник» және «Международный центр синтеза» деген журналдар басып шығарған, ол Анри Берромен (1863 – 1954)  «Обозрение исторического синтеза» деген журналымен бірлесіп шығарды. Бұл мектептер позитивизмнің фактографиясына, иррационализм мен спиритуализмге қарсы шықты.

Беррдың ойынша, тарихи синтезге шақырулар тарихқа деген тәжірибедегі іс өимылдармен бірдей, болашаққа ретроспективті түрде болды. Дюркгеймнің жақтастары тарих және әлеуметтану бірлігі үшін шыға бастады, себебі, тарих әлеуметтану қорытындылары үшін негізгі матриалдары болып есептелінді.

Позитивистік тарихнаманың критиктері болып жатқан жағдайларға әсер ететін терең факторлар болады деп есептеген.

ХХ ғасырдың басында француз тарихнамасында негізгорынды саяси тарих және идея тарихы (саяси- құқықтық, административтік, дипломатиялық және әскери тарих мамандықтарымен) алды. Әлеуметтанудың ықпалымен экономикалық және әлеуметтану тарихы қалыптаса бастады. Зерттеудің дәстүрлі кеңістігі кеңейе бастады, және Жерторта теңізінің бассейні мемлекеттерінің тарихымен жұмыс істеуде, Африка, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің тарихы қызықтыра бастады. Студент тарихшылардан ұйымдар құрылды және Париж университетінің құрамына Хартия ұлттық мектебі, Жоғары орта мектебі, Әлеуметтік білімдердің практикалық мектебі кірді. ХХ ғасырдың басында Францияның жаңа тарихын зерттеу бірнеше түрлі  профессионалды тарих ұйымдарымен бөлінді, олар мемлекеттегі тарихтың негізгі кезеңдері мен проблемаларын зерттеумен болды, «Общество исследования эпохи Рабле» және «Шестнадцатый век» атты журналадары, қоғам және бюллетеньдері «История французского протестантизма», общество и журнал «Восемнадцатый век», сонымен қатар, қоғам және журналдар «Французская революция», «Политические науки», «История французских колоний» болса, «Военная история» және «История экономических и социальных доктрин» атты журналдары болды. Бұл журналдар өздерінің ғылыми программаларымен зерттеушілік мектептердің өмірге келуіне ықпал етті. Мемлекетте сонымен қатар, көптеген жергілікті тарихи қоғамдардың беделі түсе бастады. 1830, 1848, 1870 – 1871 жылдардағы француз революциясына қатысты құжаттар және осы проблемаға байланысты монографиялар шыға бастады.

Француз тарихшыларына қатысты саяси көзқарастарды көбінесе француз тарихы ғылымында либералды- республикалық бағыттағы тарихшылар білдірді. Олар консервативті бағыттағы тарихшылармен қарсыласты, бұл тарихшылардың айтуынша, тарих ғылымға емес, керісінше өнерге және әдебиетке жақын деді. Оңды көзұарастардағы тарихшылар өздерінің трактаттарында Францияның атағын шығарған  Бірінші империя кезіндегі, Наполеонның беделдігіне өте үлкен мән берген. 1912  жылы оңды көзқарастардағы тарихшылар наполеое кезеңінің тарихын зерттеуге  қатысты  Қоғам құрды.Осы кездегі ірі мамандардың бірі Альбер Вандаль (1853 – 1910) болды.

Радикалды-демократиялық және әлеуметтік бағыттағы тарихшылар өздерінің саяси көзқарастары бойынша тематикамен айналысты. 1907 жылы демократияға жақын тарихшы Альбер Матьез (1874 – 1932), робеспьеризмді зерттейтін Қоғам құрды, «Анналы французской революции» атты журнал шығарды.

ХVІІІ ғасырдың аяғындағы революцияны зерттеудегі жұмыстарды мемлекеттегі әлеуметтік қозғалыстың бір басшысы Жан Жорес (1859 – 1914) еді. Ол көптомды «Социалистической истории 1789 – 1900 гг.» деген еңбекті шығарды.

Француз тарихнамасында кезеңде француз тарихын зерттеп оған баға беруде, көптеген жетістіктермен бірге, субъективті жақ көп болды, мәселен, консерватизмді субъектизм солшыл либералды ссубъектизммен қарсыласты.  Үшінші республикадағы тарихи сана белгілі тарихшылармен бірге буржуазиялық республиканизм түрінде қалыптасты, олар реформизмді жандандырып, монархизм және социализмге қарсы тұрды.

Тарих ғылымы Университетінің, мектептегі білімнің, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы тәрбиеші, әрі ірі ұйымдастырушысы Эрнест Лависс (1842 – 1922) болды, ол А. Рембомен бірге 12- томдық «Всеобщую историю» еңбекті шығарған, сонымен қатар, 1884 – 1950 жылдары  миллиондаған басылымдарымен  бастауыш сыныптарға Франция тарихына байланысты кітаптар шығарған.

Мектепке арнаған еңбегінде отанына деген патриотизмін көрсетіп жазады, ал республика деген барлық Франция тарихының қорытындысы деп есептейді.

Лависс кітабын жасырын есіммен Пьер Лалуа (la loi по – французша – «құқық») басып шығарады. Оның айтуынша, революцияларды айтқанда, олар өткенге қажет болды, бірақ Үшінші республика тұсында олардың қажеттліктері түсіп қалды.

ХХ ғасырдың басына таман Ұлыбританияда тарихи білімнің мамандану үрдісі жалғасын тапты. 1917 жылы Оксфордта және  1920 жылы  Кембриджде тарихи мәселелер бойынша диссертациялар дайындаған университет бітірушілеріне берілетін философия докторлары ғылыми дәрежесі тағайындалды.  1921 жылы  Лондонда алғашқы басшысы  А. Поллард болған, тарихшы мамандығын жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ретіндегі тарихи зерттеулер Институты ашылды.     уақытылы жүйеге айналған, бірінші ағылшындық – американдық конференциясы өтті.   1930 – жылдары тарихи зерттеулердің лондондық Институты «Графтықтардың викториандық тарихы» атты көп томдық кітапты шығаруды басшылыққа алды. Корольдік тарихи қоғам өз қызметін  жалғастырды.  1918 жылы онда мұрағат құжаттарын жариялаумен және дықкомитет құрылды.   1921 жылдан бастап  британдық сыртқы саясат тарихы бойынша құжаттар баспаға шыға бастады. 1937 жылдан бастап 1900 жылдан кейінгі кезеңді қамтыған британ тарихының библиографиясы жүйелі түрде шыға бастады. Елде 1930 жылдары мүшелер саны – 4.5 мыңға  жеткен тарихшылар ассоциациясы жұмыс істеді. Ол жыл сайын шығатын тарихи әдебиеттің  «Тарих» атты шағын  журналын шығарды.   Аймақтық тарихты зерттеу кеңейе бастады, және бұл үшін жергілікті мұрағаттық және антикварлық қоғамдар мен графтықтар мұрағаттар қызметін үйлестіретін аймақтық тарих бойынша комитет құрылды.   1932 жылы Британдық мұрағат ассоциациясы құрылып, «Мұрағаттар» журналы шыға бастады. 1924 жылы ақпараттық қамсыздандыру бойынша кітапханалық Ассоциация құрылды(«Аслиб» қызметі).

Тарихи ғылымда ары қарай ұйымдасқан түрде мамандану жүрді.  1930 – жылдары оқу орындарында ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихының жеке кафедралары құрыла бастады. Бұл тағы да жаңа тарихтың дербес академиялық пәнге айналуымен байланысты болды.    XIX – XX ғғ. Шетелдік елдерде университеттер саны өсе бастады, және Манчестрде, Лидсада, Бирмингемде, Шеффилда және басқа да қалаларда «қызылкірпіштілер» деп аталатын қалалық университетер пайда болды. Тарихтан сабақ беретін оқытушылар санының өскені байқалды, 1900 жылы олардың саны 30-ға жуық, ал 1939 жылы 400-ге жетті.

Тарихи ғылымның теориялық – методологиялық негізінде британ тарихнамасында бастаушы таным әдісі тарихы үрдісте өзінің себеп – салдарлық  байланыстарын орнатудағы  мақсаттарын шектеген және жалпы әлеуметтік заңдарды жариялауға ұмтылған континенттік позитивизмге қарсы шыққан британдық нұсқадағы позитифизм болды.  Мұндай позицияны тарихшылардың Кембридждік мектебін құрушылардың бірі, Джон Бьюри (1861 – 1927) болды. Бьюри қоғамның дамуында материалдық және әлеуметтік факторлардың әсерін ескере отырып, тарих барысына дербес еркіндікті анықтау әсерін басып айтып, психологиялық салада тарихи үрдіске айқындаушы әсерді іздеді.  Бьюри жаңа тарихты зерттеуге мән беріп,  ХІХ ғ. аяғынан бастап жаңа тарих кезеңін  ерекше бөліп көрсету керектігін айтты. Тарихшылардың академиялық қауымдастығының басты мәселесі «оның өзі үшін» тарихын зерттеу қажеттілігін түсіну болды және тарихтағы жекелік пен біріңғайлылықты зерттеуге шешуші мән берілді. Тарихта жаратылыстану ғылымдарына тән әдістерді қолдану мүмкін емес деп саналды. Тарихты осылай түсіну тарихты ғылыман гөрі әдебиет пен өнерге жақындатты. Позитивизм бағыты британ тарихшылары ортасында, демек, неокантиандық көзқараспен сай келді.

1930 – 40 – жж. Британ тарихнамасының теориялық – методологиялық ізденістерінде А. Дж. Тойнби және Р. Дж. Коллингвуд идеялары орын алды.  1934 жылы Ұлыбританияда  Арнольда Джозефа Тойнбидің (1889 – 1975) «Постижение истории» атты 12 томдық шығармасының алғашқы кітабы шықты. Ол антика, халықаралық қатынастар тарихымен айналысты, Париж бейбіт конференциясы жұмысында британ делегациясы құрамында қатысты, Лондон университетінің саясат және экономика мектебінде халықаралық қатынастар тарихынан сабақ берді.  1926 жылдан бастап халықаралық қатынастардың Корольдық институтын басқарып, 30 жыл бойы оның директоры болды. Әлемд 



Скачать